Өлең, жыр, ақындар

Н-әрпі мен дыбысы

Ересектер тобы балаларына арналған ұйымдастырылған  оқу қызметінің  технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сауат ашу негіздері

Тақырыбы: «Н» дыбысымен және әрпімен таныстыру.

Мақсаты: «Н» дыбысын дұрыс дыбыстату, «н»әрпімен таныстыру; буындарды оқу дағдысын дамыту; балаларды мейірімділікке, имандылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Жұмыс дәптері, «н» дыбысына байланысты суреттер,бейнетаспа,интерактивті тақта,үлестірмелі материалдар,доп, көңілді әуен, қызыл,көк текшелер,кеспе әріптер.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, таныстыру, жұмбақ шешу, тыйым сөздер жаттау, дидактикалық ойындар,интерактивті тақтамен жұмыс, үлестірмелі материалдармен жұмыс,кеспе әліппемен жұмыс,әуенді сергіту сәті т.б.

Билингвалды компонент:.нан-хлеб, сөз-слово, буын-слог, дыбыс-звук.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы лық

Сәлематсыздар ма қонақтар !

 

Біз бақытты баламыз,

Оқып білім аламыз,

Әріптерді үйреніп,

Білімді бала боламыз.

Балалар орындарынан тұрып,  амандасады.

 

Өлең жолдарын бірге айтады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

— Балалар біз сауат ашу оқу қызметінде  нелермен танысып  жатырмыз?

— Қазақ тілінде неше әріп бар?

— Дыбыс нешеге бөлінеді?

— Қандай дыбыстармен таныстық?

— «А» дыбысы дауысты ма,дауыссыз ба?

— «Т» дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?

«Ас атасы - нан» деген әңгімемен бастау

«Бірде Науан әжесіне еріп, егіс даласына келді. Ол шашақты басы иіліп тұрған бидай сабақтарын көріп, әжесінен:

—Мынау өсіп тұрған не? — деп сұрады.

—Наужан, бұл пісіп тұрған - нан, - деп, жауап берді әжесі.

—Нан болса, таба наны қайда?

—Таба нан да осы дәннің ішінде.

—Ал тоқаш ше?

—Ол да осы дәннің ішінде.

—Бауырсақ ше?

—Бауырсақ та дәнге сыйып тұр.

—Әже, кіп-кішкентай қауызды дәнге осынша көп нан қалай сыйып

тұр? — деп Науан таңғалды.

«Ас атасы — нан, нан атасы — дән» деген. Осынша мол дүние, тоқшылық әрбір дәннің ішінде, — деді әжесі.

Тосын сәт:  Сиқыршы келеді!

Сәлем балалар! Менің сиқырлы кітабым сендерге бүгін көмектесем дейді.Менен бұрын  кітабым ұшып барады.Осы кітаптың артынан қуып ұстай алмай келе жатыр едім. Енді тынышталды ғой баратын жері осы балалар екен ғой. Мен енді сиқырлы таяғымды алып келейінші, - деп сиқыршы шығып кетеді.

Сиқырлы кітап сөйлей жөнеледі.

— Енді балалар тақтадағы бейнетаспаға назар аударыңдар. Бұл бейнетаспада «Сиқырлы кітап» туралы әңгімелейді.

— Қай дыбыс туралы айтты?

 

— Балалар тақтадағы суретке қараңдар,нелердің суретін көріп отырсыңдар?

 

— Ендеше нан,нар,найзағай деп бірнеше рет қайталайық.

— Бірінші қандай дыбыс құлағымызға естіліп тұр?

— Дұрыс айтасыңдар,бүгінгі өтетін дыбысымыз-«н»

«Н» дыбысы сөздің басында,ортасында,соңында кездеседі.

— «Н» дыбысының дұрыс айтылу артикуляциясы мынадай:ерін сәл ашылып,жіңішкерген тіл ұшы жоғары көтеріледі де,үстіңгі тістің үстіне тиеді,

тілдің алдыңғы екі шеті үстіңгі тістерге қатты жабысады.Тілдің төмен түсуінен «н» дыбысы жасалады. «Н» дыбысын ауада жазып көрейік. Тәрбиеші «н» дыбысының баспа,жазба әріптерін балаларға көрсетеді.

Балалар екі топқа ат қояды

1 білгіштер

2 тапқырлар

1. І - топқа   «Н» әрпі бар сөздер айту

2. Дай-дай-дай.

 Нан атасы бидай.

Ық-ық-ық,

Жұмыртқалады тауық.

3. Ана- сөзіне дыбыстық талдау

4. Тыйым сөздер:

 Нанды бір қолмен үзбе!

 Нан уағын тастама!

 

 ІІ- топ   «Н»  дыбысы бар сөздерге  сөйлем құрау

2. Ойын «Ұйқасын тап!»

 Дан-дан-дан.

Жасадым ұя тақтайдан

Са-са-са шағып алды маса

3. Нан- сөзіне дыбыстық талдау

4. Жұмбақ:   -Өзі  үлкен жануар,  Үстінде үлкен тауы бар.    

А-на,нан сөздерін салыстыра оқыту арқылы буынға бөлгізіп, «нан» сөзінің бір буын  екенін түсіндіреді.

Дыбыстық талдау жасалады.Балалар дауысты, дауыссыз белгілерін кеспе әліппеге белгілейді.

Билингвалды компонент:.нан-хлеб, сөз-слово, буын-слог, дыбыс-звук.

 

 

«Кім зерек?» дидактикалық ойын.

Суретті атап,  буынға бөлу.

Кім тапқыр? дидактикалық ойын.

Су астындағы әріптер ішінде неше н әрпі бар?

 

Сергіту сәті:  музыкалы сәт

«Кішкентай балапандар биі»

 

Жұмыс дәптері. Дәптердегі №7 тапсырма    бойынша орындалады.

-Әріптер,дыбыстар, сөз, сөйлем, буынға бөлу.

— 42 әріп бар.

— Екіге. Дауысты,дауыссыз.

— «А», «Т» дыбыстарымен.

— Дауысты.

— Дауыссыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар тақтаға назар аударыды.

 

— «Н» дыбысы.

 

— Нанның

— Нардың

— Ананың

 

 

— «Н» дыбысы.

 

Балалар суретке қарап әңгіме құрайды.

 

 

Тыйым сөздердің мағынасын түсініп,қайталайды.

 

 

«Н» дыбысын ауада жазады.

 

 

Балалар суретке қарап әңгіме құрайды.

 

 

Тыйым сөздердің мағынасын түсініп,қайталайды.

 

 

Нар

 

 

«Н» дыбысы

 

Найзағай

 

 

 

 

 

«Н» дыбысы

 

 

 

Балалар сөздерге дыбыстық талдау жасайды..

 

Дәптерде берілген

тапсырмаларды орындайды.

 

Балалар  қимыл-қозғалыс жасайды.

Балалар санап санын айтады.

Рефлексиялық түзетушілік

«Бүгін біз не үйрендік?»

— Қандай  дыбыспен таныстық?

— «Н» дыбысы дауысты ма,дауыссыз ба?

— Нан қоқымын  басуға болама?

— «Н» дыбысынан басталатын сөз ата.

 

— «Нанды қадірлеу» дегенді қалай түсінесің?

— Нан өнімдерін ата

Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Бүгінгі сабаққа жақсы қатынасқан балаларға мадақтаулар айту.

Допты қағып алған бала сұраққа жауап береді.

«Н» дыбысы

Дауыссыз

Болмайды

Нан, нар, нәресте, найзағай, нөсер, найза т.б.

 

 

 

 

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі:.суретке қарап әңгіме құрауды, жұмбақ шешуді, жаңа дыбысты ауада жазуды, кеспе әріптермен тақтаға буындар жазуды біледі.

Түсінеді: тыйым сөздердің мағынасын түсінеді.

Қолданады: сөздерді буынға бөле білу дағдыларын қолданады.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз