Өлең, жыр, ақындар

Ү дыбысы мен әрпі

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Келдімұрат ауылы,
«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі» КММ-нің
Бастауыш сынып мұғалімі: Омарова Омет Айтмурзаевна

Мақсаты:

1. Оқушыларды ү дыбысы бар сөздерді буынға бөліп оқыту, өлеңді оқуға жаттықтыру; ойын дұрыс айтуға үйрету.

2. Сөздік қорларын дамыту;

3. Ұқыптылыққа баулу.

Көрнекілігі: әріптер,буындар,суреттер.

Әдіс-тәсілдері: көрсету, ойын, сұрақ-жауап,оқыту,жазбаша.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.                  

Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем беріп сіздерге
Бас иеміз біз.

2. Жаңа сабақ.

1. Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? ү

Ү дыбысы қандай дыбыс? дауысты

Мысал келтіреміз.

Сөздің қай жерінде кездеседі? басында, ортасында

Үш      күріш     түлкі       жүрек       үйрек

2. Оқулықпен жұмыс.

Сөздерді оқыту

Өлеңді оқыту «Кім кінәлі?»

Жатқа сұрау.

3. Ойын «Буынға буын қос».

Күл, кі, үй, рек, түл, кі, үс, тел, үш, кір

4. Жұмбақ шешу.

-Табаны суды сүйеді,
Қабағы күнге күйеді.(күріш)

-Түскенде салқын күз,
Жинадық талтын тіс.(жүгері)

- Өзі айлакер,өзі қу,
Жүрген жері айғай да шу. (түлкі)

5. Сергіту сәті.

Аспанға қарап ай көрдім,
Төменге қарап жер көрдім.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім!

6. Дәптермен жұмыс.

Әріпті жаздырту.

Сөздерді жаздырту:күн,үш.

Сөйлем жазу: Үкі түнде ұшады.

7. Ойын «Сөз ойла, тез ойла».

Буындарды көрсету.

Өр(кеш), (көр)ші, бөл(ме), үй(рек), кү(шік), түй(ме)

Ойын «Жоғалған әріпті тап».

Ж...зік,қарлығ...ш,к...ріш,...кі,...стел

8. Сабақты қорытындылау:

- Сабақ сендерге ұнады ма?

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз