Өлең, жыр, ақындар

Өнер ордасы

№2 Шұбарқұдық қазақ–орыс орта мектебі
Музыка пәні мұңалімі: Аязбай Айгерім Жекейбекқызы

 

Сабақтың тақырыбы: Өнер ордасы.

Сабақтың мақсаты: Өнер мекемелері жайлы мағлұмат беру.

Білімділігі: Оқушыларға өнер мекемелері жайлы түсінік беру, Қазақтың ұлттық консерваториясы жайлы әңгімелеу, Атақты дирижер Тілес Қажығалиевтің өмірбаянын айтып, түсіндіру.

Дамытушылығы: Оқушылардың танымдық іс–әрекетін, есте сақтау, қиялдау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілігі: Өнер ордасымен таныстыру арқылы Отанын сүюге, адамгершілікке, өз ісіне сенімі мол, еңбекқор, мейірімді, өнерлі, заманына сай тұлғаны тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, ән орындау.

Сабақтың көрнекілігі: музыка пәні кітабы, суреттер, видеоролик.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасып, сыныпты түгендеу.
2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Тренинг

Оқушыларды ортаға шығарып, шеңбер құрғызу. Бұл тренингте бірінші оқушы келесі тұрған оқушыға өз тілегін айтуы керек. Ал үшінші тұрған оұушы оның тілегін қосып келесі оқушыға айтуы тиіс. Осылай жалғаса береді.

Оқушыларды топқа бөлу.

I – топ: Концерт залы

II – топ: Консерватория

Үй тапсырмасын тексеру: Қазақстанның скрипка мектебі

Сөзжұмбақ.

I – топ: Концерт  залы
1. «Қазақ вальсі» әнінің авторы кім?
2. Әбілхан Қастеевтің жаз мезгіліне арналған шығармасы қандай?
3. Табиғатты немесе бір аймақты бейнелейтін сурет не деп аталады?
4. Белгілі қылқалам шебері кім?
5. Айман Мусаходжаева орындайтын аспап
6. «Саяхаттау» гоболенінің авторлары кімдер?

II – топ: Консерватория

1. Батыр, ақын әрі күйші.
2. Құрманғазының күйі.
3. «Сарыарқа» күйінің композиторы.
4. «Ленинградтық өренім» өлеңін шығарған автор кім?
5. Айман Мусаходжаева орындайтын аспап.
6. «Саяхаттау» гобаленінің авторлары кімдер?

Оқушыларға постер қорғату. Екі топқа қағаздар тарату.

Жаңа сабақ түсіндіру.

Ұлы Отан соғысы жылдары, яғни 1944 жылы Алматы консерваториясы ашылды. Сол жылдары орыс мәдениетінің өнер қайраткерлері – Галина Уланова, Эрий Завадский, Наталия Сац және Вера Марецкая Алматы қаласын қоныс аударған болатын. Олар Мәскеудегі Кеңіс одағының басшыларына Алматы қаласында консерватория ашу жайында хат жолдайды. Олардың өтініш хаттарына: «... мәдениет үшін еш нәрсе тосқауыл бола алмайды. Қай замада болмасын мәдениет әрдайым дамып келеді. Оны өткен тарихымыз дәлелдеуде. Қазақ халқы соғс зардабынан мәжбүрлікпен қоныс аударған халықтарға қонақжайлылық пен кеңпейілділік танытуда. Сондықтан қазақ халқына үлкен құрметімізді білдіре отырып, жасалар жұмыстың жаупкершілігін өз мойнымызға аламыз» , - делінген. Сөйтіп, еліміздің қиын кезеңіне қарамастан, одақ басшылығы Қазақстанда жоғары оқу орнын ашуға шешім қабылдайды. 1944 жылы 24 шілдесінде Алматы мемлекеттік консерваториясын ашу жөнінде Халық Комиссиалары Кеңісінің Қаулысы қабылданады.

Консерватория «Музхоркомбинат» деп аталатын республикалық балалар мектебінің негізінде ашылған. Ал музыка мектебінің сол кездегі директоры И.В.Круглыхин консерваторияның ректоры болып тағйындалды.тКонсерватория ғимараты Сталин даңғылының бойында орналасқан. Сол ғимараттың 8 бөлмесі консерваторияға бөлініп берілді. Жұмысты бастау үшін басшылықтың тапсырысымен жеке адамдардан музыкалық аспаптар сатып алынады. Олар: 1 концерттік рояль, 3 кабинетке арналңан рояль, 3 пианино, 3 скрипка, 3 виолончель, 1 контрабас, 1 гобой, 2 кларнет, 3 волторна, 1 литавра. Балалар музыка мектебінің кітапханасында жоғары оқу орнына арналған нота жазбалары мен оқулықтар жоқ болатын. Соғыс жүріп жатқанына қарамастан, Мәскеу мен енинград консерваториясы 3330 нота жазбалары мен оқулықтарды сыйға тартады. Ал қоныс аударған орыстың мәдениет және өнер қайраткерлері консерваторияның ұстаздары болып жұмысқа орналасады.

Оқу орнына студенттерді қабылдау қиынға соқты. Себең, одақ басшылығы 150 адамды ғана алуға қаржы бөлді. Рінші курсқа қабылданғандардың арасында интернатта тұратын, ата – анасыз тұратын жастар да болатын. Олармен бірге КСРО халық әртісі Күләш Байсейітова, ҚазКСР – інің халық әртісі Қанабек Байсейітов, белгілі композиторлар Мұқан Төлебаев пен Бақытжан Байқадамов, Композиторлар одағы қазақ бөлімінің хатшысы. Композитор Борис Ерзакович те болды. Олар халық әртісі бола тұра консерваторияның 1 – курсына оқуға түсті.

Осылайша Алматыда алғаш рет ашылған консерватория өз жұмысын бастап, қазіргі таңда Орта Азияда музыкалық білім беретін ең жоғары оқу ордасына айналып отыр.

Видеоролик тамашалайық!

Тілес Қажығалиев. «Қыз қуу». Орындайтын Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының симфониялық оркестрі.

Құрманғазының күйі «Сарыарқа». Орындайтын Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының қазақ ұлт аспаптар оркестрі.

Постер қорғау: Екі күйді салыстыр.

Ән орындайық!

«Ақ көгершін». Әнін жазған А.Жұбанов, өлеңін жазған Н.Баймұхамедов.

Жаңа сабақты қорытындылау
1. Алматы консервториясының ашылуына кімдер ықпал жасады?
2. Консерваторияны ұйымдастыру барысында қандай қиындықтар болды?
3. Алғаш рет консерваторияда кімдер білім алды?
4. Тілес Қажығалиев кім?

Бағалау.

Үйге тапсырма беру.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер