Халық ауыз әдебиеті арқылы балалардың тілін дамыту

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы
Шыңғырлау ауылы
Шыңғырлау ауданы білім бөлімінің
"Бөбек" бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Тәрбиеші: Сатбаева Сания Беркиновна
 

Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде оларға жастайынан имандылық пен сауаттылық  қасиеттерді сіңіре білсек, тәрбиелесек, сонда ғана біз рухы дамыған, отанның гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз.                                                     Н.Ә.Назарбаев.

Қазақ ауыз әдебиеті - талай ғасырдан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына. Одан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың  ұлылығын танимыз. Халық ауыз әдебиетінен халқымыздың батырлық, ерлік тарихын көреміз.

Қазақ ауыз әдебиетінің негізгі түрлерінемақал-мәтелдер мен жұмбақтар, санамақтар мен ертегілер, жаңылтпаштар жатады. Бұлардың бәрі отанды сүюге, ерлікке, елін қорғауға тәрбиелейді; халық ауыз әдебиетінен сусындаған баланың тілі ұшқыр, ойы зерек, алғыр, қиялын шарықтатып тіл байлығын молайтады. Ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстыру үшін, алдымен оқылатын материалдың көлемін, мазмұнын жас ерекшелігіне байланысты анықталып алынады. Халық ауыз әдебиетімен таныстыру, арнайы өтілетін оқу қызметімен, сабақтан тыс жүргізілетін  ойын,еңбек жүмыстарында іске асады және де баланың сөздік қорын молайтып, әр сөздің мағынасын дұрыс түсініп, қолдана білуі көзделеді; бейнелі, көркем сөздерді қолдана білуге үйретеміз. Қиял дүниесінен тараған ғажайып оқиғалы ертегілер, батырлық жырлар.

Өмір тәжірибесінің қысқаша қортындысы мақал-мәтелдер. Ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар. Қиыннан қиылыстырылған жаңылтпаштар - бәрі де балабақшада бала тілінің дамуына әсері мол.

Халық ауыз әдебиетінің ең бір саласы – ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу, сызу болмаған кезінде-ақ туған. Бұларды халқымыз  күні бүгінге дейін ұрпақтан ұрпаққа ауызша жеткізіп келеді. Балалардың тілін дамытуда ертегілерді әңгімелеу, оны кейіптендіру, баланы сөйлемді байланыстырып сөйлеуге үйретеді. Күннің бірінші жартысында көркем оқу қызметінде ертегіні балаларға айтып беріп, екінші жартысында балалардың тіл байлықтарын арттыру мақсатында және оқыған ертегінің мазмұнын толық қабылдау негізінде балалар рөлге еніп кейіптендіреді. Мысалы «Мақта қызбен мысық», «Бауырсақ». Олар өздері қалаған ертегілерін алып кейіптендіреді, сөздерін жатқа айтып отырып көңіл-күйін, дауыс ырғағын көрсетуге тырысады.

Халық ауыз әдебиетінің ең ескі түрінің бірі – жұмбақ. Жұмбақтар балалардың дүниетану қабілетін дамытады, тапқырлыққа баулу мақсатында қолданылады. Жұмбақ баланың тілін тиянақтау үшін бақылау кезінде, бейнелеу сабақтарында, қоршаған ортамен таныстыру, оқу қызметтерінде жиі қолданылады. Сондықтан бақылау кезеңі нәтижелі мазмұнды  болу үшін мән беремін. Қыс мезгілінде бақылау арқылы қардың қасиеттерін сипаттап барып жұмбақты шешеді. Жұмбақты 3-4 рет қайталағанда бала жатқа айтып тілі жаттығады, мағынасын түсіне бастайды. Жұмбақ баланың ойланып жауап беруіне, заттың қасиетін байқауға, сабақ алдында балалардың көңілін аудару мақсатында айтылады.

Халық ауыз әдебиетінің бір саласы - жаңылтпаш. Жаңылтпаш тіл дамыту сабақтарында және сабақтан тыс уақытта сөздік дыбысталуын нақышына келтіре дұрыс тез, анық, шебер айта білуге жаттықтырады. Айналамен таныстыру сабағында, үй жануарларының пайдасы туралы түсінік беріп, қорытынды барысында.

Түйе маған шұбат береді,
Шұбат маған қуат береді.

Ал тіл дамыту сабағында с-ш, р-л дыбыстарын дұрыс, анық айтуға мына жаңылтпаштар өте тиімді және осы дыбыстарды жаттықтыруда сабақтан  тыс серуен кездерінде бірнеше қайталап отырсақ, берер табысы мол. Мысалы:

Күрішші егуге кірісті күрішті,
Күрішші себуге кірісті күрішті.

Мақал-мәтелдер халықтың ұзақ уақыт бойы адамдардың іс-әрекеті, мінез-құлқынан жасалған байқауларынан туған дана сөздері. Бұлар баланың тілін дамытып, ақылды, мағыналы, тәрбиелі сөздерді еске сақтауға, сөздің мағынасын түсініп оны жатқа айтуға және үйренген сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге қалыптастырады. Мақал-мәтелдің әр сөзін түсінетіндей етіп мәнерлеп, сөз ырғағына салып айтқан жөн. Мақал-мәтел барлық сабақта  және сабақтан тыс уақытта тәрбие ісінде қолданылады. Мысалы тамақ ішер кезде өте тиімді. «Ас адамның арқауы» деген мақал қолданған жөн. «Денсаулық - зор байлық» мақалы денсаулықтың адамға ең қажет екенін түсіндіріп, баланың сөздік қорын дамытып, баланың сөйлеуге тілін жаттықтырады.

Халық ауыз әдебиетінің бала тілін дамытуда халық арасында кеңінен дамыған қимыл ойындарының алатын орны ерекше. Ойында тапқырлық, шапшаңдық, батылдық қасиетімен, ойынмен бала тәрбиесіндегі алатын орнын жақсы білген халқымыз «Ақ серек, көк серек», «Қуыр-қуыр-қуырмаш», «Соқыр теке» ойындарын ойлап тапқан, ойындарда ауыз әдебиетінің үлгілері кеңінен пайдаланып, баланың тілінің дамуына сөйлемді байланыстыра сөйлеуге үйретеді. Сонымен баланың тілі бай, сөздік қоры мол, көркем, бейнелі сөздермен байланыстыра сөйлей алатын. Сөйлем құрастыра білуге, мәдениетті сөйлей және сұрақтарға толық жауап беруге халық ауыз әдебиетінің берер маңызы өте мол.

Сондықтан құрметті ата-ана! Болашағымызды иманды, инабатты, сыпайы, алғыр, батыл, зерек етіп тәрбиелейін десек ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан халық ауыз әдебиетіне қызығушылықпен және құрметпен қарауға тәрбиелейік. Балаларға үйде де тәрбиелі мәні бар ертегілер, есте қалар мақал-мәтелдер қызықты жұмбақтар үйрете жүрейік.



Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)