Өлең, жыр, ақындар

Абай Құнанбаевтың «Жаз», «Күз» өлеңдері

ОҚО, Ордабасы ауданы, Ұялыжар ауылы
Абай атындағы жалпы орта мектебі
Маемер Сәуле Қалыбайқызы

Ашық сабақ
Әдебиет, 10 сынып

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаевтың «Жаз», «Күз» өлеңдері.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: «Жаз», «Күз» өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын ұғындыру. 
2. Дамытушылық: мәнерлеп оқуға дағдыландыру өлең құрылысына талдауға үйрету. 
3. Тәрбиелік: Абай бойындағы адами қасиеттерден үлгі-өнеге алуға шақыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдістері: РМСТ стратегиясының технологияларын пайдалану.

1. Топтастыру.
2 .Сергіту.
3. «Венн диаграммасы».
4. Ой қозғау.
5. Постер.
6. Зерттеу.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, аудио таспа.

Сабақтың барысы: оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушыларды топқа бөлу, топ ережесін сақтау.

Үй тапсырмасын сұрау.

1. Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы
2. Өтілген тақырып бойынша сұрақтар қою.

Жаңа сабақ

Абай Құнанбаевтың «Жаз», «Күз» өлеңі.

Сабақтың эпиграфы:

Асыл сөзді іздесең,
Абай оқы ерінбе!
Адамдықты іздесең,
Жаттап тоқы көңілге.

«Жаз», «Күз», «Қыс» - Абайдың 1890ж. жазған өлеңдері.

Абайдың табиғат лирикасы өз алдына бір сала. Табиғат - адам өмір сүрер, тіршілік етер орта. Онысыз өмір жоқ. Міне, осы табиғат көріністерін, қазақ даласындағы өмірді,тұрмыс-халді сүреттеуге Абайдың көптеген өлеңдері арналған. Абайдан бұрын табиғат көрінісін мұншалықты шебер, терең һәм жан-жақты жырлаған ақын болған емес.

Абай әсіресе, жылдың төрт мезгілі туралы жазған өлеңдері бейнеті мен азабы мол мал баққан шаруаны баянсыз,көшпелі ауылдың,ескі қоғамдық қарым-қатынасыз кейбір күңгірт белгілерін анық, қанық бояумен көрсететін, өз дәуірінің айнасы боларлық сұлу шығармалар.

Табиғат лирикасы - Абайды ұлы талантын, биік мәдениетін танытатын өлеңдер. Абайдың дүниежүзілік озық поэиядан алған тағы бір үлесі-табиғат лирикасы. Табиғат адам баласының еңбек етіп өмір сүретін ортасы. Абайдың жылдың төрт мезгілі жайлы өлеңдері 1886-1890жылдары жазылған. Абай - лирик ақын оның өлеңдерінде табиғат пен адам тіршілігі ұштастып, сырлы сезім, асқақ ой, ауыл тіршілігі қатар жүреді. Абайдың қай өлеңін алсақта тұнып-тұрған философиялық ойға арқау етілген. Сонымен қатар ақын өлеңдерінде көркем сөз, бейнелеу, астарлау басымырақ, мұның себебі баяндаушының ой мен сезімі ұштасуынан туады.

Абайдың бұл тақырыптағы тұнғыш өлеңі 1886 жылы жазылған «Жаз» - өлеңі. Абайдың - ақындық мәдениеті іріленген шебер өнер иесі.

Құбылту немесе троп грекше tropog-иін – иірім сөздерде тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану шындықты бейнелеп, кейде тіпті пернелеп, тінту, ойды өзгертіп, кейде тіпті өңін айналдыра айту

Топтастыру

І-топ Табиғатты суреттеудегі жаңаша ізденістері қай өлеңінде көрінеді?

ІІ топ Абай қара сөздерінің тәрбиелік мәні неде?

ІІІ топ Абайдың бір өлеңін жатқа айту.

«Жыл мезгілдері »туралы өлеңдерін мәнерлеп оқу

Постер қорғау

«Күн шуағы» әдісі бойынша «Нағыз азамат» туралы білімдерін көрсету.

Венн  диаграммасы.

Ой қозғау.

Қорытындылау.

Бағалау.

Үйге тапсырма:

1. «Жаз», «Күз» өлеңдерін жаттау.

2  «Абай өлеңдері туралы ойларым» шағын эссе жазу.

 

 


Пікірлер (3)

Сейлбек Сымбат

Өте керемет маған ұнады

Сейлбек Сымбат

Маған ұнады алғысым шексіз

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз