Өлең, жыр, ақындар

Жемістер мен көкөністер

Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
№23 «Айзере» балабақшасы
Тәрбиеші: Избастиева Марияш Сагиновна

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Сабақтың тақырыбы: «Жемістер мен көкөністер

Сабақтың мақсаты:                                    

Білімділік: Күз туралы білімдерін толықтыру, көкөністер мен жемістердісипаттай білуге үйрету. Байланыстырып сөйлеу тілін, көркемдік талғамын дамыту, сөздік қорын молайту. Адамдар еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеу қабілетін,эстетикалық талғамын дамыту.

Тәрбиелік: Адамдар еңбегін құрметтей білуге және табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.

Сабақтың  көрнекілігі: көкөністер мен жемістер суреті, муляждар, қуыршақ театры, музыка.

Алдын- ала жұмыс: көкөніс, жеміс-жидектердің қағаздан қиылған бейнесі.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:көрсету, түсіндіру, сұрақ- жауап, ойын, сергіту сәті Венн диаграммасы.

Сөздік жұмыс: «береке», «ырыс», «молшылық», «жомарт». 

                                                                    

Әрекет кезеңдері

Тәрбишінің  іс-әрекеті

Балалардың  іс-әрекеті

Мотивациялык      қозғаушы

 

 

Шаттық шеңбері:

Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Барлық жанды құрметтеп
Бас иеміз біз.

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

- Күз мезгілінде неше ай бар?

- Күз Күз мезгілінде ауа – рай қандай болады?

- Күз мезгілі туралы қандай тақпақ болады?

Бүгін аптаның қай күні?

Өткен оқу іс -әрекетін еске түсіру.

- Балалар қане кім маған төрт түлікті атап береді?

- Төрт түліктің қандай пайдасы бар?

- Төрт түліктің төлдерін атайықшы?

- Өте жақсы, балалар.

- Балалар тәрбиешімен бірге шаттық шеңберін орындайды.
 

- күз мезгілі

- үш ай бар

- салқындай бастайды,далада жаңбыр жауады.

2-3 бала тақпақ айтады.

 

- дүйсенбі

 

- балалар сұрақтарға жауап береді.

Іздену – ұйымдастырушы

Жаңа оқу қызметімен таныстыру. Балалар қазір мен сендерге өлең оқып беремін.

Өрік, шие, бәрі бар,
Қауын, қарбыз көбейді.
Жегің келсе бәрін ал,
Неге аласың демейді.
Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.

- Балалар бұл өлеңде қай мезгіл туралы айтылған?

- Неліктен күзді жомарт күз деп атаймыз?

Дәнді дақылдарға: күріш, бидай, жүгері жатады.

- Берекелі күздің сыйлары көкөністер мен жемістерге тоқталамыз. Көкөністерге: қауын, қарбыз, жуа, картоп, сәбіз, қызанақ, орамжапырақ, асқабақ, қызылша, қияр, жатады. Көкөністер жерде, бақшада өседі, ал жемістер ағашта өседі. Жемістер мен көкөністер дәрумендерге өте бай. Көкөністерді тамақ пісіргенде қолданамыз. Ал жемістерді жейміз, тосап, шырын қайнатамыз. Қане балалар жемістер мен көкөністер туралы тақпақ білеміз бе?

Өте жақсы, балалар көкөністер мен жемістер туралы тақпақ біледі екенсіңдер.

Ой, мынау кім? Балалар?

Наф – наф саламатсыз ба?

Қане балалар, орнымыздан тұрып, бір серігіп алайықшы.

Сергіту сәтті:

Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп,теріп алайық
Себеттерге салайық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- Күз мезгілі, күз мезгілінің жомарттығы туралы айтылған.

 

- Себебі күзде барлық жемістер мен көкөністер, дәнді дақылдар піседі. Күз мезгілі өзімен бірге құт – береке, ырыс алып келеді.

 

 

 

Мен алмамын, алмамын,
Балдай тәтті бар дәмім.
Мен ерікпін, ерікпін,
Бай – бақшаға көрікпін.

Қане тіке тұрайық
Бау – бақшаға барайық
Жеміс теріп алайық
Қалтамызға салайық.

Балалар сергіту сәтін орындайды.

 Рефлексті-коррекциялаушы

Ал сендер неге дауласып келесіңдер? Біздің балаларымыз көкөністермен жемістерді ажырата алады. «Жемістер мен көкөністерді ажырат» дидактикалық ойыны.

Шарты: жемістер мен көкөністерді ажыратып, түсін, пішінің айту. Ой, жақсы балалар деп екі торай шығып кетеді. Наф – наф келеді. Балалар сендер білесіңдер ме?

Олардың барлығы еңбектің арқасында болады. Еңбек туралы мақал – мәтел білесіңдер ме?

Өте жақсы балалар, ал енді торайлар мен сендерге сабаққа өте жақсы қатысқан балаларды айтып өтейін. Сау болыңдар, осымен сабағымыз аяқталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- Еңбек түбі береке.

 

- Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

 

Күтілетін  нәтиже:

Білуі керек: Жемістер мен көкөністерді ажырата білуі ;

Болуы керек: Жемістер мен көкөністер туралы түсініктері;

Баланың  қолынан  келуі: Көрнекілік суреттерді пайдалана білуі және әңгімелеу керек.


Пікірлер (2)

Лола

Не үшін көкөністер туралы өлең жазбайсыздар

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз