Техникалық және кәсіптік білім беруді сапалы жүзеге асырудағы жаңа ақпараттық технологиялардың маңызы

Атырау Көпсалалы "Болашақ" колледжі
әдіскері: Садихова Разила Абужановна

    
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы он сегізінші бағыттың маңызы ерекше. Онда: «Ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағдарланған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр»,- деп атап көрсеткен.

Қазіргі кезде қоғамның ақпараттық сипатқа ие болуы негізінде ғаламдық ақпараттық үдерістерге ілесудің мәні өте зор болып отыр. Қоғамды ақпараттандырудың басты мақсаты – білім беру саласы арқылы ақпараттық үдерістерді,  құбылыстарды, олардың арасындағы өзара байланыстарды модельдеу негізінде қабылданған шешімдердің нәтижелерін талдау және болжау, оқу мен практикалық міндеттерді шешудің стратегиясын жасау, мамандардың педагогикалық кәсіптік біліктілігін қалыптастыру, олардың жеке және альтернативті ойлау қабілеттерін дамыту, қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану әдістерін меңгермей жүзеге асыру мүмкін емес.

ХХ ғасырдың отызыншы жылдарында  сауатсыздықпен күрес жүргізілгендей, ақпараттық теңсіздікті жою жөніндегі ауқымды іске азаматтарды тарту қажеттігі, сонымен қатар, мемлекеттік қызметке жаңа қызметкерлерді қабылдау кезінде компьютерді, интернетті және электрондық поштаны қолдана білу дағдысы міндетті талап болуға тиіс екендігі де атап көрсетілген. Осыған байланысты  XXI ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр. Компьютерлік техниканы, Интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық және интерактивтік технология құралдарын, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру қажет.

Қазіргі заман болашақ мамандарынан тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, психологиялық-педагогикалық, технологиялық тұрғыдан сауатты және ақпараттық-коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық сауаттылығы, ақпараттық мәдениеті мен ақпараттық құзыреттілігі қалыптасқан маман болуы талап етілуде. Жоғарыда аталған жайларды меңгерген маман оқушылардан осы білімдерді талап ете алады.

Қазіргі заман талабы – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларының бірі – ақпараттық технология. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді. Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды,  идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту қажет. Білім  беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады» делінген.  Сонымен қатар бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізу, On-line тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру, оқу жоспарларына жаратылыстану ғылымдары бойынша, бірінші кезекте, математика мен ақпараттандырудан қосымша сағаттар немесе пәндер енгізу қажеттігін баса айтты.

Кәсіптік білім беруде ақпараттық технологияларды пайдалану мен оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Үшінші мыңжылдық  кезінде қоғамның даму көрсеткіші ретінде ақпараттық қоғамға өту ісі алынады да, ал оның ең анықтаушы ролін ақпарат түсінігі атқарады. Ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және тарату тәсілдері мен құралдары динамикалық түрде өзгеріске ұшырап, солар арқылы қоғамның инфрақұрылымы қалыптаса бастады.

Колледж оқытушылары үшін ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
-    оқушының өз бетімен жұмысына;
-    уақытын үнемдеуге;
-    білім – білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеруде;
-    қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
-    қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
-    экономикалық тиімділігі;
-    іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйренуде (би өнері,  қол еңбегі, дене шынықтыру сабақтары т.с.с.);
-    қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді;
-    оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.

Оқытушы сабағында ақпараттық технологияның  тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі. Ақпараттық технологияны пайдалану іс-тәжірибесі тиімді әдіс деп ойлаймын.
Атырау «Болашақ» көпсалалы колледжінде оқушылардың ақпараттық құзыреттіліктерін қалыптастыру үшін барынша жағдай жасалған. Колледжде жаңа заманға сай жабдықталған 1 информатика кабинеті бар. Онда колледж оқушылары мен оқытушыларының, өндірістік оқу шеберлерінің ақпараттық оқу құралдарын пайдалануға және әлемдік ақпарат жүйесіне еркін еніп, өз білімдерін тұрақты жетілдіруге жағдай жасалған. Колледжде сонымен қатар 1кабинет интерактивті тақтамен жабдықталса. Колледжде болашақ мамандарға 28 оқытушы мен өндірістік оқу шеберлері сапалы білім мен саналы тәрбие беріп келеді. Оқытушылар мен өндірістік оқу шеберлерінің көпшілігі дербес компьютерді және интерактивті тақтаны жетік меңгерген, арнайы білім курстарының сертификаттарына ие болған. Арнаулы пән оқытушылары бұл құралдардың барлығын сабақтарында еркін пайдаланады.

Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай  талап етілуде. Оқу процесінде компьютерді тиімді пайдалану  және қолдану кейінгі жылдары айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Атап айтсақ, оқушылардың өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр.

Электрондық оқу құралы – бұл оқу курсының ең маңызды  бөлімдерін, сонымен бірге есептер жинағы, анықтамалар, энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу эксперименттерін жүргізу нұсқаулары, практикумға, курстық және дипломдық проектілерге нұсқау және т.б. білім беруді басқаратын электрондық оқу құралы. Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар мен тарау бойынша тест жұмыстарын орындап, анимациялық практика тапсырмаларымен жұмыс жасауға дағдыланады. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине  мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп есептеймін.

Жаңа ақпараттық технологияларды кәсіптік білім беруде пайдаланудың тағы бір ерекшелігі – бітіруші түлектердің біліктілігін растау емтиханын ұйымдастыру және өткізу. Дербес компьютерлерге арнайы тест бағдарламалары енгізіліп, бітіруші түлектер бітіру емтиханының тест сұрақтарына өз бетінше дайындалу мүмкіндігіне ие болды. Соңғы екі  оқу жылында колледждің бітіруші түлектері тәуелсіз білімді бағалау тестіне қатысып, орташа көрсеткіш 90 пайызға жетті. Әрине, бұл да ақпараттық технологияны оқу үрдісінде пайдаланудың жемісі.
Білім – болашақ бағдары, кез-келген маман даярлайтын оқу орынның басты міндеттерінің бірі – жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Құзіреттілікті оқушының пән бойынша игерген білім, білігінің жинағы деп қабылдауға келмейді. Ол – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа.

Пән оқытушылары  білім беру жүйесін ақпараттандыруды дамыту бағытында колледждің оқу – тәрбие үрдісін ақпараттандыру мен барлық пәндерге  ақпараттық – коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін  пайдалану және өз пәнін оқытудың сапасын арттыру жағдайында олардың ақпараттық құзырлылығы қалыптасқан тұлға болуы қажет.

Басқаша айтқанда, бұл кеңістікке ең алғаш еніп, оны жүйелі және кәсіби бағытта енуін қамтамасыз ететін мұғалім. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде  жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны немесе басқа да жаңашыл құрылғыларды еркін пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс.

Техникалық және кәсіптік білім беруде ақпараттық технологияларды пайдалану мен оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру атты баяндамамды қорытындылай келе төмендегідей ұсыныстарға тоқталамын:
-    техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарын қазіргі заманға сай жаңа ақпараттық құрал – жабдықтармен жабдықтау, интерактивті тақталар мен мультимедиялық кабинеттермен  және арнаулы пәндер бойынша электрондық оқулықтармен, тренажерлармен қамтамасыз ету;
-    кәсіптік білім саласында оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану бойынша білім жетілдіру курстарын жиі ұйымдастыру;
Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудан күтілетін нәтиже жаңа заманға сай ақпараттық мәдениеті мен құзіреттілігі қалыптасқан, теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана алатын, информатика пәнін басқа пәндермен байланыстыра алатын жеке тұлға қалыптастыру.

«Қазіргі заманда болашақ жұмысшы мамандарды ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Ақпараттық – коммуникациялық технологияны оқу – тәрбие үрдісінде қолдану оқушының өз мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлесі мол.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.    “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан”  Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2007       
2.    “Қазақстан мектебі” журналы №8, 2004
3.    «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы, 2014ж.
4.    «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2008      
5.    Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы



Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)