Өлең, жыр, ақындар

Ойын - дамыту құралы

Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
«№3 Балдәурен балабақшасы»
Нұрписова Дариға

Мақсаты: Ойын технологиясын пайдалана отырып, жас ұрпақтың зейінін, ой-өрісін арттыру. Сөздік қорларын байытып, іскерлік дағдылары мен танымдық қабілетін дамыту. Қарым-қатынас мәдениетіне, рухани адамгершілікке тәрбиелеу.     

Ұйымдастыру барысы: «Жаңылмаймын» ойыны.

Ойынның шарты: 1-ден 10-ға дейін санайды, әр санды айтқанда «жаңылмаймын» деп, ал 3-ке бөлінетін санды айтқанда «жаңыламын» деуі керек. Мыс: 1-жаңылмаймын, 2-жаңылмаймын, 3- жаңыламын; т.с.с.

2 топқа бөлу: «Үшбұрыштар», «Төртбұрыштар». 

І. Сұрақ-жауап.
1. Ойынның қандай түрлерін білесің?
2. Ойынның бала өмірінде маңызы қандай?
3. Дамытушы ойындар дегеніміз не?
4. Ойын болжамға мысал келтір.
5. Санамақтың қандай тәрбиелік мәні бар?
6. Ұлттық ойындар баланы неге тәрбиелейді?

ІІ. Ойнай білген, ойлай біледі. Логикалық жұмбақ есептер.

1. Үстелдің 4 бұрышы бар, 1 бұрышын кесіп тастаса нешеуі қалады.
2. Тауық екі аяғымен шегілгенде 2 кг, бір аяғымен тұрғанда қанша кг?
3. Үш ағалы інілі балаларда 1 әпкеден бар, сонда отбасында неше бала?
4. Бес алманы бес қыз балаға бөлу керек, ал бір алма себетте қалуы керек.
5. Қонып тұрған құсты ұшырмай ағаш шыбығын қалай сындыруға болады?
6. Қандай ыдысты суға толтыруға болмайды?

ІІІ. Артық болмас білгенің. Өлшемдер туралы ұғым.

Ертеде қазақ үрдісінде өлшем бірлігі ретінде адам өз бойымен өлшеген. Кісі бойы құлаш – әркімнің өз құлашы өз бойына тең. Адым жарым құлашқа тең. Елі- бір саусақ қалыңдығына тең, ал екі алақан сыйымдылығы - қос уыс. Қарыс - бас бармақ пен сұқ арасын керіп ұстау. Енді сұрақ: Осы өлшемдерге кім көбірек мысал келтіреді?

ІҮ. Ойлан тап. Сөзжұмбақ шешу.

Ү. Жаңылтпаш айт жаңылмай.

Ең жалпақ қалпақ,
Аппақ қалпақ.
Басқа шақ қалпақ,
Аппақ қалпақ.  

Бес түп алма,
Бестік алғандікі.  
Төрт түп алма,   
Төрттік алғандікі.  

Бір ақ шымшық,   
Үш ақ шымшық.    
Төрт ақ шымшық.

Бір қыз кесте тікті,
Кестесін түсте тікті,
Кеште тікті.

Арқада алты арқар бар,
Қырқада қырық арқар бар.
Қырық арқарда қарт арқар бар,
Алты арқарда марқа арқар бар.

Қорытынды: Мектепалды даярлық топта математика сабағын оқытудағы ең басты міндет-баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту. Оқу  әдістемелік құралмен шектеліп қоймай, баланың ойлау қабілетін дамытатын ұлттық ойындар, дидактикалық ойындар, дамытушы ойындар мен ойын жаттығулар, есеп жұмбақтар, бас қатырғыштар, интеллектуалдық ойындарды тиімді пайдалану-баланың білімді берік меңгеруіне көмектеседі деп ойлаймын.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз