Өлең, жыр, ақындар

Жапырақ. Күзде жапырақ неге сарғаяды?

Жаңаөзен қаласы,  №12 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Джанжигитова Райса

Сабақ тақырыбы: Жапырақ. Күзде жапырақ неге сарғаяды?

Сабақ мақсаты:

1. Өсімдік мүшелерінің  ішінде жапырақтың атқаратын қызметі, түрлері жайында мағлұмат беру.

2. Қосымша тапсырмалар, ребусты шешу арқылы ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту, танымдық белсенділігін арттыру, өздіктерінен жұмыс істеп, қорытынды шығаруға машықтандыру .

3. Еңбексүйгіштікке, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Көрнекілік: бөлме өсімдіктері, ребустар, жапырақтар, слайд.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, топпен жұмыс, топтастыру, тестпен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, бейнелеу өнері, еңбекке баулу.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Психологиялық дайындық.

-    Бізге тамақ не үшін керек?
-    Үлкен болып өсу үшін!
-    Жарық бізге не үшін қажет?
-    Айналаны көру үшін!
-    Су бізге не үшін қажет?
-    Сусынымыз қану үшін!
-    Ауа бізге не үшін қажет?
-    Демалуымыз үшін!
-    Ия, балалар, таза ауа көп болу үшін біз не істеуіміз керек деп ойлайсыңдар?
-    Ағаш көп отырғызуымыз керек..............
-    Ия, өсімдіктер көп  болу керек. Біздің өтіп жатқан тарауымыз да Өсімді – тірі ағза. Өсімдік мүшелерін атаңызшы
-    Тамыр, сабақ, жапырақ, гүл.

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау.  Қатар қайталау. 3 топ Тараудың әр тақырыптың түйіндемесін айтады.

- Дұрыс. Ал мына жұмбақты шешсек, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтаймыз.

Ешкім де жемейді,
Тәтті екен демейді?
Сарғайып піседі,
Үзіліп түседі, ол не?

ІУ. Жаңа сабақ.

- Ендеше, Мұзафар Әлімбаевтың мына өлең жолдарына назар аударайық.

Күзде жауын. Бұлт тұман.
Жапырақтар жауады
Сары құйын ұйтқыған.
Сапырады ауаны
Тапталады табанға
Судыр, судыр жапырақ.
Өрттей сары бояуға Малынғандай атырап.-деп ақын атамыз айтқандай,

Ақын жапырақтың қай мезгілдегі суреттеп отыр?

- Дұрыс. Күз.

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: жапырақтың атқаратын қызметі, түрлері, жапырақ, күзде неге сарғаятыны жайында білеміз.

мына жапырақтарға назар аударайық.

/Жапырақ түрлері/. http://itest.kz/lekciya_iv_tarau_zhapyraq_zhapyraqtyng_ishki_qurylysy

Суретте жапырақтар бірдей ме? Пішіндері қандай?
Қандай жапырақтары ине тәрізді? /Шырша, қайың, терек./
Жүрек тәрізді жапырақ қандай ағаштыкі? /Терек, қайын/
Сонымен өсімдікке сән беріп тұратын не? /Жапырақ/

- Балалар, қалай ойлайсыңдар, күзде жапырақ неге сарғаяды? /Жауаптар/

Ү. Интербелсенді тақтамен жұмыс. Сендердің ойларыңды тыңдадық. Енді мына видеофильмге назар аударайық. http://imektep.kz/osimdik-musheleri

ҮІ. Оқулықпен жұмыс.

- Сонымен балалар, өсімдіктің маңызды мүшесі жапырақ туралы оқиық.

Үзіп-үзіп оқыту.

Талдау.

Тірек-сызбамен жұмыс.

ҮІІ. Сергіту

ҮІІІ.  Дәптермен жұмыс

1/ Ортаға жапырақтың сіретін салып, жан-жағына қасиеттерін жазады.

2/ Ұйқас сөздерін пайдаланып жапырақ туралы өлең шығарады.

........................................болады,
........................................тұрады.
........................................сарғайды.
......................................................  .

ІХ. Бекіту.

Ойындар:   

1/ Артығын алып тастау. http://imektep.kz/osimdik-musheleri                     
2/ Бос орынды толтыру. http://imektep.kz/osimdik-musheleri
3/ Дұрыс бұрыс. http://imektep.kz/osimdik-musheleri

Х. Қорытынды.

- Не үйрендік?
- Не алдық?

ХІ. Бағалау.

ХІІ. Үйге тапсырма. Мәтіннің мазмұнын айту.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз