Өлең, жыр, ақындар

Тәуелсіздік тұғырым

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
№25 «Толағай» балабақшасы МКҚК
тәрбиешісі: Нұрмұханбет Ақерке Жамбылқызы

Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік тұғырым

Сабақтың мақсаты: Балаларға еліміздің тәуелсіздік алған күніне орай түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, егемен елімізге қамқор болуға, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру. Елін жерін, туған өлкесін сүюге және қорғауға тәрбиелеу.

Ұйымдастыру:

Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.

Тәрбиеші: Тәуелсіздік қандай киелі сөз. Осы бір құдыретті сөздің тереңіне көз жіберіп, ой елегінен өткізсек, ата бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы, азаттық жолында құрбан болған талай боздақтардың ұрпақтарына қалдырған аманаты екені сөзсіз. Біз - тәуелсіз елміз. Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16-шы желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Биыл міне тәуелсіздік алғанымызға 25-жыл!

Аяулым:

Әуелеттік Әнұранды аспанға
Туымызды тіктік биік асқарға
Жиырма бес жыл елтаңбамыз жарқырап
Тәуелсіздік  бізге есігін ашқанда
Өркендедік,ел болдық та кемелді
Елім менің Ата заңын ардақтап
Еркіндіктің шуағына бөленді.

Қалдыбай:

Отан! Отан!
Сен болмасаң, не етер ем,
Өмірден бұл өкінумен өтер ем.
Құс ұясыз
Жыртқыш інсіз болмайды.
Отансыз жан, өмірінде оңбайды.
Өзін-өзі қорлайды да сорлайды,
Тірі адамға – сол қайғы,
Күн көреді Әкесіз де Анасыз
Өмір сүрер,
Әйелсіз де баласыз.
Ал, Отансыз – нағыз сорлы панасыз.

Аяулым: Ел тарихында Абылай хан армандаған үш жүздің басын біріктіріп, дербес ел атандыру бақыты аңсатып барып, ақыры басымызға қонды-ау.

Слайд: Абылай ханнан үзінді.

1-оқушы:

Саясат:

Ақиқаттың ауылы – Ұлт  Отаным,
Атқызып тұр шындықтың құла таңын.
Ақиқаттың жолынан тайып кетсем
Алдына кеп жүгінем, сынатамын
Не десе де Ұлы Отан....ұнатамын!

Ән: Көк тудың желбірегені. (Хор).

2-оқушы.

Жамиғат:

Туған жер, Қазақстан-Отан-Ана,
Атымыз сеннен бөлек атала ма?
Күн құшақ сенің ыстық мейіріңе
Тасыңда тебіренбей жата ала ма?

Тәрбиеші: Слайд (15 ұлт) ата заң. Т.б.

1991 жылы 2-тарихи оқиға болып өтті. Біріншіден « мызғымас держава» болып есептелген КСРО мемлекеті таратылды. Екіншіден, одақтың бір мемлекеттің орнына 15 республика пайда болды.

1990 жылы 25 қазанда қабылданған Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Конституциялық  заңы жарияланды. Бұл-еліміздің ешкімге тәуелсіз, дербес мемлекет екендігін дүние жүзіне әйгіленген аса қасиетті құжат. ХХІ ғасыр табалдырығын еңсесі биік ел болып аттап отыр. Бұл ақын ағамыз Иран Ғайыптың «Тәуелсіздік» деп аталатын өлең жолдарында айтылған.

Асар:

Өзіңдікі – Елің де
Өзіңдікі-Жерің де
Өзіңді-өзің еткен бақ-
Тәуелсіздік төріңде!
Асқар тау да-сенікі,
Бақша-бау да-сенікі,
Қалтқысыз доспенен,
Қатал жау да сенікі,
Өзіңдікі-тауың да
От пен ауа, суың да,
Жаса, Қазақстаным
Белді бекем буыңда.

Көрініс: Жәнібек Ханның өсиеті.

Жәнібек хан: Балам, анау тұрған жебені алып берші? (баласы алып береді).

Мә, балам сындыр. (1 жебені береді, оны баласы сындырады, сонан соң 2 жебені береді, баласы сындырады... 5 жебені береді, бала сындыра алмайды).

Жәнібек хан: Балам осы 1 жебені оңай сындырдың, 2-жебені сәл кідіріңкіреп сындырдың, ал 5-жебені сындыра алмадың. Осының сыры неде? Не ұқтың?

Баласы: Әке бір жебе жалғыз, оны сындыру оңай болды, екі жебені сындыру қиындау болды. Ал 5-жебені мен сындыра алмадым. Ол «бірігіп өмір сүріңдер» дегеніңіз шығар!

Жәнібек хан: Иә, балам,дұрыс айттың.

Бірлік түбі-береке, Береке түбі-мереке. Ақ білектің күшімен, Ақ найзаныңұшымен ел болуды ойлаңдар.

Ұлдай:

Тарқамай тұрса базарың,
Білерсің заман ғажабын
Бодандық пен боздапты-ау
Кешегі менің қазағым.

Ұлболсын:

Теңгермепті оны басқаға
Болмапты баста баспана
Шоқпытпен ғана жүріпті
Жарымай ішер асқа да.

Дархан:

Жабайы деген тағы тым
Киіпті мәңгүрт қамытты
Өздері іздеп таппаған
Жерінен асыл бақытын.

Жасұлан:

Көңілді осы-ау бұзғаны
Қалжырап жүрген мұздары
Күңдікпен ғұмыр кешіпті
Қырмызы сынды, қыздары.

Әскер:

Әдірем қалып жай ошақ
Қалғаны болса бай асап
Қызыл қырғынды жасапты
Солақай содыр Саясат.

Нұрсұлтан:

Жайымыз жоқ-ау қалқалар,
Күнәсін солар арқалар
Үйіліп таудай жатыпты
Аштықтан қалған қаңқалар.

Амангелді:

Ойлары кетіп құрдымға
Кесіліп жолы жырдың да,
Бас көтерер зиялым,
Түсіпті түксіз қуғынға.

Абзал:

Шындықты айтып батырды
Тастапты жұрты жапырып
Ілияс, Сәкен, Бейімбет
Кетіпті босқа атылып.

Нұртас:

Тұншығып талай армандар
Сөніпті қайта жанғандар
Көрмегенді көріпті- ау
Міржақып пенен Мағжандар

Оңғарбек:

Жетелер небір ойларға
Тоқталып шешім байлауға
Кеудесін оққа тосыпты
Қазағым менің майданда.

Нұрай:

Елімнің бәрі есімде
Уақыт болса көшуде
Тыңды игерді қазағым
Қиырсыз дала төсінде

Жандарбек:

Өмірдің мына жәйім-ай
Шығады кімдер арымай
Қазағым Қайрат танытып
Нарыққа кірді мойымай.

Майра:

Тәуелсіздігім-намысым,
Алысқа тартар ар үшін.
Қиялға көзін тігеді,
Қазақстаным-Барысым!

Тәрбиеші: Міне биыл Тәуелсіз мемлекет болғанымызға 25-жыл толды. Осы уақыт ішінде елімізде біраз өзгерістер болды.

Слайд:

Тәрбиеші: Балалар, туған еліміздің егеменді тәуелсіздігінің 25 жылдығында еліміз көптеген жетістіктерге жетті.

1991-жылы 16-шы желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі жарияланды.
1991-жылы 2-ші қазанда қазақ халқының перзенті Тоқтар Әубакіров тұңғыш рет ғарыш сапарына аттанды.
1992-жылы 30-ыншы қыркүйекте дүние жүзі қазақтары құрылтайының салтанатты мәжілісі ашылды.
1995-жылы 27-шы ақпанда Қазақстан азаматтарына «Қазақстан азаматы» төл құжат беру басталды.
1993-жылы 12-шы қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы енгізілді.

Ал, 1991-жылы Қазақстан халқы өзінің тұңғыш президентін сайлады.  Сол сәттен бастап, халқымыз да бүлдіршіндеріміз де тәуелсіз, бақытты,тату, тәтті өмір сүріп жатырмыз.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз