Өлең, жыр, ақындар

Сақтар

Тақырыбы: Сақтар


Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ата–тегі болған тайпалар мен ұлыстар туралы айта отырып, Орта Азияны мекендеген сақ тайпаларының шығу тегі, сақ топтары және олардың мекендеген жерлері туралы толық түсінік беру.

Дамытушылық мәні: Оқушылардың сақтар туралы алған білімдерін одан әрі жетілдіріп және ой-өрісін  дамыту.

Тәрбиелік мәні: "Туған жерді сүю парыз, сүю үшін тарихын білу парыз"- дегендей өз Отанының тарихын біліп қоймай туған жерге деген сүйіспеншілікке, Отаншылдыққа, мемлекетті және тәуелсіздікті сүюге, ұлт жандылыққа тарихи тұлғалардың ерлік ісі негізінде тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу, топтастыру, жұптастыру, сұрақ - жауап, картамен, суретпен жұмыс.

Көрнекіліктер: карта, оқулық, дәптер, сақтар туралы суреттер,

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушымен сәлемдесу
Оқушыны түгендеу, сабаққа назар аудару.

Қайталау сұрақтары:

1. Адамзат баласының шығуы неше кезеңнен тұрады? (1.жаратушылық 2. сыртқы себептердің ықпалы туралы теория, 3.эволюциялық теория)
2. Тас дәуірінде адамдар еңбек құралдарын неден жасады? Тастан
3. Ерте палеолит неше кезеңнен тұрады, қай уақытты қамтиды?
              3 кезең  І кезең - Олдувай (б,з,б, 2,6 млн-800 мж)
                           ІІ кезең - Ашель б,з,б 800-140мж)
                           ІІІ кезең – Мустье (б,з,б 140-40 мж)
4. Ең бірінші қолданылған металл. (мыс)
5. Андронов мәдениеті қай жерден табылды?
6. Адамдар ең бірінші қолға үйреткен жануар? Ит
7. «Епті адам» деп қандай адамды айтамыз?
8. «Неандерталь адамы» қай жерде табылды? Германия
9. «Саналы адам»  қай жерде, қашан табылды?
10. Алғашқы адамдардың еңбек құралдарың ата? (чоппер,пышақ,бифас)

Жаңа сабақ  жоспары:
Ал енді бүгін сабақтың жұмыс жоспарымен танысайық:
1. Сақтардың мекендеген жері, сақ қоғамы
2. Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы
3. Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
4. Сақтардың мәдениеті
5. Қорытынды тест
6. Бағалау

Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Бірегей халықпыз бір қара тамыр,
Сақтардан басталады ата дәуір.
Қаны мен жанын берген туған жерге,
Бар қазақ бір-біріне туыс бауыр.
Деп осы өлең жолымен бүгінгі сабағымызды сақтар жерлеріне саяхат жасаудан бастаймыз.



Ой шақыру стратегиясы:
Оқушылар сақтар туралы өз ойларын тездетіп айтып шығады. Деректерді рет-ретімен қою:
Оқушылар деректерді атап орын-орнына қояды.
Иран жазбаларында «жүйрік атты турлар» дейді
Ежелгі грек деректерінде «азиялық скифтер» д.а.
Парсы деректерінде  «құдіретті еркектер»

Дәптермен жұмыс:
Оқушылар сақтарды басқаша қалай атағанын және қай жерде мекендегенін айтып береді.
Шошақ бөрік киіп жүретін сақтар (тиграхауда) ----------Сырдарияның орта ағысы, Тянь-Шань, Жетісу.
Теңіздің арғы жағындағы сақтар (Парадарайа) ------------Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізінің маңы, Сырдария мен Амударияның төменгі ағысы.
Хаома сусынын дайындайтын сақтар (Хаумаварга)------------Мургаб аңғары.

Карта мен жұмыс: Сақтардың мекендеген жерлерін көрсету
Сақ тайпаларының қоныстануы

Шошақ бөрікті сақтар (тиграхауда)

- Жетісуда, Тянь–Шань тауларында, Сырдария өзенінің орта ағысында тұрды.

- Тиграхауда сақтары осы күнгі Ташкент қаласы аумағында, Солтүстік Қырғызстан Оңтүстік Қазақстан және Жетісу жерінде өмір сүрген.

Сақ-парадарайа тайпалары

- Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізінің бойы мен Сырдарияның төменгі ағысын мекен еткен (теңіздің арғы жағындағы сақтар деген)

Сақ – хаумаварга

- Мұндай атау оларға хаома сусынына байланысты берілген.

- Мұрғаб аңғарында өмір сүрді (Түркіменстан)

САҚ ҚОҒАМЫ

Ерте темір дәуірінде мүлік теңсіздігі орнықты. Мұны археологиялық қазбалар мен жазба деректер дәлелдейді.

Сақ патшасы
- Сақ патшалары құдыретті билеушілерге айналды.
- Олар  соғыс пен бейбітшілік мәселелерін шешті, келісімдер жүргізді, елшілер тағайындады, әскерді басқарды.
- Патша билігін баласына мұрагерлік жолмен қалдырып отырған.

 Тайпа көсемі
-тайпа мүшелері өз  жиналыстарында тайпа көсемін сайлады.
-Тайпа көсемі бас қолбасшылық қызметін  де атқарып, тайпалар мен рулардың арасындағы даулы мәселелерді шешті, қақтығыстарды реттеп отырды.

САҚТАРДЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК ҮШІН КҮРЕСІ
Кир әскерінің басып кіруі
- б,з,б 530 жылы сақтар жеріне Кир бастаған парсы әскерлері басып кірді.
- Бұл кезде сақтардың билеушісі Томирис  (б.з.б 570-520ж.ж)
- Томиристің баласы Спаргапис Кир әскеріне қарсы соғысқа шығып, тәжірибесіздігінен қаза табады.
- Кир соғыста жеңілді

    Оба
Алматының  күншығыс жағында 50 шақырымдай жерде, Іле Алатауының баурайындағы жазықта 40–тан астам оба орналасқан.
 Соның ішінде «Есік обасы» да бар. Оның диаметрі 60 метр, биіктігі  6 метр.
- Жерленген адам мерекелік, салтанатты киім кигізілген.
- Мәйіт қарумен жерленген.
Оң жағына, бел тұсында:
- Ағаш қынды қанжар-ақинақ ілінген.
- Белдік аң , жануарлар бейнелері салынған алтын қаптырмалармен әшекейленген.
Мәйіттің сол жағында:
Алтын ұшты жебе.
Одан жоғарырақ сабы жалпақ алтын таспен бунақтала оралған қамшы, шағын жібек қоржын жатыр.
Қабірдің ішінен:
Көп алтын түймешелер .
Алтынмен қапталған қола теңгелер табылған . Олардың ұзын саны 4000нан астам
Қабірден 26 таңбадан тұратын жазуы бар күміс табақша шықты
Есік обасында жерленген адам 17-18 жас сақ ханзадасы
Есік қорғанынан табылған алтын бұйымдардың молдығына қарап, бұл мәйіт «Алтын киімді адам» д.а.

Берел қорымдары
Шығыс Қазақстанның ерте темір дәуірінің б.з.б. 5-4 ғ аралығын қамтитын кезеңін Берел кезеңі деп атайды.
- Берел кезеңі деп аталуы Қатонқарағай ауданындағы Берел қорымынан 40-тан астам оба табылған.
Ішіндегі ең үлкенінің биіктігі 9 метр
Қазіргі кезде обаның тас үйінділері құлап, аласарып қалған.
Негізінде, бұл обаға жерленген адам жер бетінен 6-7 метр тереңдікте жатыр.
-- Қабір іші қарағаймен қаланып, мәйітті астау - саркофагқа салынған.
-- Қабір жанынан 16 аттың қаңқасы шықты.
Берел мәдениетінің бір ерекшелігі жайпақ түпті қыш ыдыстардың таралуы болып табылады.

Синквейн әдісі арқылы жаңа сабақты қорытыңдылау. Шығармашылық тапсырманы орындау.
Мұғалім оқушыларға бес жолды өленді шығару тапсырмасын береді,
1.    Зат есім - 1 сөз
2.    Сын есім-2 сөз
3.    Етістік 3 сөз
4.    Сезімнен шыққан сөздер - 4
5.    Зат есімге синоним
Сөйлемнің мысалы: «Сақтар керемет, тамаша шайқасады, қорғанады, басқарады. Барлық тайпалардың басын біріктірген «СКИФ».
Бағалау.


Пікірлер (10)

Арай

Өтте керемет сабақ

Динара

Өте керемет жақсы

Алина 05.06.2006.

Өте жақсы болған керемет. Маған ұнады

Алина 05.06.2006.

Өте керемет сабақ

Сейтмурат

Өте жақсы

Илияс

жақсы слайд маған ұнады

Дана

Маған ұнады

Баян

Сабақ маған өте ұнады

Balshat

слайды қай жерінде скачат етеді

 

 

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз