Эссе және өлең-жыр байқауы

Тарих сабақтарында «педагогикалық технологиялар – оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған оқыту мен тәрбиелеу әдіс-тәсілдерінің тиімді жүйесі»

«Қазығұрт» №66 жалпы орта мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
тарих пәні мұғалімі: Алия Сафарбековна Чигимбаева

Әлемде болып жатқан өзгерістердің кез-келгенін алып қарайтын болсақ, өте аз уақыт аралығында үлкен жетістіктерге қол жетіп отырғанын байқауға болады. Атап айтқанда ғылымның ғарыштық жылдамдықпен дамуы, ХХ ғасырдың бірінші жартысында адам ойының өнімі ретінде қаралатын соңғы жаңалықтар т.с.с Дәл осындай қарқынмен дамып жатқан әлемдік білім саласының маңызды екі мәселесі: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?»

1. Жалпы орта білім беруде оқушылардың сапалы көрсеткіштерін жақсарту мақсатында соңғы әлемдік педагогикалық әдіс-тәсілдерді мектептің жоспарына енгізуі.
2. Оқушының тақырыпты меңгеруіне ізденіс арттырудың тиімді тәсілдерін қалыптастыру.

Оқушылардың алған білімдерін игеріп ғана қоймай, оларды орынды жерінде дұрыс қолдана білуіне басты назар аударылып отыр.

Сабақты жаңашыл үрдіспен өткізу оқушылардың білім сапасын арттырып,  олардың шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамытып отырады, ал педагогтар үшін кәсіби шеберліктерінің өсуіне жәрдемдеседі. Мектепте жұмыс атқаратын әрбір мұғалімнің алдына қазіргі таңда қойылатын талап өте үлкен. Мұғалім өзінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру және өз тәжірибесінде қолдану барысында әрбір мұғалім өз сабағын нәтижелі даму жағынан көре алады.

Жас ұрпақтың саналы да, сапалы білім алуының бірден-бір шарты: мұғалімнің ізденімпаз болуы. Сондықтан сабақты жаңаша құрып, инновациялық түрлі тәсілдерді, білімдерді жетілдіре отырып оны дер кезінде қабылдап өңдеп нәтижелі пайдалана білу әрбір мұғалімнің міндеті болуы керек. «Сыни тұрғысынан ойлауға үйрету» модулі негізінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, жұптық және ұжымдық бірлесіп жұмыс жасауға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Ең бастысы - оқушының білімін, тереңдігі мен тиянақтылығын арттырады. Әрине барлық мұғалім өз сабағында оқушылардың қызығушылық деңгейін сақтап қалу үшін оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық - педагогикалық технологияларды қолданады. Бірақ бұл технологиялардың бәрін бір пән сабағында қамту мүмкін емес, демек мектептегі әрбір пәнді ұтымды меңгертуде оқыту технологиясын таңдап іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының технологияны қабылдауы, оған деген ынтасының артуы үшін мұғалім тарапынан іске асырылады және оған баса назар аудару тиіс.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен өмірге келген функционалдық сауаттылықтың мақсаты - оқушылардың білімдерін өмірде тиімді қолдануға үйрету. Функционалдық сауаттылық дегеніміз - адамдардың әлеуметтік мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы бүгінгі жаһандану дәуірінде, заман ағымына қарамай ілесіп отыруы, үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Оқушыға халықтың қоғамдық өмірін, арман мүддесін таныту, оларға идеялық - саяси рухани-адамгершілік, этикалық - эстетикалық тәрбие беру, дүниеге көзқарасын, мінезін жалпы мәдениетін қалыптастыру тарих пәнінің басты міндеті болып табылады.

Тарих сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру тетіктерін зерделеу арқылы оқытудың озық технологияларын тиімді пайдаланып, сапалы білім беру, өмірге бейім тұлға тәрбиелеу. Сын тұрғысынан ойлауды дамытуды тарих пәнін оқытуда қолдану және оқушы білімін тереңдету мен сабақты шығармашылық ізденіспен меңгеруге әсерін тигізеді. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.                                                                  

Бірінші кезең - қызығушылықты ояту кезеңі. Бұл кезеңде оқушының тақырып туралы білетіндігі анықталады, белсенділігі артады, оқушыларды сабаққа технологиялық тұрғыдан дайындай отырып қызығушылық тарын ояту стратегияларының бірін қолданып сабаққа тарту.

