Өлең, жыр, ақындар

Ұзын, қысқа

Хромтау ауданы, Дөң ауылы
"Бәйтерек" балабақшасының
тәрбиешісі: Сұлтанғалиева Нұрсұлу Жетпісбайқызы

1-ші кіші «Гүлдер» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің қызметі

 

Білім беру саласы: Таным.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сенсорлық тәрбие.

Тақырыбы: Ұзын, қысқа.

Мақсаты: «ұзын», «қысқа» ұғымдарымен таныстыру, беттестіру /бетіне қою/ әдісі арқылы ұзындықты салыстыруға үйрету, сондай-ақ заттармен тәжірибелік әрекет барысында ұзындық туралы білімдерін қолдана білуге үйрету.

 

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеу-ояту

Саусақ жаттығуы.

Бас бармаққа қонаққа,
Үй есігі алдында,
Балаң үйрек, ортан терек
Шылдыр шүмек асыға.
Ең ақыры кішкентай бөбек
Есік қақты жайлана
Бірге жүрсе саусақтар-мәңгі достар
Бір-бірінсіз күні жоғын ұғынды олар!

Балалар саусақ жаттығуларын жасайды.

Ұйымдастыру іздену

Балалар бүгін быздың сабағымыз ерекше болады өткені бізге қонақтар келеді.

Қонақтарымыз бен амандасайықшы.

Балалар біз бүгін сіздермен ұзын,қысқа ұғымен танысамыз.

Балалар мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр.

«Жол салу» дидактикалық ойыны.

Балаларға жолақша-жолдар, үйлер және машиналардың суреті бар суреттер үлестіріп беріледі.

Балаларға сұрақтар қойылады.

- Жолдар бірдей ме?

- Айырмашылығы неде?

- Олардың қайсысы ұзынырақ?

- Жолақшалардың ұзындығын бір-бірінің үстіне қою арқылы білеміз.

- Қай жол ұзынырақ; үстіңгісі ме, астыңғысы ма?

Ұзын жолды көк үйге қоямыз, ал қысқасын қысқа үйге қоямыз.

- Машина қай жолмен үйге тез жетеді?

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Сергіту сәті:

Он қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Беске бесті қосқанда болып шықты он саусақ!

 

Суреттер  таратып алады.

 

 

Балалар амандасады.

 

 

 

 

Балалар жолдарды салыстыра қарайды, тапсырманы орындап, тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.

 

 

Жауап береді.

 

 

 

Рефлексивті түзету

«Ұзын және қысқаны тап» дидактикалық ойыны.

Әр түрлі суреттен ұзын қысқаны пішіндер арқылы  ажырату.

Сабақты қорыту:

Балалар бүгін біз не үйрендік?

Ұзын жолды.

Қысқа жолды.

Балалар тәрбиешінің көмегімен жауап беруге тырысады.

 

Күтілетін нәтиже:

жасайды: «ұзын», «қысқа» таспаларды салыстырады;

түсінеді: заттардың ұзын, қысқа болатынын;

қолданады: заттардың ұзын, қысқалығын білу үшін беттестіреді.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз