Өлең, жыр, ақындар

Екі таңбалы сандарды екі таңбалы санға жазбаша бөлу

Жаңаөзен қаласы,  №12 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Джанжигитова Райса

Математика 4-сынып.

Сабақ тақырыбы: Екі таңбалы сандарды екі таңбалы санға жазбаша бөлу.

Сабақ мақсаты: 

1. Оқушыларды екі таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілін үйрету;
2. Есте сақтау, ойлау және математикалық тілде дұрыс сөйлей білу қабілетін дамыту;
3. Балаларды ақыл-ой, еңбек тәрбиесіне баулу, пәнге деген сүйіспеншілігін ояту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдісі: түсіндіру, көрсету, өзіндік.

Көрнекілігі: қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер.

Сабақтың барысы:  І. Ұйымдастыру кезеңі.  Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу.

Психологиялық дайындық
Қолымда бар он саусақ
Бес саусағым қолдағы
Бес жұлдыздың тармағы
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой
Балалардың арманы.


I. Қызығушылықты ояту.

II. Үй тапсырмасын тексеру
«Бәйге жарыс» №7. 11-бет  /екі нұсқада/

320 × 470                        5200 × 34

430 × 380                        4100 × 220

2700 × 69                        92 × 2900

423 × 460                        350 × 890

ІІІ. «Ой қозғау»

Өткенді пысықтау: № 1 жаттығу бөліндінің мәні мен қалдығын ауызша есептеу.

4205:20=210 (қалд.5)              8102:90= 90(қалд.2)               7203:8=900(қалд.3)  

24050:80= 300 (қалд.50)          63008:10=6300 (қалд.8)                

IҮ. Мағынаны тану: Жаңа сабақ  /Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу/

Тапсырма. Мұғалім оқушыларға №2 мысалды шығарып, келтірілген ережені талқылауды сұрайды.

Оқулықпен жұмыс:

«Есепті дауыстап шығару» тәсілі Оқушылар №2 (а) мысалдың барлығын кезектеп дауыстап, түсіндіріп шығару керек.
- тапсырманы шығару, тексеру, ұпай санымен бағалау.

ә)

   294:98=3

   345:69=5

   276:46=6

   837:31=27

   420:84=5

   936:78=12

   558:18=31

   667:29=23

   16 692:52=321

   31 458:98=321

   12 456:24=519

   59 215:65=911

№3 ізденіске жетелейтін тапсырма.

Шешуі: (66+95) · 6=966 км  Жауабы:екі қаланың арасы 966 км.

тапсырманы шығару, тексеру, ұпай санымен бағалау.

№4 есепті шығар.

Күніне – бірдей бет

Шешуі: 255: (10+7) =15           15·10=150      15·7=105

Жауабы: Әр кітапта 150 бет, 105 бет бар.

тапсырманы шығару, тексеру, ұпай санымен бағалау

Сергіту. Логикалық есептер:
1. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар?
Жауабы: 4 мысық.
2. Үстел үстінде 3 стакан шие тұр. Марат 1 стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?
Жауабы: 3 стакан.
3. Екі бала шахматты 2 сағат ойнады. Олардың әрқайсы неше сағат ойнады?
Жауабы: 2 сағат.
4. Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы 3 жеңіл машина және 1 камазды кезіктіреді. Ауылға неше машина бара жатыр?
Жауабы: 1 ғана мотоцикл.
5. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады?
Жауабы: мұз болғанда.

№ 5

Мысалдар  тізбегін жалғастыр. /әр қатарға бір бағаннан орындайды/

   1560·17=26520

   26520-350=26170

   26170:5=5234

   5234+3325=8559

   8559:27=317

   1358:14=97

   97+926=1023

   1023·38=38874

   38874-10819=28055

   28055+1507=29562

   115668:36=3213

   3213+38955=42168

   42168:12=3514

   3514·18=63252

   63252+51486=114738

Тапсырманы шығару, тексеру, ұпай санымен бағалау

Өздік жұмыс./№6 жаттығуда ережені пайдаланып теңдеуді шешу./

Әр нұсқа екі теңдеуден шығарады.

240:а = 480 : 80                                х × 81 + 67 = 553

а × (288 – 190) = 392                      489 + с × 5 = 9614

Тапсырманы шығару, тексеру, ұпай санымен бағалау

ҮІІ. Бекіту. №8 берілген сандардың цифрларының қосындысы нешеге тең болатынын есептеу және шыққан санды 9-ға және 3-ке бөлу.

231=2+3+1=6    7887=7+8+8+7=30   624=6+2+4=12   34 281=3+4+2+8+1=18   378=3+7+8=18

Тапсырманы шығару, тексеру, ұпай санымен бағалау

Қорытындылау.

Бағалау.

Әр оқушы өзінің қасықтап жинаған білімін тексереді. Әр оқушы өзіне баға береді.
Ең көп жинаған – 5
Орташа жинаған – 4
Одан төмен жинаған – 3

ҮІІІ. Үйге тапсырма:   № 7. 13- бет.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер