Өлең, жыр, ақындар

Топтық жүйеде оқыту әдісінің тиімділігі

Топтық жүйеде оқыту әдісінің тиімділігі

         Математека және физика журналының 2003 жылғы №1 санында жарияланған «Оқытудағы топтық, блоктық және деңгейлік жүйелерді үлестіру» тақырыбындағы іс-тәжірибесін басшылыққа ала отырып, «Атамұра»баспасынан шығарылған 7 сыныптың «Физика және астрономия» оқулығы бойынша «Топтық жүйедегі оқыту әдістемесін пайдаланып жыл бойы жұмыстар жүргіздім.» Әрине алғашқы қыркүйек, қазан айларындағы жұмыстарым ұйымдастыру түрінде өткізілді. Сынып оқушыларын «А»,«Ә»,«Б»,«В» топтарына бөліп, олардың ішінде  жақсы және өте жақсы оқитын оқушыны консультант үйретуші ретінде белгілеп, оқушыларды деңгейлеріне қарай араластыра бөлдім.Көптеген жұмыстарды үйретулер арқылы төрт топтың жетекшілеріне топ мүшелерінің,білім деңгейін  «бағалау журналын» арнатып,бағалау белгілерін (бұрыш,үшбұрыш,төртбұрыш,бесбұрыш) дайындату арқылы және топ мүшелерінің сабақтарға қатысты даярланған жұмыстарын жинақтайтын топтың файл папкасын арнату шараларын жүргіздім.

         Бұл әдістемемен жұмыс жүргізу кезінде деңгейлеп бөліп,әр топтың мүшелерін нөмірлеп кеуделік белгі пайдаландым.Мысалы: «А» тобының 1 үшесі,     «Ә» тобының 2 мүшесі т.б.с.с.. Яғни бұл әр топтағы №1, №2, №3, №4 мүшелерінің деңгейлері бір-бірімен қарайлас екендігінің белгісі.Топтық жүйеде оқыту әдісінің тиімділігі мол екендігін төмендегі жағдайлар арқылы атап өткім келеді.

         Оқушылардың бір-біріне деген жолдастық қарым-қатынасы арта түсіп, бір-біріне бар ынта жігерімен көмектесіп,үйретуге,топтық жарыстар кезінде жетекшінің ұйымдастыру қабілетінің арта түсетіндігі,оқушы бағалауының әділ болатындығы  және бір үстінде бірнеше оқушыны бағалау мүмкіндігі туатындығы, топтап оқыту әдістемесін пайдалану қолайлы екендігінің бірден-бір дәлелі.

         Бұл жүйедегі оқыту әдісінің оқушының білім сапасының молая түсіп, олардың пәнге деген қызығыушылығының артатындығы, үнемі ізденіс үстінде жан-жақты даярланып жүретіндігі үшін де өте пайдалы екендігін айта отырып,алдағы уақытта З.Қуандыққызының блоктық жүйедегі және деңгейлік жүйелердегі оқыту әдістемелерін пайдалану арқылы үйлестіруді жалғастырып көрмекшімін.Биылғы оқу жылында (2003-2004 оқу жылында) 7 сыныптың «физика және астрономия» оқулығы бойынша топтық жүйедегі оқыту әдістемесі арқылы өткізген сабақтарымның бірнешеуін «Математика және физика» журналы арқылы көпшілік оқырман қауымға  ұсынбақшымын.Жас мұғалімдер үшін бұл журналдың әдістемелік берер көмегі мол екендігі өзім секілді «мұғалімдік» жолды таңдап, бала тәрбиесін қалаған жас ұстаздарға ерекше атап айтқым келеді.

         Сабақтың тапқырыбы: Заттың тығыздығы.

         Сабақтың білімдік мақсаты: Оқушылардың заттың тығыздығы тақырыбын игеру барысында алған білімдерін тереңдету, бір жүйеге келтіру, негізгі ұғымды бекіту.

         Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың әртүрлі қатты денелердің тығыздығын анықтау арқылы,экспириментке деген қызығушылығын дамыту.

         Тәрбиелілігі: Сабаққа оқушылардың өз еркімен белсенді араласуы, білімдерін көрсете алуы, топпен ұйымдасып жұмыс істеуі, өзін-өзі басқаруына ықпал ету. 

         Сабақтың көрнекілігі: Тест тапсырмасы, сабаққұрылысы «Жүйелі білім» жедел поезының жол схемасы, есеп, эксперименттік карточкалар, мензурка, таразы, жүктер жинақтығы, әртүрлі тығыздығы анықталатын заттар, «Қатесін тап, жалғастыр» ойыны сызылған плакат, Тайқазан суреті, Қожа Ахмет Иассауи кесенесінің макеті т.б.

         Сабақтың типі: кіріктірілген (шаблон) сабақ, сайыс сабақ.

         Пәнаралық байланыс: Тарих, жаратылыстану, математика, әдебиет

         Сабақ әдісі: 1) Топтап оқыту әдістемесі, 2) Тренинг, 3) Экспирименттік тапсырма (демонстрациялау), 4) Саяхат сабақ, 5)Иллюстрациялық, 6) Түсіндірмелі сұрақ-жауап, 7) Жаттығу.   

        

 

         Сабақтың барысы:

         I.Ұйымдастыру.

         II.Үй тапсырмасын сұрау

         Дененің массасы

         Жалпылама сұрақ-жауап түрінде сұраймын.

Қойылатын сұрақтар.

         1.Масса дегеніміз не?

         2.Қандай әріппен белгілейміз?

         3.Екі дененің массасының қатынасы неге тең?

         4.Массаның өлшем бірлігі неге тең ?

         5.Массаны немен өлшейміз?

         «Өзін-өзі» тексеру сұрақтары жазылған өзіндік жұмыс дәптерін тексеру.

         III. Үй тапсырмасын қорытындылау.

Сонымен «Масса» дегеніміз – денелердің өзара әрекеттесуі кезіндегі жылдамдықтарының өзгеру дәрежесін анықтайтын физикалық шама болып табылады.

         IV. Жаңа сабақ. Заттың тығыздығы.

Бізді қоршаған денелердің барлығы қандай да бір заттан: ағаштан, темірден және тағы басқа да заттардан жасалады. Бірақ денелердің өздеріне тән пішіні, көлемі, массасы, ауданы және т.б. болады. Егер қажет болса денелердің осындай сипаттамаларын өлшеу жүргізу арқылы анықтай аламыз. Мысалы: дененің массасын таразыға тартып анықтай аламыз. Дененің массасы оның өлшеміне, қандай заттан жасалғанына тәуелді. Мысалы: 1м темірдің массасы дәл сондай қорғасынның массасынан аз да, алюминидің массасынан болады. Демек, көлемдері бірдей денелерді салыстыра отырыполардың ауыр жеңілдігін анықтай аламыз. Бұдан заттың қасиетін сипаттайтын тығыздық деп аталатын физикалық ұғымды енгізу қажеттілігі туындайды.

         Заттың тығыздығы деп сол заттың көлем бірдлігіндегі массасына тең физикалық шаманы айтады.

         Сонымен заттың тығыздығын табу үшін, дененің массасын оның көлеміне бөлу керек. Заттың тығыздығын дененің массасына оның көлемін әріптермен белгілесек, сонда заттың тығыздығын мына формуламен анықтаймыз.

         Зат тығыздығының бірлігі үшін бірліктердің халықаралық жүйесіндегі килограмның метр кубқа қатынасы алынған. Бұл көлемі 1м  болатын, массасы 1кг-ға тең біртекті заттың тығыздығы. Есептеулер жүргізу кезінде заттың тығыздығының сияқты басқа да бірліктері қолданылады.

         Заттың тығыздығы және көлемі белгілі болса, онда өлшеулер жүргізбей, массасын табуға болады.

         Егер дененің массасы мен тығыздығы белгіліболса дене көлемін табу қолайлы.

         V. Жаңа сабақты қорытындылау.

Қорытындылау мақсатында төмендегі сұрақтарды қоямын.

  1. Тығыздық дегеніміз не болды?
  2. Өлшеу бірліктері.
  3. Белгіленуі.
  4. Барлық заттың тығыздығы бірдей ме?

VI. Жаңа сабақты бекіту.

Алдыңғы тақырыптағы үй тапсырмасы дене мссасымен байланыстырамын. Балалар, біз бүгін заттың тығыздығы тақырыбын өттік. Осы тақырып бойынша алған білімімізбен жүйелі білім пойызына мініп, сонау қасиетті Түркістан шаһарына қарай саяхат жасайық. Ондағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесіне барып Тайқазаннан өз үлесімізді алып қайтайық.

       Балалар тарйхи мәдени мұраларды зерттеу игеру жөніндегі Призиденттің 2003 жылғы сәуір айындағы жолдауында айтылған. Осыған байланысты Үкімет «Мәдени мұра» бағдарламасын қабылдап оған 3 млдр. теңге ақша бөлінді. Енді біз бүгін сабағымызда осы бағдарламаға сай мәдени ескерткіштерге барып, өз үлесімізді қосайық.

         Сыныптағы А.Ә.Б.В. топтары төрт пойыз «Жүйелі білім» жедел пойыздары. Қай пойыз мәреге бірінші жетеді.

         А поезының контролері тексеруші – Абдуллаева Р.,

         Ә поезының контролері тексеруші – Жаңалықова Ф.,

         Б поезы - Өткелбаева Қ.,

         В поезы – Жақыпов Е.,

         Ал осы тексерушілердің білімін темір жол торабының бастығы мен бағалаймын. Біздің поездарымыз жылжиды.

         I бекет. Қазалыдағы көне Жантект қаласы. Бұл ертедегі үлкен мәдени орталық сипатына лайықты қала болған . Ендеше бұл көне Жантект қаласындағы тапсырма тест түрінде.

         II бекет. Қармақшыдағы Қорқыт ата ескеріткіші. Қорқыт атақты қобыздан күңіренткен күйші болған. Тек қана қазақтар емес, өзбектер Қорқыт біздікі деп иеленген. Бұл станциядағы тапсырма осы ескенрткіш маңынан түрлі заттар алып, олардың эксперимент арқылы тығыздығын табу.

         III бекет. Шиелідегі Оқшы ата мазары. Бұл күмбезді ескеріткіштердің бірі болған. Ендеше бұл станциядағы тапсырма суреттер бойынша берілген денелердің көлемдерін, массасын табу карточкасы. (Суретпен жұмыс).

         IV бекет. Соңғы бекет бұл «Кіші Мекке» аталған Қожа Ахмет Яссауи кесенесі. Бұл кесенені тұрғызуға бұйрық берген Әмір Темір. Қазір көптеген адамсдар онда барып, тай қазанды көріп, саяхат жасайды. Ал, біздер бұл жерден осы кесенені тұрғызуға аралған құрылыс материалдарына байланысты есептер шығарамыз. Бұл тапсырманы контролер-тексерушілер орындайды.

         Төрт бекеттен өткен соң  Тайқазандағы бізді асықтырған өнегелі сөздерді оқып, сол топ бүгінгі жеңіске жетеді.

         Соңғы тапсырма: «Қатесін тап, жалғастыр» ойыны.

         Үйге тапсырма: «Заттың тығыздығын 12 жаттығу, №2, өзін өзі  тексеру сұрақтары.

 

Дерек көзі: Математика және физика журналы. 2006 жыл


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз