Өлең, жыр, ақындар

Жыл мезгілдері

Ақтөбе қаласы.
№49 "Думан" бөбекжай балабақшасы
Тәрбиеші: Аймуханова Гүлзира Жұбаниязқызы

Мақсаты:

1. Білімділік: Балалардың жыл мезгілдері мен қоршаған орта туралы білімдерін пысықтау. Жемістер мен көкөністердің пішінін, түсін ажырата отырып, «артық», «кем», ұғымдарын салыстыра отырып, 5 – көлеміндегі заттарды санауға үйретуді жалғастыру. Д/Ойын: «Не нешеу?»
Д/Ойын: «Шатасқан көкөністер мен жемістерді жинау».

2. Дамытушылық: балалардың өз қалаулары бойынша тәулік бөліктерін ажырата білуін, дәстүрден тыс әдістермен қолғапты өрнектей білуін жетілдіру. Сурет және суретті схема бойынша ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыру. Д/Ойын: «Уақытты бағдарлау», Д/Ойын: «Қатесін тап», Д/Ойын: «Суретті схема», Д/Ойын: «Денсаулыққа дәруменнің пайдасы».

Сергіту сәттері: Көбелектің көбін–ай, жаз, көктем мезгілінің дыбысын тыңдату, саусақ жаттығуы.

3. Тәрбиелік: Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту арқылы айналасындағыларға мейірімді қамқор болуға баулу.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің әдіс–тәсілдері: «Жыл мезгілдеріне саяхаттау» желісі бойынша өткізу. Әңгімелесу, сұрақ–жауап, дидактикалық ойындар, жемістер мен көкөністердің муляжі.

Таңғажайып сәт: Әуе шары, тиін, Бағбан ата, көбелек, қыс ханшайымы, сиқырлы қолғап.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Жыл мезгілдеріне сай безендірілген бөлме, сағат бөлшектері, суреттер, суретті схемалар, уақытты бағдарлау т.б

Жыл мезгілдеріне саяхат

Шаттық шеңбері:

Білгір қазақ баласы
Сәлем сөздің анасы.
Қонаққа келіп отырған
Апайларға қарашы.
Бәріңізге ізетпен
Біздер сәлем береміз
Сәлеметсіздер ме Апайлар!

Тәрбиеші: Балалар, сендер алыс жерге саяхатқа барғыларың келе ме?

Балалар: Ия

Тәрбиеші: Ендеше мен сендерге сұрақ қоямын. Сұрақтарға толық жауап бере алсаңдар, мен сендерді саяхатқа апарамын. Келістік пе?.

Балалар: ия келістік.

Тәрбиеші: Балалар, жылдың неше мезгілі бар, олар қалай аталады?.

Балалар: Жылдың төрт мезгілі бар.Олар: күз, қыс, көктем, жаз.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар! Әр жыл мезгілінің өзіне тән қандай ерекшеліктері бар?.

Балалар: Күзде: жапырақтар сарғайып жерге түседі. Көкөністер мен жемістер піседі. т.б Қыста: қар жауады. Қармен атысып ойнаймыз. Көктемде: ағаштар бүршік жарып, жапырақ ашады. Жазда: күн ыстық болады т.б

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Сендер жыл мезгілдері туралы көп біледі екенсіңдер.  Ендеше осы төрт мезгілде не болып жатқанын байқап қайтайық.

Барлығыңмыз сиқырлы әуе шарына мініп саяхатымызды бастайық. (Балалар, байқап отырыңдар, казір әуен қосылғанда ұшамыз. Көздеріңді жұмып, ыңғайлап қатты ұстап отырыңдар. Абайсызда құлап кетулерің мүмкін. Мына белдікті де байлап қояйын. Балалар көздерін жұмып, ыңғайлана отырып, көктем туралы әуен тыңдап саяхатты бастайды. Музыка әуенімен көктем мезгіліне келеді.)

Міне балалар, көктем мезгіліне де жеттік. Бәріміз жайлана отырып, бір сәтке көзімізді жұмып көктемнің таза ауасымен терең тыныс алып, көктемгі табиғатпен сырласайық. (Үнтаспадан сайраған құстардың, ағаштардың сыбдырын т.б) тыңдайды. Үнтаспадан ненің үнін естідіңдер?.

Балалар: сайраған құстардың, ағаштардың сыбдырын т.б естідік.

Тәрбиеші: Балалар, жан – жағымызға зейін қойып қарайықшы, нені байқадыңдар?.

Балалар: Шырша түбінде отқан тиінді көріп тұрмыз.

Тәрбиеші: Сәлеметсің бе тиін?. Саған не болды, неге көңілсізсің?

Тиін: Көктем мезгілі болды. Мен күннің әр уақыт мезгілін бағдарлай алмай шатасып қала беремін. Сендер маған әр уақыт мезгілін тауып орналастырып бересіңдер ме?. Мен де уақыт мезгілін үйренгім келеді?.

Тәрбиеші: Балалар, уақыт мезгілін немен байқап білеміз?.

Балалар: Уақыт мезгілін сағатпен байқап білеміз.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар! Әр уақыт мезгілін бағдарлау кезінде  қандай түстермен белгілеуге болады деп ойлайсыңдар?.

Балалар: Ашық күлгін, сап – сары, күлгін түс, қара түстермен белгілеуге болады.

Тәрбиеші: Ашық күлгін түс қай уақыт мезгілін білдіреді?.

Балалар: Ашық күлгін түс таңертеңгі уақыт мезгілі.

Тәрбиеші: Жап–жарық түс ше?.

Балалар: Түс мезгілі.

Тәрбиеші: Күлгін түспен қара түс ше?.

Балалар: Күлгін түс кешкі уақыт, ал, қара түс түнгі уақыт.

Тәрбиеші: Сендер уақыт мезгілінің түстерін біледі екенсіңдер. Мына жерге қараңдаршы?. Тиіннің әр түрлі бөлшектері шашылып қалыпты. Осы бөлшектерден тиінге сағат құрастырып берейік. Мен сендерге уақытты бағдарлау туралы жұмбақ жасырамын. Жұмбақтың шешуін дұрыс тапсаңдар сағат құрастыра аласыңдар. Қане зейін қоя тыңдаңдар.

Уақытты бағдарлау

Тәрбиеші:

Ұйқымыздан тұрамыз,
Беті – қолды жуамыз.
Бақшамызға келміз
Бұл қай кезде балалар?.

Балалар: Таңертеңгі уақыт.

Тәрбиеші: Кім таңертеңгі түсті тауып қояды?.

Балалар: ашық күлгін түсті қояды.

Тәрбиеші:

Біз тәртіпті баламыз.
Айтқан тілді аламыз,
Сабақты да оқимыз
Серуенге шығамыз.
Бұл қай кез?.

Балалар: түскі уақыт.

Тәрбиеші: Түскі уақытта дала қандай  түсті болады?.

Балалар: Сары түсті болады. Айнала жап-жарық. Сары түсті орналастырады.

Тәрбиеші:

Күн батады қызарып,
Кешкі апайды күтеміз.
Қызықты ертегі кітапты
Бізге оқып береді.
Жуындыры, шайындырып
Жеңіл тама береді.
Бұл қай кезде балалар?.

Балалар: Кешкі уақыт түсін тауып қояды.

Тәрбиеші:

Үйлерде шам жанады.
Дем алады бар әлем.
Деп әлдейлер ақ мамам,
Бұл қай кезде балалар?.

Балалар: Түнгі уақыт. Орналастырады.

Тәрбиеші: Міне, балалар! Сендер уақытты бағдарлауды біледі екенсіңдер. Сағаттың төбесін, тілшесін, аяқтарын жасап құрастырайық.

Балалар: Сағаттың төбесін, тілшесін, аяқтарын жасап құрастырады.

Тәрбиеші: Үлкен адамдардың барлығы осындай сағатпен уақытты бағдарлап отырады екен. Сендер де мына суреттерді бір–бірден ала отырып, балабақшадағы бір күндік уақыт мезгілін бағдарлап, сағат бетіне орналастыра қойыңдар.

Балалар: Тапсырманы орындайды.

Тиін: Ой, балалар, сендер уақытты қалай бағдарлау керектігін біледі екенсіңдер. Мен көп нәрсе үйрендім. Енді менің әдемі сағатым бар. Уақыт мезгілінен шатаспайтын болдым. Сендерге көп – көп рахмет.

Тәрбиеші: Міне, көрдіңдер ме, балалар? Сендер тиінге көмектесіп, оны қуанттыңдар. Сендерге риза болып қалды. Ендеше тиінмен қоштасып, саяхатымызды әрі қарай жалғасиырайық.

Балалар: Сау бол тиін.

Тәрбиеші: Балалар, қане әуе шарына отырып, әрі қарай саяхаттайық. Мен кітап ала шығып едім. Осы кітапты сендерге оқып берейін. Жолымызда қысқарсын. Жаз туралы өлең оқып беру.

Өлең не туралы айтылған?.

Балалар: жаз туралы айтылған.

Тәрбиеші: Міне жаз мезгіліне де келіппіз. Абайлап түсіп, алға қарай жүрейік.

Таңғажайып сәт: Алдарынан көбелек шығады.

Көбелек: Сәлеметсіңдер ме, балалар?. Менің мезгіліме қош келдіңдер!

Балалар: Сәлеметсіз бе көбелек.

Көбелек: Менің мезгіліме келетіңдеріңді естіп, сендерге тапсырмалар дайындап қойдым. Сендердің қаншалықты білімді, ақылды екендеріңді байқайын.

Тәрбиеші: Қанекей балалар, көбелектің тапсырмасының жанына жақындайық. Нені көріп, нені байқап тұрсыңдар?.

Балалар: Суреттердің барлығын шатастырып қойыпты.

Тәрбиеші: Суреттердің қатесін тауып, орындарына қойып шығайық.

Балалар: Тапсырманы орындайды.

Тәрбиеші: Көбелек балалар суреттің қатесін дұрыс таба білді ме?.

Көбелек: Қатесін дұрыс таба білді.

Тәрбиеші: қане, балалар, денемізді бір сергітіп алайық. Көбелек сен де бізбен бірге серігіп ал.

Сергіту сәті:

Көбелектің көбін – ай,
Қызылын –ай, көгін – ай.
Бәрін ұстап алар ем
Жолдасымның жоғын – ай.

Көбелек: Балалар, сендерге көп – көп рахмет. Мен де достарымды тауып алайын деп ұшып кетеді.

Тәрбиеші: Міне, көктем мен жаз мезгілінен де өттік. Әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық. Әуе шарына отырып, күз мезгіліне келеді. Балалар, күз мезгілінің сұлулығына қараңдаршы, неткен әдемі?.

Таңғажайып сәт: Бағбан атаға кездеседі.

Бағбан ата: Сәлеметсіңдер ме, балаларым?. Келгендерің қандай жақсы болды. Сендер маған жемістерім мен көкөністерімді жинауға көмектесесіңдер ме?.

Балалар: Әрине көкметесеміз.

Бағбан ата: Мен басқа да бау мен бақшамды қарауға кеткенде біреулер келіп, жемістерім мен көкөністерімді жұлып. Бәрін аяқтарымен таптап, шатастырып кетіпті. Маған соны жинап берсеңдер?.

Тәрбиеші: Балалар, жемістерім мен көкөністерді жұлып, аяқпен таптауға бола ма екен?.

Балалар: Жамандық жасауға болмайды.

Тәрбиеші: Себеттің қасына жақындап қайда өсетіндерін айта отырып, өздеріңе ұнағанын себетке жинап бере қойыңдар?.

Балалар: Өздеріне ұнаған жемістерім мен көкөністер себеттерге жинайды.

Тәрбиеші: Сен қандай жеміс жинап жатсың?.

Балалар: алма т.б

Тәрбиеші: Алма жеміс пе, көкөніс пе?.

Балалар: Барлығын ажыратып. Жинаған  жемістерім мен көкөністерін санап аз- көбін ажыратады.

Бағбан ата: осы жемістер мен көкөністер туралы тақпақ айтып береді?.

Балалар: Білетін тақпақтарын айтады.

Тәрбиеші: Бағбан ата денсаулыққа дәруменнің пайдасы көп екенін балалар біледі. Ендеше схема арқылы балалардың суретті әңгімесін тыңда.

Балалар: Алма ағашта өседі. Су ішеді. Құрамында дәрумендер көп. Т.б

Тәрбиеші: Бағбан атаға көмектесіп, өздеріңнің қамқор екендеріңді көосете білдіңдер. Бағбан ата мен қоштасып, саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық.

Тәрбиеші: Әуе шарына отырып, саяхатымызды жалғастырайық.

Балалар: Қыс мезгіліне келеді.

Тәрбиеші: Қараңдаршы айнала аппақ, қар басқан. Бұл қай мезгіл болғаны?.

Балалар: Қыс мезгілі.

Тәрбиеші: Аппақ таза ауамен терең тыныстап алайық.

Балалар: Таза ауамен тыныстайды.

Таңғажайып сәт: Алдарынан қыс ханшайымы кездеседі.

Қыс ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме, балалар?.

Балалар: Сәлеметсің бе қыс ханшайымы.

Тәрбиеші: Қыс ханшайымы неге көңілсіз болып тұрсың?.

Қыс ханшайымы: Мен мына қалың қарда қолғабымды жоғалтып алдым. Енді менің аяздан қолым тоңып қалады. Не істеймін енді?.

Тәрбиеші: Қыс ханшайымы уайымдама. Балалар саған жаңа қолғап жасап береді. Солай ма балалар?.

Балалар: Әрине жасап береміз.

Тәрбиеші: Мына жерде Қыс ханшайымының құралдары көп екен. Осы құралдарды пайдалана отырып, қолғап жасап берейік?. Жұмыс жасамас бұрын саусақтарымызды жаттықтырып алайық.

Саусақ жаттығуы:

Жалғыз саусақ тіпті де
Қыл қаламды ұстай алмас.
Екі саусақ бірікті
Қылқалам қолға ілікті.
Үш, төрт, бес
Өнерлі екен он саусақ.

Дәстүрден тыс әдіс өнерін пайдалана отырып, қыс ханшайымының қолғабын жасайық. Саусақтарды ашпай, біріктіре отырып, бояу үстіне бір қалыпты батырып, ақ қағаз бетіне түсіреміз. Қолғап шыққанын көрсету. Ұнаған түстеріне сәйкес қолғапты безендіру.

Балалар: жұмысты орындайды.

Қыс ханшайымы: Сендерге көп – көп рахмет! Енді менің қолым аязда тоңбайтын болды. Менің де сендерге дайындап қойған сыйлығым бар. Ала қойыңдар.

Тәрбиеші: Балалар, сендер жасаған қолғап сиқырланып кетіпті қараңдаршы?. Ішінде силықтар да көп. Қыс ханшайымына не айтамыз?

Балалар: Рахмет сізге ханшайым.

Тәрбиеші: Қыс ханшайымымен қоштасып балабақшаға оралайық. Әуе шарына отырып, балабақшаға оралады. Қайда бардық, не көрдік?.

Балалар: Жыл мезгілдеріне саяхаттадық.

Тәрбиеші: Сендерге саяхат ұнады ма?.

Балалар: Әрине ұнады.

Тәрбиеші: Қонақтармен қоштасайық

Балалар: Сау болыңыздар!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз