Өлең, жыр, ақындар

Шешендік өнер

«Қаратөбе мектеп – гимназиясы» КММ
Факультатив, 1 – сынып
Бастауыш сынып мұғалімі: Кетебекова Көркем Урынкабыловна

 

Қаратөбе мектеп-гимназиясының әдістемелік кеңесінде қаралып, аудандық білім беру бөлімінің эксперттік кеңесіне ұсынылды.
Хаттама №1 31 тамыз 2016 жыл.
Жасақтаған: Бастауыш сынып мұғалімі К.У.Кетебекова.
Рецензенттер: Аудандық білім беру бөлімінің бастауыш сынып пәндерінің жетекшісі: Г.Б.Сагинова.
Бастауышш сынып бірлестігінің жетекшісі: 1 санатты бастауыш сынып мұғалімі Т.К.Әтшібай

 

Пікір

«Шешендік өнер» факультативі 1 – сынып оқушыларына ана тілі пәніне негіздей отырып, кеңейтіп оқыту негізінде құрылған. Оқушыларды «Шешендік өнерге» баулудың маңызы зор. Қазақ халқы шешендік өнерді аса құрметпен бағалағандықтан, бастауыш сынып оқушыларына ата – баба ізімен шебер сөйлеу, тілдерін дамыта түсу, олардың үлгі өнегесін бойларына дарыту – басты мақсат.

«Шешендік өнер» факультативі оқушылардың сөйлеу мәдениетін жетік меңгеріп, шебер сөйлеу дағдысын қалыптастырады. Би-шешендердің сөздерін жаттап өсіп, жаңа ұғымдармен танысады. Мақалдың немесе өлең ұйқастарын таба отырып, берілген қысқаша мәтінді өз ойымен жалғастыра білуді үйренеді. Танымдық, шығармашылық қабілеттері артады.

 

Түсінік хат

«Ел боламын десең, бесігінді түзе» дейді ұлы жазушы Мұхтар Әуезов. Ал бесіктен басталатын тәрбиенің бірден–бірі – қазақ ауыз әдебиеті. Шешендік өнер болса, ауыз әдебиетінің бір саласы. Балаларды мектеп табалдырығын аттағаннан бастап дұрыс сөйлеуге, дұрыс ойлауға, сөздің мағынасын түсінуге тәрбиелеу- мұғалімнің міндеті, ата – ананың парызы. «Шешендік өнер» бұл орайда көмекші құрал бола алады. Ол мұғалімге бағыт бағдар береді. Ал балаларды көркем және шебер сөйлеуге тәрбиелейді.

Оқушыларды “Шешендік өнерге” баулудың маңызы зор. Қазақ халқы шешендік өнерді аса құрметпен  бағалағандықтан, бастауыш сынып оқушыларына ата – баба ізімен шебер сөйлеу, тілдерін дамыта түсу, олардың үлгі - өнегесін  бойларына дарыту – басты мақсат.

1- сынып оқушылары ана тілі пәніне негіздей отырып, көрген білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында шебер сөйлеуге жаттығады. Би–шешендердің сөздерін жаттап өсіп, жаңа ұғымдармен танысады. Мақалдың немесе өлең ұйқастарын таба отырып,  берілген қысқаша мәтінді өз ойымен жалғастыра білуді үйренеді. Танымдық, шығармашылық қабілеттері артады.

Сондықтан да оқушылардың сөйлеу мәдениетін  жетік меңгеріп, шебер сөйлеу дағдысын қалыптастыру мақсатында «Шешендік өнер» факультативінің  маңызы зор.

Шешендік сөздер-сонау ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан  асыл мұра. Бұл көркем сөздер  терең мағыналы, әр сөздің астарында тәлімді ойлар жатады. Сонысымен де  тыңдаушысының  нысанасына дөп тиіп, көңілге берік ұялайды. Дана халқымыз ол сөздерді  өнердің падишасына балап, шешендікті терең меңгерген адамды қадір тұтып, кемеңгер сөздерді «шешендік сөздер»  деп дәріптеген.

Данышпан халқымыздың басты байлығы - өте көнедегі тасқа қашалып жазылған ескерткіштеріміздегі киелі таңбалардан бастау алған қара қылды қақ жарған би-шешендердің теңіздей терең нақылдарымен сабақтасып, от тілді орақ ауызды ақын-жазушылардың қарымды қаламынан   туған қанатты сөздермен толысқан ұлы ана  тіл атты теңдессіз қазына. Оқушыларға осы қазынаның қыр-сырын меңгертудің бір жолы-«Шешендік өнер» факультативін  оқыту.

Факультатив аптасына 1 сағат, 33 сағатқа құрылған.

Факультативтің мазмұны: Факультатив «Би-шешендердің шешендік сөз сараптаулары.», «Халық ауыз әдебиетіндегі шешендік үлгілер», «Төрт түлік жырлары», «Ерлік – ел есінде», «Жақсыдан үйрен – жаманнан жирен.» атты бес тараудан тұрады.

Бағдарламаның  кіріспесінде «Шешендік өнер»факультативінің  мақсат мен міндеттері туралы түсінік беріледі.

Алғашқы тарауы қазақтың  шешендік өнерінің  қалыптасуы, Төле би, Қаз дауысты Қазбек, Әйтеке би т.б. билердің шешендік өнерде алатын орнын білгізу. Екінші тарау арқылы қазақ ауыз әдебиетіндегі ертегілер, аңыздар, әңгімелері таныстырылады. Үшінші тарауда  қазақтың төрт түлік жырлары туралы мағлұмат береді.ал төртінші тарауда қазақ батырларының өмір баяны мен жырлары туралы мәлімет беріледі. Соңғы бесінші тарауда бата, жұмбақ, айтыс, нақыл сөздер, жаңылтпаштар, мақал – мәтелдер, санамақтар, өтірік өлеңдерге талдау жасалып, сөйлеу мәнерлілігі жөнінде білім, білік-дағдыларын қалыптастыру көзделген.

Факультативтің  мақсаты:

•    Оқушы қазақ халқының би-шешендерінің нақыл сөздерін үйрену арқылы сөйлеу қолданысында пайдалана  білуді;
•    Шешендік өнер дәстүрін бойларына сіңіру арқылы ой жүйелілігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіруді;
•    Өз бетімен жұмыстану арқылы  танымдық, шығармашылық қабілеттерін шыңдауды;
•    Шешендік сөздерді болашақ шығармашылығында ұтымды пайдалана білуге үйретуді көздейді.
•    Мақалдың немесе өлең ұйқастарын таба отырып,  берілген қысқаша мәтінді өз ойымен жалғастыра білуді үйрету.

Факультативтің міндеттері:

•    Оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру:
•    Көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын дамыту;
•    Шығарманын түпкі мазмұн – мәнін түсінуін, эмоциялық қабылдауын (кейіпкерлердің  көңіл күйіне ортақтасу, күйіну, сүйіну т.б.) қамтамасыз ету;
•    Өзіндік ой – пікірін айта білуге баулу;
•    Оқушылардың бойына ізгілік пен имандылық, адалдық пен мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді дарыту;
•    Шешен сөйлей білу үшін жүйрік ойлай білуді маңыздылығын меңгерту;
•    Халық ауыз әдебиеті үлгілеріндегі шешендік сөздерді анықтау;
•    Би-шешендердің даналық сөздерінің  мәнін ашуға үйрену;
•    Тұжырымды сөздерді көркемдігіне талдау арқылы пайымдауға, салыстыра талдауға үйрену;

Оқушылардың білім-білік дағдысына қойылатын талаптар:
•    мәнерлі, астарлы, шешен сөйлей білуге дағдыландыру;
•    сөз өнерінің мәнін жете түсіну;
•    өз ой-пікірлерін көп алдында тиянақты да нақты жеткізе білу;
•    ұлттық құндылықты бағалай білу;
•    берілген тапсырманы міндетті түрде орындау.

Факультативті  қорытындылау формасы:

Пікірталастың түрлері ойбөліс, ойталқы, сөзталас түріндегі  дидактикалық ойындар,сұрақ–жауап, бес жолды өлең.

Бағдарламаның мазмұндық бөлімі
Кіріспе (1 сағат)

«Шешендік өнер» факультативі  туралы түсінік. Оқушыларды факультативпен таныстыру.

І тарау
Би-шешендердің шешендік сөз сараптаулары.
(7 сағат)

Кіріспе: Қазақ шешендік өнерінің қалыптасу тарихы. Қазақ шешендік өнерінің алғашқы нұсқалары түркі халықтарына ортақ Орхон-Енесей ескерткіштері мен көне жазба мұралар болып табылатындығы. Қорқыттың нақыл сөздері. Алғашқы шешендер Майқы би, Аяз би, Жиренше шешен. Қазақтың би-шешендерінің шешендік сөздері, олардың шешендік өнерді дамытуға қосқан үлестері. Төле би, Қаз дауысты Қазбек би, Әйтеке би шешендік өнердегі орны.

Мақсаты: Төле би, Қазбек би, Әйтеке билердің өмірі мен нақыл сөздерін; билер сөзіндегі тапқырлық, ұтқырлық мәселесін; Билердің шығармаларындағы шешендік пен парасатты; Тіл шеберлігіне қойған талаптарын және жазба әдебиет өкілдерінің шығармаларындағы қанатты сөздерді меңгеруі тиіс.

Міндеті:

- Қазақ шешендік өнерінің тарихын, Қорқыттың, Майқы би, аяз билердің шешен сөздерінің мәнін аша білу.
- Үш жүздің ұлы билерінің даналық сөздерін жатқа білу,

Бөлімнің  теориясы: 1. Қазақ шешендік өнерінің тарихы.. (қазақ шешендік өнерінің шығу тарихы, қалыптасу және даму кезеңдері)

Қорқыт ата нақыл сөздері.. Қазақ шешендік өнеріндегі Майқы би мен Аяз би тұлғалары, олардың шешендік сөздерінің мәні мен маңызы.

(Майқы би мен Аяз бидің шешендік сөздері, мәні, ерекшелігі, маңызы) . Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Жиренше шешен

(аталған би-шешендердің шешендік сөздері, мәні мен маңызы)

Өзіндік оқу әдебиеттері: Б.Адамбаев. «Қазақтың шешендік өнері», Алматы.Ғылым,1984ж, Б.Адамбаев «Алтын сандық» Алматы 1989ж. «Ел аузынан:Шешендік сөздер, ақындық толғамдар, аңыз әңгімелер» Алматы. Жазушы-1985,

Н.Төреқұлұлы «Қазақтың жүз би-шешені»Алматы.Қазақстан -1995.

Оқушы шығармашылығы: 1. Би – шешендердің шешендік сөэдерін жаттау.

ІІ тарау
Халық ауыз әдебиетіндегі шешендік үлгілер
(4 сағат)

Кіріспе: Халық ауыз әдебиетіндегі шешендік үлгілердің яғни аңыздардағы, ертегілердегі, әңгімелердегі шешендік сөздердегі тапқырлық, олардың шешендік өнерді дамытуға қосқан үлесі

Мақсаты: Халық ауыз әдебиеті үлгілеріндегі шешендік сөздерді тауып, ерекшелігін анықтау, бір-бірінен ажырата білу.

Міндеті: 

-    Аңыздардағы бейнелі ойлардың мәнін ашу,
-    Ертегілердегі шешендік сөз үлгілерінің белгілерін табу, астарындағы негізгі түйінін ашу
-    Оқушылар әңгімелерден шешендік сөздер құрауы тиіс.

Бөлімнің теориясы:

Алдаркөсе мен шықбермес Шығайбай. (Ертегіні түсініп алып, екі кейіпкерді талдау, талқылау.) Қожанасырдың хикаялары. (Қожанасыр туралы мәлімет беру, шешендік сөздерін талдау.) Төрт тентек (әңгімесінен бейнелі сөздерді табу.) Әділ төрелік ( мәні маңызы)

Өзіндік оқу әдебиеттері: «Ел аузынан: Шешендік сөздер, ақындық толғамдар, аңыз әңгімелер» Алматы. Жазушы-1985, Б.Адамбаев. «Қазақтың шешендік өнері», Алматы.Ғылым,1984ж, Б.Адамбаев «Алтын сандық» Алматы 1989ж. «Ел аузынан:Шешендік сөздер, ақындық толғамдар, аңыз әңгімелер» Алматы. Жазушы-1985,

Оқушы шығармашылығы: Әңгімелеу. Түсінгендерін айту. Кейіпкерлердің суретін салу.

ІІІ тарау
Төрт түлік жырлары
(7 сағат)

Кіріспе: Қазақ шешендік өнерінде төрт түліктің орны ерекше. Төрт түліктің өз балаларын сүюі, төлдерінің атаулары және олардың пірлерінің аталу ерекшелігі, пайдасы туралы мәлімет.

Мақсаты: Оқушыларды халықтың тіршілік-істерімен таныстыру, мал атауларын, ерекше қасиеттерін, пайдасын, күтім-бағымын түсіндіру. Атакәсіп туралы, олардың өмір салты жөнінде ұғым бере отырып, қазақ халқының табиғатқа, жан-жануарға деген қарым-қатынасының тәрбиелік жағына назар аударту.
Дамытушылық: Төрт түлік туралы өлең, жұмбақ, мақал - мәтел, өтірік өлеңдер, мәтіндер оқыту, танымын кеңейту, тілін дамыту.Олардың пірлерінің есте сақтауы. Бірлесіп жұмыс жасай отырып, оқушының өз пікірін білдіруге, ойын дәлелдеуге, өзгенің ойын тыңдай білуге баулу.

Міндеті: Төрт түлік туралы білімдерін тереңдету.

- Төрт түлік пірлерін құрметтеу, сыйлауға, бағалауға
- Оқушыларды мәнерлеп оқуға дағдыландыру және актёрлік қабілетін дамыту.

Бөлімнің теориясы: Төрт түлік туралы мағлұмат беру. Төрт түлік туралы мақал–мәтел, жұмбақтар. Төрт түліктің пірлері. Сексек ата. Шопан ата. Ешкі мен қойдың айтысы. Ойсыл қара. Түйе ойнақтаса. Қамбар ата. Зеңгі баба.

Өзіндік оқу әдебиеттері: «Ел аузынан:Шешендік сөздер, ақындық толғамдар, аңыз әңгімелер» Алматы. Жазушы-1985, Д.З. Жүсіпова, С.Ж. Андабекова, К.А. Сатыбалдиева, Қ.Т. Байғабылова Көркем әдебиеттің хрестоматиясы – Алматы «Аруана» 2010жыл.

Оқушы шығармашылығы: Мақал–мәтел, жұмбақтар, жатқа білу. Пірлерін есте сақтау. Өлең шумақ жырларын жаттау.

ІV тарау
Ерлік – ел есінде
(5 сағат)

Кіріспе: Билердің шешендік сөздеріндегі, жыраулар поэзиясындағы, Махамбет, Исатай, Сырым өлеңдеріндегі шешендік сөздердің бейнеленуі. Қазақ эпостарындағы бейнелегіш құралдар.

Мақсаты: Оқушылар көркемдегіш әдіс-тәсілдерді шешендік сөздерден таба отырып, осы тәсілдерді қолданып өздері нақыл сөздер құрай алуы

Міндеті:

- Сырым шешендердің  сөздеріндегі көркемдік, бейнелегіш құралдарды табу,
- Батырлар жыры, лиро-эпостық жырлардағы шешендік оралымдардың тәлімдік мәнін ұғу,
- Батырлар жырларындағы троптың түрлерін тауып талдауы
- Оқушылар троптың түрлерін қолданып, шешендік сөздер құрауы тиіс.

Бөлімнің  теориясы: Троп - сөздерді ауыспалы мағынада қолдану. Сөздерді ажарлап, бейнелеп, астарлап айту. Осы бейнелегіш құралдардың шешендік сөздердегі маңызы. Батырлар  жыры, лиро-эпостық жырлардағы батырдың,әйел образын берудегі шеберлік, тұлпар образын суреттеудегі бейнелеуіш құралдар. Махамбет пен Исатай ақындар поэзиясының өткірлігінің қисыны.

Өзіндік оқу әдебиеттері: З.Қабдолов, «Сөз өнері» Алматы,1992. М.Өтемісұлы,С. Датұлы, И. Тайманұлы  шығармалары.

Оқушы шығармашылығы: Батырлардың нақыл сөздеріне ұқсастырып, өздері де троптың түрлерінен нақыл сөздер ойлап жазу. 

2. «Тылсым табиғат сыры» (өз туған жерлерінің әсемдігі) тақырыбында досқа сыр-хат жазу.

V тарау
Жақсыдан үйрен – жаманнан жирен.
(8 сағат)

Кіріспе: Жұмбақ, жаңылтпаш, мақал–мәтелдердегі шешендік сөздер. Бата берудегі халық даналығы. Айтыстағы шешендік оралымдар. Қазақтың ырым-тыйым сөздері.

Мақсаты: Халық ауыз әдебиеті үлгілеріндегі шешендік сөздерді тауып, ерекшелігін анықтау, бір-бірінен ажырата білу.

Міндеті:

- Бата берудегі  бейнелі ойлардың мәнін ашу,
- Айтыстағы шешендік оралымдардың тәлімдік мәнін ұғу,
- Жұмбақ, жаңылтпаш, мақал–мәтелдердің мән–мағынасын ашу.
- Қазақтың ырым–тыйымдарын талдау, талқылау.
- Жеті атасы туралы білу.

Бөлімнің теориясы: Қазақтың жұмбақтары-шешендіктің бір түрі. Бата беру қазақ халқының мәдени даналығы. Мақал-мәтелдер- халықтың өмір тәжірибесінен қорытылып жинақталған ой-пікір. Айтыстағы поэтикалық ерекшеліктер. Айтыстың көркемдік кілті-шешендік сөз. Қазақтың ырым-тыйым сөздері.

Өзіндік оқу әдебиеттері: М.Ғабдуллин. «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» Алматы. Мектеп-1974ж,  Ақылдың көзі (мақал-мәтелдер) Алматы. Жазушы-1990ж.«777 жұмбақ»Әли Ысқабай.  «Ана тілі»2004ж. Алматы.Р.Сыздықова «Сөздер сөйлейді», Алматы, 1994.  «Қазақтың мақал-мәтелдері» Аян Нысаналин. 15. «Қазақпарат»2004ж.Алматы. «Жаттамақ» Ермек Өтетілеуов.  «Балауса»1994ж. Алматы. «Балдырған» журналы №7 2008,№82008,№12 2008ж.

Оқушы шығармашылығы:

1. Мақал-мәтелдерді қатыстырып, туған өлкенің тұлғаларына арнап аңыз-әңгіме шығару
2. Бата беріп үйрену, жатқа айту.
3. Жұмбақтарды шешу.
4. Айтыстын басқа түрлерін ойдан шығарып жазу

«Шешендік өнер» бағдарламасы 1- сынып   33 сағат.

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

1.1

1.2

1.3

1.4

1.5

 

 

2.1

2.2

2.3

2.4

 

 

3.1

3.2

3.3

3.4

3.5

3.6

3.7

 

 

 

4.1

4.2

4.3

 

 

 

5.1

5.2

5.3

5.4

5.5

5.6

5.7

5.8

І. Кіріспе. Би-шешендердің шешендік сөз сараптаулары.

 

Шешендік өнер тарихы

Қорқыт ата нақыл сөздері.

Қазақ шешендік өнеріндегі Майқы би мен Аяз би тұлғалары.

Қазақтың үш биі.

Қазақ шешендерінің атасы – Жиренше шешен.

 

ІІ. Халық ауыз әдебиетіндегі шешендік үлгілер

Алдаркөсе мен шықбермес  Шығайбай.

Қожанасыр хикаялары.

Әділ төрелік.

Төрт тентек.

 

ІІІ.Төрт түлік жырлары

Төрт түлік туралы түсінік.

Төрт түлікке арналған мақал – мәтелдер мен жұмбақтар.

Төрт түліктің пірлері. Ойсылқара.

Шопан ата. Ешкі мен қой айтысы.

Қамбар ата

Ойсыл қара. Түйе ойнақтаса.

Зеңгі баба.

 

IV. Ерлік – ел есінде

 

Батырлар жыры

Сырым шешен

Махамбет,Исатай шешендіктері.

 

V. Жақсыдан үйрен – жаманнан жирен.

 

Жұмбақтар құрастыру.

Нақыл сөздер

Қазақтың ырым- тыйым сөздері.

Тіл-туралы мақал – мәтелдер.

Жеті ата туралы түсінік

Қазақ халқының айтыс өнері және әдеп.

Батамен ел көгерер.....

Жаңылтпаш

 

VІ. Қорытынды.

8

1

1

2

3

1

 

4

1

1

1

1

 

7

1

1

1

1

1

1

1

 

5

 

2

1

2

 

8

 

1

1

1

1

1

1

1

1

 

1

 

Ақпараттық-әдістемелік бөлім

Пәнаралық байланыс: Сауат ашу, ана тілі, қазақ тілі, дүниетану пәні.

Оқу процесінің жабдықталуына қойылатын талаптар:

- үнтаспа
- электронды оқулықтар
- бейнефильмдер
- кестелер
- слайдтар

Оқушылардың білім-білік дағдысына қойылатын талаптар:

– мәнерлі, астарлы, шешен сөйлей білуге дағдыландыру;
– сөз өнерінің мәнін жете түсіну;
– өз ой-пікірлерін көп алдында тиянақты да нақты жеткізе білу;
– ұлттық құндылықты бағалай білу;
– берілген тапсырманы міндетті түрде орындау.

Факультатив бойынша әдістемелік кешеннің тізбесі:

- Сауат ашу әдістемесі
- Ана тілі әдістемесі
- Бағдарламалар.

Курс аяқтаушылардың іскерліктері мен біліктерін бағалауға арналған талаптар:

(Блум таксономиясы бойынша)

І деңгей

Есте сақтау

Шешендік өнер тарихын, көрнекті өкілдерін, олардың шығармаларын, шешендік өнер техникасын білу.

ІІ деңгей

Түсіну

Шешендік сөз үлгілерінің өзіндік ерекшеліктерін, сипаттарын ажырату.

ІІІ деңгей

Қолдану

Шешендік сөз үлгілерін ойлау жүйелілігі мен өйлеу мәдениеті ережелерін  пайдаланып, орынды қолдану.

ІҮ деңгей

Талдау

Шешендік сөз үлгілерін салыстырып, олардың ортақ және жеке ерекшеліктерін талдай білуі.

Ү деңгей

Жинақтау

Сөйлеу мәнерінде шешендік сөйлеу мәнерін кірістірудің маңыздылығын, тиімділігін негіздей білуі.

ҮІ деңгей

Бағалау

Қоғамдағы өзгерістер мен жаңалықтар негізінде шешен сөйлеу мәдениетін меңгеріп, ойды жүйелі құруға, сөзді орынды қолдануға, сезімді еркін жеткізе біліп, өз ойын, өзгенің ойын таразылай білуі.

Оқушыларға арналған әдебиеттер тізімі:

1. Адамбаев Б. «Алтын сандық». Алматы -1989
2. А.Байтұрсынов «Шығармалары»(ІІІ бөлім, «Әдебиет танытқыш»,137-298-б.), Алматы, «Жазушы»,1989
3. «Ел аузынан: Шешендік сөздер, ақындық толғамдар, аңыз  әңгімелер».
4. Құраст.Б.Адамбаев, Т.Жарқынбеков. Алматы. «Жазушы»-1985     
5. Төреқұлұлы Н. «Қазақтың жүз би-шешені». Алматы.  «Қазақстан»- 1995
6. М.Әуезов «Әдебиет тарихы» Алматы. «Ана тілі»-1991
7. Қазақ мақал-мәтелдері. Алматы, «Ана тілі»- 1993
8. А.Сейдімбек «Қазақ әлемі. Этномәдени пайымдау» Оқу құралыАлматы, «Санат»-1997
9. Г.Қосымова «Қазақ эпосындағы тұрақты сөз тіркестері» Көмекші құрал Алматы, «Рауан»-1997
10. «Алаштың ардағы» Е.Тілешов.Г.Әріпбекова. «Зерде»2008ж.Астана.
11. «Жыл он екі» журналы №4 2010ж,№1 2009ж.
12. «777 жұмбақ»Әли Ысқабай.  «Ана тілі»2004ж. Алматы.
13. «Ұлттық дүниетаным» Аюбай Құралұлы «Өнер»2002ж. Алматы.
14. «Қазақтың мақал-мәтелдері» Аян Нысаналин. 15. «Қазақпарат»2004ж.Алматы.
16. «Жаттамақ» Ермек Өтетілеуов. «Балауса»1994ж. Алматы.
17. «Балдырған» журналы №7 2008,№82008,№12 2008ж.

Мұғалімге арналған  оқу-әдістемелік кешеннің тізбесі:

1. Балақаев М. «Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері». Алматы-1965
2. «Билер сөзі». Құраст. Т.Кәкішев, Қазақ Университеті Алматы-1992
3. Ә.Нұрмұханова «Лектордың тіл шеберлігі» Алматы,1997
4. Әміров Р. «Ауызекі сөйлеу тілінің синтаксистік ерекшеліктері» Алматы, 1977
5. М.Дүйсенбаева «Қазақ әдеби тілі орфоэпиясының кейбір мәселелері». Алматы, «Мектеп»-1973
6. «Шешендік өнер курсының  бағдарламасы». Құраст.Ф.Оразбаева, А.Қыдыршаев. Алматы, «Арыс-2000»
7. Шканова Б. «Шешендік өнер негіздері» . Орал,1999.
8. М.Балақаев «Тіл мәдениетіжәне қазақ тілін оқыту»  Алматы,1989
9. Жұмалиев Қ. «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі Алматы,1960»
10. Р.Сыздықова «Сөздер сөйлейді», Алматы, 1994.


Пікірлер (2)

надежда

өте керемет жазылған

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар