Өлең, жыр, ақындар

А.Құнанбаев «Қыс»

С. Бегендікұлы атындағы №4 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі: Нуртаева Айдынгул Арсеновна

 

Сабақтың тақырыбы: А.Құнанбаев «Қыс»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қазақ халқының ұлы ақыны Абай шығармаларын оқып үйренуге баулу. Бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырып, кеңейтуге көмектесу.

Дамытушылығы: Оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеу, іздену, білім, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, ой-өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелігі: Туған жер табиғатын сүюге және қорғауға, ұқыптылыққа, тапқырлық пен ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Түрі: Танымдық сабақ

Типі: Жаға білімді меңгерту

Жаңа технология: Дамыта оқыту

Әдіс-тәсілдері: талдау, әңгімелеу, сұрақ-жауап, топппен жұмыс

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, плакат, фломастер

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды 3 топқа бөліп отырғызу.

Құрал-жабдықтарын түгендеп сабаққа әзірліктерін байқау.

2. Психологиялық дайындық

- Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз
Табыс тілеп көзбенен
Жаңа білім алуға
Алға қадам аттаймыз.

3. Үй тапсырмасын сұрау:

- Балалар үйге қандай тапсырма берілді?
- «Ата-бабам тарихы-менің тарихым» тарауын аяқтадық. Өз білімімізді тексердік.
- Жақсы балалар осы тарау бойынша мен сіздерге қандай тапсырма беріп едім?

1 топ

Батырлар суреті (Сұрақ-жауап арқылы білімдерін байқау)

а) Қандай қазақ батырларын білесіңдер?
ә) Ағыбай батырды халық қалай бағалады?

2 топ

Кедей суреті

а) Бұл қай мәтінде бейнеленген?
ә) Қали мен Күлпаш Мақтымның келгенін неге асыға күтеді?

3 топ

а) Қайраттың әке-шешесінің есімдерін ата?
ә) Қайраттың ең соңғы сөзі

- Жақсы балалар, сендер үй тапсырмасына жақсы дайындалып келіпсіңдер.
- Балалар біз қандай мемлекетте тұрамыз
- Тәуелсіз мемлекетте тұрамыз.
- Міне балалар, бізге тәуелсіздік жайдан-жай келген жоқ. Елімізді, жерімізді қорғаған батыр бабаларымыздың елге, жастарға рух берген  ақын жыршы, жазушыларымыздың, қайтпас қайсар ерлік көрсеткен қыршын кеткен аға-апаларымыздың арқасында 1986 жылы қанды қырғынмен  қол жеткіздік.
- Тәуелсіз ел болғанымызға биыл неше жыл толады? 25жыл толады
- Тәуелсіздігімізді қашан алдық?
- 1991 жылы 16 желтоқсан
- Желтоқсан айы жылдың қай мезгіліне жатады?
- Қыс
- Дұрыс айтасыңдар, балалар
- Біздің туған жерімізге де қыс келді.
- Қыста табиғат құбылыстары қандай болады? (Аяз болады, бұршақ жауады, қар жауады)
- Қардан не жасаймыз?
- Аққала
- Бүгінгі сабағымыздың топтарының аты табиғат құбылыстарына байланысты болмақ.

1 топ - Қар
2 топ - Аяз
3 топ - Аққала

- Балалар топтарыңыздың атауына байланысты қандай жұмбақтар білесіңдер
- Балалар бүгін қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы дана кемеңгер, Ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың табиғат жайында жазған «Қыс»атты өлеңімен танысамыз.

3. Жаңа сабақ

- Мың айтқаннан бір көрген абзал дегендей Абай атамыз жайлы деректі мына бейнероликтен тамашалайық. Назарларыңызды тақтаға  аударайық. Абай туралы не білеміз? Абай-ақын, ойшыл, данышпан, сазгер, сыншы, табиғат суретшісі, аудармашы.
- Жақсы балалар, бейнетаспадан Қыс өлеңін тыңдайықшы. Түсініксіз сөздер кездессе түртіп алып отырамыз.

Сөздік жұмысы:

Соқыр-мылқау - түк көрмейтін
Шидем - жұқа тоқылған сырт киім
Ұлпа - жеңіл, жұқа қар
Бұрқ-сарқ - қатты дауыл, боран
Алты қанат ақ орда - алты керегелі үлкен үй

Оқулықпен жұмыс:

Кітаптарын аштырып тізбектей дауыстап оқыту.

Мәнерлеп оқыту

Өлеңнің идеясын ашу:

- Автор қысты кімге теңеп тұр?
- Қысты адамға, кәрі шалға
- Шалдың киімдері қандай?
- Ақ киімді, үстін ақ қырау басқан
- Киім деп отырғаны неде?
- Автор суреттеп отырған шалды кімге ұқсатуға болады?
- Аяз атаға
- Өлеңдегі шалдың мінезі қандай?
- Ол қатал, соқыр, мылқау адам сияқты. Соқыр мылқау дейтін себебі не? Ол ештеңе көрмейді, аямайды, бәрін тоңдырады.
- Ақын қысты жанды адам бейнесіндей суреттеген. Бұл Абайдың жаңалығы, себебі Абайға дейін ешбір ақыын табиғатты жанды нәрсеге теңемеген.

4. Шығармашылық жұмыс:

1-тапсырма

1топ - Қыс туралы өлең құрастыру.
2топ - Қыс суретін салу
3топ - Қыс туралы сюжетті әңгіме құрау

5. Қорытындылау кезеңі:

Не білдік? Не үйрендік? Не білгім келеді?

- Қыс туралы өлең айтқызу.

6. Мадақтау. Бағалау.

7. Үйге: Қыс өлеңін жаттау. Қыс тақырыбына мақал-мәтел жазу.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер