http://a-brands.kz/

Мен және менің сыйлығым

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
№18 «Мереке» балабақшасының психологы:
Акеева Жулдыз Амрахуловна

Тақырыбы:  «Мен және менің сыйлығым»

Мақсаты: Педагогтардың өз-өзіне деген сенімділігін арттыру. Өзін таныстыра білу мәнеріне ие болу. Бірін–бірі жақынрақ білуге көмектесу және қысылу сезімін жеңуіне ықпал ету.

Көрнекі құралдар: ақ қағаз, түрлі-түсті қарындаштар,әуен, жүрек, түрлі-түсті шеңберлер т.б.

Ұйымдастыру  сәт.

«Жүрек жылуы»

Мақсаты: Педагогтардың бір-біріне деген жағымды ой, дұрыс көзқарастарын қалыптастыру, ішкі сезімдерін білдіре алуға жағдай жасау.

Нұсқау: Тренингке қатысушылар көңілді шеңбер құрып тұрады. Жүрекше беру арқылы бір-біріне жанға жайлы, жүрекке жағымды әсерлі сөздер айтады.

«Менің сыйлығым» жаттығу. К.Фопеля

Бұл жаттығуда қатысушылар бір–біріне сыйлық жасайды, бір-біріне достық сезім, сыйластықты білдіреді. Қатысушыларға 15 минут уақыт беріледі.

Керекті құралдар: Түрлі түсті қол майлық, ақ қағаздар, ұзын жіңішке, түрлі  түсті қағазтаспалар, қайшы,желім түрлі түсті шағын шанышқы, бұйра шиыршық, гуашь  т.б.

«Бағдаршам» ойыны.

Нұсқау:  қатысушылар түстерді  көрсетіп, сол түстер бойынша билейді. Қызыл жанғанда тоқтап, жасыл жанғанда билеп, сары жанғанда дайындалады. Осылай ойын жалғасады.

«Сөйлемді аяқта» ойыны.

Берілген аяқталмаған сөйлемдерді, аяқтаңыз. Сіздің мақсатыңыз берілген сөйлемді қызық, ерекше етіп аяқтау. Әрине, әзілқойлығыңыз бағаланады.  Кезектесіп тізбек бойынша  біріңізден кейін біріңіз жалғастырасыз.

Бастайық.
-    Мен бойым кішірек болғанымен, есесіне...
-    Мен кейде шыдамсызбын, есесіне...
-    Мен жалқаумын, есесіне...
-    Мен айқайлай беремін,есесіне...
-    Мен үндемейтін адаммын, есесіне...
-    Мен кешірімдімін, есесіне
-    Мен өзгелермен тез араласып кете алмаймын, есесіне...

Релаксация

Қатысушылар жайланып отырып, бейне рөлік слайд қарап әуен тыңдайды. Алған әсерін сурет бетіне түсіреді және баяндап береді.

Қорытынды:

«Кездескенше» жаттығу.

Барлық қатысушылар шеңбержасаптүрегеп тұрады.

Менің қолымда кішкентай ғана сиқырлы шам бар. Олсіздерге жылу, қуаныш, табыс, бақыт,сүйіспеншілік сыйлайды. Сіздер оны бір–біріңізге, бере отырып, тренинг туралы өз әсерлеріңізді білдіресіздер, әрине, осымен бірге әріптестеріңіздің атына өз тілектеріңізді жолдайсыздар.

Тренинг аяқталды. Бәріңізге көп-көп рақмет айтамыз. Өздерңізбен бірне жұмыс жүргізуүлкен ғанибет. Біз бүгінгі тренингте алға қойған міндеттерімізді орындадық депойлаймын. Сіздерге кәсіби қызметтеріңізде табыс тілеймін. Кездескенше!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)