Екінші кезең - мағынаны ашу кезеңі. Оқушы жаңа ақпараты бұрынғы білімімен ұштастыра түседі. Бұл кезеңді іске асыру үшін бірнеше тәсілдер бар. Олар - болжау кестесі, ойлан, жұптас, ортаға сал, сұрақ қоя білу, өзара оқыту т.б. осы тәсілдерді қолдану кезеңінде ең тамаша кезеңге, яғни оқушының өздігінен білім алу, шығармашылық іс-әрекетінің оянуы, бір сөзбен айтқанда өзіндік еңбек ету кезеңіне айналдырады.

Үшінші кезең - ой-толғаныс яғни рефлексия білім алудың қорытындылау кезеңі. Оқушылар сабақ бойы алған білімдерін, түсініктерін өз сөздерімен баяндап бере алатын, жаңа білімдерін көрсете алатын кезең.Күнделікті оқыту үрдісінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне басқаға сын көзбен қарау, баға беру назардан тыс қалып жатады. Бұл кезеңде оқушыларға «Тарихи диктант», «Венн диаграммасы», «Даталар сөйлейді» т.б. осы сияқты стратегиялар әр бірімен ой алмастыруын қамтамасыз етеді. Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы қолданылған сабақтың нәтижесі төмендегідей болады.

Мұғалімнің мақсаты

Сабақтың нәтижелілігі

    Оқушыға жаңа сабақты өз бетінше меңгерту

Қосымша әдебиеттермен жұмыс жасау

Топпен жұмыс жасауға үйрету

Қарым-қатынас үйренуі

Бір-бірін шынайы бағалауға тәрбиелеу

Басқаларды тыңдай білуі

Сабақтың тәрбиелік әсерін жеткізу

Белсенділігің артуы

Өз көзқарасын қалыптастыру

Өз ойын тұжырымдай білуі

 

ХХІ ғасырдың жан-жақты, зерделі, дарынды адамдарын қалыптастыруда білім беру мәселесі, оның оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, жаңа талаптар қойылуда. Соған орай  ұстаздардың алдында тұрған міндет:табысты және әрекетке дайын қабілетті, әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру.Ол үшін баланы субъект ретінде қарап, оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу керек. Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы жүзеге асады. Жоғарыда айтып кеткендей, мұғалім бағыт беруші, ұйымдастырушы. Осы мақсатқа мен өз сабағымда Блум таксономиясы  бір ізбен реттелген мақсаттар жүйесі арқылы оқушылардың білім деңгейлерін жетілдіріп, шығармашылық деңгейге жетуді ұсынады.

 

Мақсаттар жүйесі

Оқушылардың когнитивтік іс-әрекеті

Білу

Оқушы меңгеретін және берілетін білім негіздері

Түсіну

Оқушы білімді қабылдайды, түсінеді, түсіндіреді

Қолдану

Алған білімді қолданады

Талдау

Білімді жай қабылдамайды, талдамайды, саралайды, салыстырады

Жинақтау

Алған білімнен жаңа өнім жасап шығарады

Бағалау (сыни өзіндік пікір)

Өз пікірін білдіреді, сынайды, жоққа шығарады, не мақұлдамайды

  

Біліктілігі

Оқушының іс-әрекеті

Білу

Тәуке хан қай ханның баласы, қай жылдары билік етті? Жеті жарғы дегеніміз не?

Түсіну

Сызбаға Тәуке хан жайлы білгеніңді жаз. Берілген мәтінді түсініп оқы.

Қолдану

Мәтін бойынша тапсырмаларды орындау (топпен жұмыс) Тәуке хан тұсындағы ішкі және сыртқы саяси жағдай қандай болды?

Талдау

Сөздікпен  жұмыс: «хандық кеңес», «жеті жарғы» т.б.

Жинақтау

Тәуке ханның суреті бойынша әңгіме жүргізу. Постер қорғау.

Бағалау 

Шағын эссе жазу

 

Қайталау сабақтарында оқушылардың өткен тақырыпты толық меңгергенін білу үшін оқушыларды баяндаушы, сынаушы, талдаушы, сұрақ құрастырушы деп бөліп тапсырмалар беремін. Оқушылар өздері талдап, өздері бір-бірін бағалауға мүмкіндік алады. Баяндаушы әңгімені мазмұндайды, сынаушы баяндаушының жіберілген қателерін айтады, талдаушы баяндаушының жақсы жақтарын айтып, қорғап шығу керек, сұрақ құрастырушы сұрақтар даярлайды.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 2012 ж
2. Заманауи білім беру жүйесі; идеялар, тәжірибелер, ізденістер ОҚО бойынша «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы 2014 ж


Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз