Өлең, жыр, ақындар

Кішкентай бағбаншы

Маңғыстау облысы
Ақтау қаласы
№35 «Балдырған» бөбекжайының тәрбиешісі
Айладырова Қалампыр Аспенбетқызы

 

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімдері: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Кішкентай бағбаншы» (М.Төрежановтың әңгімесі)

Мақсаты: Мәтінді жүйелі мазмұндауды үйрету. Балалардың назарын сөздердің дыбысталуына және сын есім мен зат есімнің үйлесімділігіне аудару.

Көрнекілік: Үлестірмелі суреттер.

Әдіс-тәсілдер: Әңгімелесу, әңгіме оқып беру, сұрақ-жауап, дидактикалық ойын, мақал жаттату.

Сөздік жұмыс: Бағбаншы, жомарт, аянбай еңбек ету, ауыз тигізу

 

Әрекет  кезеңдері

        Тәрбиешінің   іс- әрекеті

Балалардың  іс-әрекеті

Мотиватциялық-  қозғаушылық

 

Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері.

− Балалар, сендер ата-аналарыңа көмектесесіңдер ме? Қалай көмектесесіңдер? Ата-аналарың тапсырған істі аяғына дейін орындайсыңдар ма?

Жарты шеңбер болып отырады.

- Ия

Балалардың жауабы

- Ия

Іздену - ұйымдастырушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жарайсыңдар, балалар! Қазір мен сендерге М.Төрежановтың «Кішкентай бағбаншы» әңгімесін оқып беремін. Барлығың мұқият тыңдаңдар.

(Тәрбиеші әңгімені оқып береді).

«Кішкентай бағбаншы» (әңгіме)

Садықтың әкесі бағбаншы. Ол әкесіне үнемі көмектеседі. Күн жылынып, қар еріп, жер кебісімен олар құмырсқалар сияқты бақта еңбектенеді.

Бір күні олардың қасына Халел жүгіріп келіп:

− Садық, жүр ойнайық,- деді.

− Менің жұмысым көп,- деп жауап берді Садық.

− Осыны да жұмыс деп ойлайсың ба? Әкең бәрін жасай салады. Ойнаған өте көңілді емес пе?

Халел ойыншықтарының бірінен соң бірін шығара бастады. Садық қатты ойнағысы келсе де, өзін жігерлендіріп, жұмысын әрі қарай жалғастыра берді.Күз келді. Бақта көптеген жемістер мен жидектер пісіп жетілді.Садық жеміс-жидектерді өзі де жеп, досына да ауыз тигізді. Халел жеміс-жидектерді тойып жеп алып:

− Қазір мен барлығын да жеп тауысамын, ештеңе қалмайды,-деді.

− Қалады. Әкем: «Жер-ана еңбекті ойынға айырбастамай, аянбай еңбек еткендерді өз жомарттығымен сыйлайды» деген,-деді Садық.

Сұрақ-жауап арқылы әңгіменің мазмұнын пысықтау:

− Садықтың әкесі кім?

− Олар қайда еңбектенеді?

− Олардың қасына кім келді?

− Халел Садыққа не деді?

− Садық не деп жауап берді?

− Халел Садықты қалай қызықтырды?

− Садық досын немен сыйлады?

− Халел жеміс-жидекке тойып алып, не деді?

− Садық оған қалай жауап берді?

− Балалар, біздің әңгімеміздегі Садық өте еңбекқор бала екен. Ол өзінің әкесіне көмектесті. Садық өз еңбегінің арқасында мол өнім алды. Сонымен қатар өте жомарт екен.

− Ал, Халел болса еріншек, ойын ойнаудан қолы тимейтін, еріншек бала екен. Сендер қалай ойлайсыңдар, бұл екі баланың қайсысын жақсы бала деп, айта аламыз? Сендер Халелдің орнында болсаңдар не істер едіңдер?

− Балалар, мен сендерге әңгімені тағы бір рет оқып беремін. Мұқият тыңдаймыз.

Сергіту жаттығуы

Ұзын қанат инелік,
Инелікке тимелік.
Ұшақты біз жасадық,
Инеліктен үйреніп.
Зу-зу, зу-зу, зу-зу.

Балалардан әңгіме мазмұнын айтуды сұрайды. Бірнеше баланы тыңдайды.

− Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей,- деген мақал біздің кейіпкеріміз Садыққа арнап айтылғандай. Кім көп еңбектенсе, аямай тер төксе, ол адам өз еңбегінің жемісін жейді. Мол өнім алады. Қарны тоқ болады.

Дидактикалық ойын «Бөлігін тап»

Мақсаты:Балалардың бақша өнімдері, яғни көкөністер туралы білімін бекіту. Шапшаңдыққа және ұжымда ойнай білуге тәрбиелеу.

Керекті құралдар: Көкөністердің жердің астында және жердің бетінде өсетін бөліктерінің суреттері.

Шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Әр топқа көкөністердің жердің астында және жердің бетінде өсетін бөліктерінің суреттері араластырылып беріледі. Балалар көкөністердің бөліктерін тауып, олардың атын атауы керек. Қай топ бірінші болса, сол топ жеңіске жетеді

Тәрбиешінің әңгімесін мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Бағбан.

-Бау-бақшада.

-Халел.

-Ойыншықтармен ойнайық.

-Әкеме көмектесемін –деді.

-Ойыншықтарын көрсетіп.

-Піскен жеміс-жидектерді.

Балалардың жауабы.

Балалардың жауабы.

 

 

 

 

(балалар жауабы)

 

Мұқият тыңдайды.

 

 

 

Сергіту сәтін орындайды.

 

 

 

Әңгімені мазмұндайды.

 

 

Екі топқа бөлінеді. Көкөністердің бөліктерін тауып, олардың атын атайды.

Рефлексті -Коррекцялаушы

Оқу қызметін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды. Балаларды мадақтайды.

Сұрақтарға жауап береді.

 

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Тәрбиешіні мұқият тыңдац білуі керек.

Болуы керек: Мәтіннің мазмұнын түсініп, игереді.

Қолынан келуі керек: Мәтіннің мазмұнын айта білді.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз