Өлең, жыр, ақындар

Табиғат және адам.

Ақмола облысы

Еңбекшілдер ауданы

Аманкелді орта мектебінің

математика және физика пәнінің мұғалімі

Мухамеджанова Данагуль Абаевна

Күні:

Сыныбы: 7

Пәні:физика

Сабақтың аты

Табиғат және адам. Физика –табиғат  туралы ғылым.

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

Табиғат және адам.Физика-табиғат туралы ғылым жайлы мағлұмат беру;

Күтілетін нәтиже

Табиғат және адам.Физика-табиғат туралы ғылым жайлы мағлұмат алды; өзін-өзі реттеді;

Негізгі  идеялар

  Өздерің ашып отырған оқулық “Физика“ деп аталады. Бұл жаңа ғылымды сендер мектепті бітіргенше оқып игересіңдер.

Физика – табиғат туралы ғылым. Бірақ табиғатта көптеген алуан түрлі өзгерістер немесе құбылыстар болады. Физика олардың қайсысын зерттейді? Физикалық құбылыстарға жататындар:1) механикалық құбылыстар (мысалы, ұшақтар мен автомобильдердің қозғалысы, маятниктердің тербелісі мен құбыр бойынша сұйықтықтардың ағысы, Жердің Күн айналасында және орбиталық станциялардың Жер айналасында айналуы);2) электрлік құбылыстар (мысалы, электрленген денелердің тартылуы мен тебілуі, электр тогы және т.б.);3) магниттік құбылыстар (мысалы, магниттердің темірге әсері, токтардың магниттік өзара әрекеті, Жердің компас тіліне әсері және т.б.);4) оптикалық құбылыстар (жарықтың әр түрлі орталарда таралуы, айналардан жарықтың шағылуы, әр түрлі жарық көздерінің жарық шығаруы және т.б.);5) жылу құбылыстары (мұздың еруі, судың қайнауы, қардың түзілуі, металдардың жылулық ұлғаюы, электрлік жылытқыш аспаптардың әрекеті және т.б.);6) атомдық құбылыстар (мысалы, атом бомбаларының жарылысы мен жұлдыздардың қойнауындағы болатын процестер және т.б.)

Тапсырмалар

Топтық  жұмыс

Тапсырмалар

 Жұптас-ойлан-бөліс сұрақтарға жауап беру

Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:  (мұғалім және оқушы  немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

  1. Сәлемдесу
  2. Сынып оқушыларына  жағымды ахуал туғызу
  3. Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (әр түрлі  фигуралар арқылы)

ІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)

  1. Айдың тұтылуын қалай түстһіндіруге болады?
  2. «Табиғат» деген сөздің  мағнасын қалай  түсінесіңдер?
  3. Табиғат құбылыстары туралы не айтасыңдар?

ІІІ. Слайд көрсету. (8 мин)

Жаңа  тақырыпқа қысқаша шолу.

 ІҮ. Топтық жұмыс (15 минут)   

          Фрипчартқа сурет салу.

І топ «Табиғат құбылыстары»                    ІІ  топ Физикалық құбылыстар

Топ пікірлерін тыңдап, салып және қорғайды.

Ү. Жұптық жұмыс  (10 минут)

Қандай  табиғат құбылыстары физикалық  құбылыстарға жатады?

Табиғатты қандай  ғылымдар зерттейді?

Тақырыпта аталмаған физикалық және  астрономиялық құбылыстары  туралы айтып беріңдер?

Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру          

ҮІ.  Кері байланыс (бағдаршам )

(3 минут)

ҮІ.Үй тапсырмасын беру  тақырыпты мазмұндау. Табиғат және адам бірлігіне  байланысты әңгіме құрастыру.( 2 мин)

ҮІІ. Бағалау.  Кім канша  геометриялық  фигуралар жинады.(2 мин)

 

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз