Өлең, жыр, ақындар

Қанның артериялық қысымы

БҚО, Зеленов ауданы
Белес жалпы орта білім беретін мектебінің
биология пәнінің мұғалімі: Каюпова Арайлым Жумагалиевна

 

Мақсаты: Қанның тамырлар бойымен қозғалуын қалай жүзеге асырылатынын түсіндіру, «қан қысымы», «тамырдың соғуы» ұғымдарын тұжырымдау.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, интерактивті тақта.

Күтілетін нәтиже: Қанайналым туралы толық мәлімет бере алады. Қанның құрамы мен қасиетін сипаттай алады. Қаның құрамын жетік меңгереді.                         

1. Үй тапсырмасы

1. Қан дегеніміз не?
2. Қанның құрамы?
3. Қан топтары және оны ашқан кім?
4. Қан топтарының үйлесімділігі?
5. Резус-фактордың маңызы?
6. Қан айналым шеңберлері және олардың ұзақтығы?
7. Артерия қан тамыры.
8. Капиляр қан тамырының ерекшелігі.
9. Вена қан тамырының ерекшелігі.

Қосымша мәліметтер қан топтарына мінездеме

Адамның қан тобы бойынша олардың мінездерін анықтау

Бірінші топ. Бұл топқа жататын адамдар, жігерлі, табанды, өмірдегі құбылыстарға көзін ашып қарайтын, шындықты ұнататын болып келеді.

Екінші топ. Сезімтал сәл нәрсеге көңілі қалғыш, сырттай қарағанда байсалды болып көрінгенімен, жүйкесі жұқалау,өзіне-өзі талап қойғыш.

Үшінші топ. Секемшіл,сенімсіздікпен қарайды, сары уайымға жиі салынады. Болған жайды көңіліне алмай,тез есінен шығарады.

Төртінші топ. Көздеген мақсатына жетуге ерік-жігерін аямайды.

Қан кету кезінде көрсетілетін алғашқы көмек

1. Мұрыннан қан кеткенде басты сәл көтеріп жатқызып немесе отырғызып көз аралығының қырына суық шүберек басады.

2. Артериялық қан тамырынан қан кету өте қауіпті,аз уақытта қанды көп жоғалтады. Жарақаттанған жердің жоғары жағын саусақпен қысады немесешүберекпен қатты қысып тастайды?

3. Вена тамыры жарақаттанса,қан аққан жердің төменгі жағын басады

2. Қызығушылықты ояту

Артериялық қысым дегенді қалай түсінесіздер?

Ендеше біздің бүгінгі сабағымыз «Қанның артериялық қысымы»

3. Мағынаны тану

1 топ - Қанның артериялық қысымы
2 топ - Қанның тамырлармен қозғалуы
3 топ - Қанның реттелуі

Танометрмен таныстыру

 

№11 Зертханалық жұмыс

Жұмыс барысы:

Тамырдың соғуына анықтама беру

Бір минуттағы а. отырып, в.тұрып,с.10 рет отырып тұрғаннан кейінгі тамырдың соғуын санау

Бір минуттағы тамырдың соғуы

Тыныштық күйде отырғанда

қозғалыссыз тұрғанда

10 рет отырып тұрғанда

 

 

 

 

Есеп беру тапсырмасы

Тамырдың соғуы мен тамырдың соғу жілігін кесте сызып,соған түсіреміз. Алған нәтижелерді салыстырып, өз жүректеріңіздің тыныштық және жүктеме түскен кездегі жұмысы туралы қорытынды жазу

Бекіту

1. Қан қысымын қандай құралмен өлшейміз?
2. Тұрақты қан қысымы?
3. Қан қысымының артуы?
4. Тамыр 1 минутта қанша реет соғады?
5. Қан қысымының төмендеуі?
6. Адамдағы қанның мөлшері?


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз