Өлең, жыр, ақындар

Етістіктің шақтарын қайталау

Түркістан қаласы
Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназияның
қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
Мустафаева Бибисара Абдсаттаровна

 

Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің шақтарын қайталау

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Етістіктің шақтарын қайталау. Алған білімдерін пысықтап, теориялық алған ұғымдарын мысалдар арқылы терең меңгерту.

ә) Дамытушылық: Етістіктен алған білімдерін тапсырма арқылы дамыту. Өз бетінше орындау дағдыларын қалыптастыру, топпен жұмыс жүргізу арқылы әр оқушының дербестігін жетілдіру, шығармашылық белсенділігін арттыру.

б) Тәрбиелік: Етістіктің шақтарын қайталау кезінде сөздер мен сөйлемдердің тәрбиелік мәніне көңіл бөле отырып, топпен жұмыс істеу арқылы ынтымақ пен бірлікке, жолдастыққа көмек көрсетуге баулу.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап жұмысы, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, карточкалар.

Сабақтың  барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын даярлау, сынып тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.  Сурет бойынша етістікке сұрақтар қою.

1. Етістік дегеніміз не?
2. Етістіктің сұрақтары қандай?
3. Мысал келтір.
4. Етістіктің түрлерін ата?
5. Болымды және болымсыз етістік деген не? Мысалдар келтір.
6. Етістіктің шағы деген не?

ІІІ. Жаңа сабақ. Алдымен тақтаға ай-күнді, сабақтың тақырыбын жазып қоямын да, сабақтың мақсатымен таныстырамын. Оқушылар үш топқа бөлініп отырады.

І–топ  Келесі топқа сұрақтар қояды

1. Өткен шақ деген не?
2. Оның түрлерін ата?
3. Жасалу жолдарын айт. Мысал келтір.
4. Сөйлемге морфологиялық талдау жасату.
    Әкесі Алтынсары ерте өліп, атасы Балқожаның тәрбиесінде болған.
5. Осы сөйлемді келесі топқа синтаксистік талдау жасату.

Тапсырмаларының жауаптары дұрыс па? Онда балалар саяхатымызды жалғастырайық «Келер шақ» ауылына қонаққа барамыз. «Келер шақ» ауылы сұрақтар қояды.

1. Келер шақ деген не?
2. Келер шақтың түрлері? Жасалу жолдарын айт.
3. I топқа «Жеткізер» сөзін фонетикалық талдау жасату.
4. II топқа Сөйлемді морфологиялық талдау жасату.

Құстар ұяларын тастап, қыс болмайтын жылы жаққа кетпекші.

Орындалған тапсырманың жауаптары дұрыс па? Ал, ендеше келесі «Осы шақ» ауылына қонаққа барайық. «Осы шақ» ауылы сұрақтар қояды.

1. Осы шақ деген не? Жасалу жолдарын айт.
2. Мысалдар келтір.
3. I топқа. Сөйлемді морфологиялық талдау жасату.
Үкімет үйінің үстінде Республиканың туы желбіреп тұр.
4. II топқа Осы сөйлемді синтаксистік талдау жасату.

Ендігі саяхатымыз балалар «Баға» ауылы. Мен сендерге бірнеше тапсырмалар беремін.

1.    Дәптермен жұмыс мына сөздерді шақ түрлеріне қойып жіктеу.                                                        
       Жүгір.   Сөйлет.   Ойна.
2.    Келесі тапсырма мақал-мәтелдерді аяқтау. Қай шақта тұрғанын айтқызу.


1.    Анаға қарап қыз өсер,
       Атаға қарап ұл өсер.
2.    Қайта жауған қар жаман,
       Қайта шапқан жау жаман.
3.    Жақсымен жанассаң, жетерсің мұратқа
       Жаманмен жанассаң, қаларсың ұятқа.
4.    Дұшпан күлдіріп айтады,
       Дос жылатып айтады.
5.    Анаңа ауыр сөз айтпа,
       Артыңа ауыр жүк артпа.
6.    Жел дауылды шақырады,
       Бұлт жауынды шақырады.

3. Суретпен жұмыс. Суреттен мәтін құрау оны орыс тіліне аудару.

4. Семантикалық карта. Етістіктің шақтарын анықта (белсенді тақтада)

Мысалдар

Нақ осы шақ

Ауыспалы осы шақ

Болжалды келер шақ

Мақсатты келер шақ

Ауыспалы келер шақ

Жедел өткен шақ

Бұрыңғы өткен шақ

Ауыспалы өткен шақ

1

Ол қалада білім алады

 

 

 

 

 

 

 

 

2

Сурет көрмеге қойылған

 

 

 

 

 

 

 

 

3

Ол театрда қызмет етпекші

 

 

 

 

 

 

 

 

4

Ол сабаққа барар

 

 

 

 

 

 

 

 

5

Досым кітапты оқыды

 

 

 

 

 

 

 

 

6

Суретшіні тез таныды

 

 

 

 

 

 

 

 

7

Мен саябақта жүрмін

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IV. Сабақты қорытындылау. Тестпен жұмыс.

V.  Бағалау.

VI. Үй тапсырмасы: Кім болғым келеді? Шағын шығарма жазып келу.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз