Өлең, жыр, ақындар

Бәрін білгім келеді

Атырау қаласы, Ақсай селосы
Жалпы білім беретін Б.Момышұлы атындағы
№25 орта мектептің шағын орталық тәрбиешісі
Утегенова Салтанат Махсотқызы

Көркем әдебиет, тіл дамыту және айналамен таныстыру пәндері бойынша мектепалды даярлық тобы балаларының арасындағы олимпиада

Олимпиада мақсаты: Балалардың өткен оқу іс-әрекеті бойынша алған білімдерін, тапқырлықтарын байқау. Шығармашылық қабілеттерін әр түрлі тапсырмалар бере отырып зерттеу. Өз-өзіне деген сенімдікті, шапшаңдықты дамыту. Ой-пікірлерін ортаға салып, сөйлеу мәдениетін  қалыптастыру.

Жүру барысы:

Жүргізуші: Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар, әділқазы мүшелері және олимпиадамыздың сайыскерлері. Бүгінгі өткелі жатқан көркем әдебиет, тіл дамыту және айналамен таныстыру пәндері бойынша мектепалды даярлық тобы балаларының арасындағы олимпиаданы ашық деп жариялаймыз.

Ендеше сайыскерлерімізбен таныс болайық:

1. МАД №1 «Қарлығаш» тобының тәрбиеленушісі, бүгінгі сайыскеріміз Аманқұл Әділжан
2. МАД №2 «Еркетай» тобының тәрбиеленушісі, бүгінгі сайыскеріміз Әміржанқызы Асылзада
3. МАД №2 «Еркетай» тобының тәрбиеленушісі, бүгінгі сайыскеріміз Самат Бекұлан

Міне, біздің үш сайыскеріміз алдарыңызда. Енді осы қатысушы сайыскерлердің әділ бағасын беретін, сынақтан сүзіп шығаратын әділ-қазы мүшелерімен таныстырайық:

Сайыскерлерімізге реттік нөмірін беру үшін әділ-қазы мүшелерінің алдындағы нөмірлерді таңдау сұралады. /нөмір суырады/

Сайысымыздың бөлімдерімен таныстырып өтейін:

1-тур Көркем әдебиет пәні бойынша:

1-бөлімі Шығармашылық әңгіме құру.

2-бөлімі Мәнерлеп оқу 12-16 жол

2-тур Тіл дамыту пәні бойынша:

1-бөлімі Қарама-қарсы сөздер, антонимдер

2-бөлімі Тілдің дыбысталу мәдениеті /берілген әріптерге сөз ойлау/

3-бөлімі Схема бойынша сөйлем құру /4-5 сөзден/

3-тур Айналамен таныстыру пәні бойынша:

1-бөлім іҒажайып дорба /Затты сипаттау: түрін, түсін, пішінін, неден жасалғанын әңгімелеу/

2-бөлімі Сурет бойынша әңгімелеу.

Тақырыптары:

«Менің Республикам»
«Менің қалам»
«Менің балабақшам»
«Менің отбасым»
«ҚР рәміздері»

 

Ал, сайыскерлерімізге сәттілік тілей отыра, олимпиадамызды бастаймыз.

Көркем әдебиет пәні бойынша 1-турдың

1-бөлімі «Шығармашылық әңгіме құру»

Шарты: Сайыскерлеріміз тақтада ілініп тұрған суреттердің ішінен біреуін таңдап, шығармашылық әңгіме құрады. 4-5 минут дайындыққа уақыт беріледі.

2-бөлімі «Мәнерлеп оқу»

Шарты: Сайыскерлеріміз қазір өз өнерлерін ортаға салады. Бұл бір жағынан үй тапсырмасы болып есептеледі. Кемінде 12-16 жолдан тұратын өлеңді мәнерлеп айту қажет.

Тіл дамыту пәні бойынша 2-турдың

1-бөлімі Қарама-қарсы сөздерді табу. Антонимдер

Шарты: мен қазір сендердің әрқайсыларыңа 5 сөзден сөздер айтамын, ал сендер сол сөздердің антонимдерін, яғни қарама-қарсы мағыналарын тауып айтасыңдар.

2-бөлімі Тілдің дыбысталу мәдениеті

Шарты: Қазір сендер әділ-қазы мүшелер алдынан 5 әріптен таңдап, тез арада сол әріпке сөз ойлап табасыңдар және біреуін буынға бөліңдер.

Әріптер: Қ, Т, А, О, П, Р, Ғ, М, Ш, Й, У, Н, Л

3-бөлімі: Схема бойынша сөйлем құру

Шарты: Өз таңдауларыңызбен кез-келген түсті таңдап, схема бойынша сөйлем құрыңдар. Ол 4-5 сөзден тұруы тиіс.

Айналамен таныстыру пәні бойынша 3-турдың

1-бөлімі: Ғажайып дорба

Шарты: сендер мына әдемі дорба ішінен кез-келген затты таңдап, оның түсін, пішінін, неден жасалғанын таба білулерің қажет.

2-бөлімі Сурет бойынша әңгімелеу

Шарты: Кез-келген папкада әр түрлі суреттер берілген, сендердің солардың ішінен біреуін таңдап алып, ішіндегі суреттерге қарап сурет бойынша әңгімелейсіңдер. Мұндағы папакадағы суреттердің тақырыптарымен таныстырып өтейін:

«Менің Қазақстаным», «Менің отбасым», «Менің қалам», «ҚР рәміздері», «Менің балабақшам».

Әділ-қазы мүшелерінің бағалау парақшасы

 

Сайыскерлердің аты-жөні

Көркем әдебиет

 

1-бөлім «Шығармашылық әңгіме құру»

Әңгіме құра білуі

Ойлау қабілеті

Сөз саптаулары

  1.

 

 

 

  2.

 

 

 

  3.

 

 

 

 

2-бөлім «Мәнерлеп оқу»

Жатқа айтуы

Дауыс ырғағы

Образға енуі

Сөздерді анық айтуы

  1.

 

 

 

 

  2.

 

 

 

 

  3.

 

 

 

 

 

Тіл дамыту

1-бөлім «Антонимдер» /5 сөзден/

Таба білуі

Шапшаңдығы

   1.

  1.
  2.
  3
  4.
  5.

 

  2.

  1.
  2.
  3
  4.
  5.

 

  3.

  1.
  2.
  3
  4.
  5.

 

 

 

2-бөлім: Тілдің дыбысталу мәдениеті /3 әріптен/

Әріпті атай білуі

Сөз ойлап табуы

Сөзді буынға бөлуі

  1.

  1.
  2.
  3.

 

 

  2.

  1.
  2.
  3.

 

 

  3.

  1.
  2.
  3.

 

 

 

3-бөлім «Схема бойынша сөйлем құру»

Сөйлем құра білуі

Шапшаңдығы

  1.

 

 

  2.

 

 

  3.

 

 

 

Айналамен таныстыру

1-бөлім: «Ғажайып дорба»/ 2 заттан/

Затты атай білуі

Түрін атай білуі

Түсін атай білуі

Неден жасалғанын айтуы

  1.

 

 

 

 

  2.

 

 

 

 

  3.

 

 

 

 

 

2-бөлім: «Сурет бойынша әңгімелеу»

Әңгімелей білуі

Сөйлеу мәнері

Сөз саптауы

  1.

 

 

 

  2.

 

 

 

  3.

 

 

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз