Өлең, жыр, ақындар

Алюминий және оның қосылыстары

Қостанай облысы, Жангелдин ауданы
С.Мауленов атындағы орта мектебінің
химия пәнінің мұғалімі: Нүрекина Орынкүл Ахметовна

Жаңа білімді игеру

Сабақ мақсаты: Алюминийдің периодтық жүйедегі орны мен физикалық, химиялық қасиеттерін білу. Алюминийдің ашылу тарихы туралы  түсінік беру. Табиғатта таралуымен қосылыстарының формулаларын жазу, қолданылуын меңгеріп есептер шығару.

Күтілетін нәтиже:

Барлық оқушылар: АI -дің металл екенін, периодтық жүйдегі орнын, валенттілігін, м/массасын біледі.

Оқушылардың басым бөлігі: AI-дің ашылу тарихын, алыну жолдарын және қосылыстарының қолдануын айта алады.

Кейбір оқушылар: AI-дің қосылыстарының аттарын, формулаларын жаза біледі және есеп шығара алады.

Сабақ түрі: Жаңа сабақты игеру сабағы.

1. Ұйымдастыру.

«Тілсіз суреттер» (5-мин)

-- Мына ыдыстар неден жасалған?

-- Қандай металдан жасалған?

Олай болса, біздің жаңа сабағымыз: Алюминий және оның қосылыстары.

Алюминийдің ашылу тарихы туралы қысқаша хабарлама беріледі. (5-мин)

«Кім көп біледі?» сұрақ-жауап (7 –мин) жеке жұмыс.    

АI - нешінші периодта, нешінші топта орналасқан?
АI - м/массасы, реттік нөмірі, валенттілігі, тотығу дәрежесі қандай?
АI - қандай метталл, балқу температурасын ата?
АI - қосылыстары қалай аталады?
АI - неше нейтрон, неше протон, неше электрон бар?
АI - оксиді қалай аталады?
АI - гидроксидінің формуласы?
АI-  неге амфотерлі қасиет көрсетеді?
АI-  жер қыртысындағы массалық үлесі қанша?
АI-  зауыты қай қалада орналасқан?

«Ой толғаныс» кезеңі (10-мин) топтық жұмыс.

Алюминийді неге «Ерте туып, кеш қалған» элемент,  деп атаймыз?
Алюминийді 1827 жылы анықтаған кім?
Дат химигі, әрі физигі К.Х.Эрстед қандай тәжірибе жасады?
Алюминийді қандай әдіспен алады?
Алюминий қолданылуы және кен көздері?

«Ойлан, есепте» кезеңі (10-мин) жеке жұмыс.

AI + O2=

AI2O3+ H2O =

AI2O3 + HCI =

AI2(SO4)3 +NaOH=

№1 есеп

Корунд құрамындағы алюминийдің массалық үлесін есепте.

№ 2 есеп

Массасы 31,8 г натрий карбонатын алу үшін неше литр  СО2 (қ.ж) натрий алюминатымен әрекеттесу керек?

Бағалау:    3-7 «3»,  8-13  «4»,  14-18  «5»

Критерийлер

1

2

3

Алюминий туралы түсінік.

Периодтық  жүйедегі  орны, физикалық қасиетін біледі.

Валенттілігін,  тотығу  дәрежесін балқу  температурасын  біледі.

Қосылыстарын аттарын  атайды, оксиді,  гидроксидінің  формуласын жазады.

Алюминийдің тарихы  және алынуы, қолданылуы мен кен  орындары.

Ашылу тарихы бойынша  құнды металл болғандығын біледі.

К.Х.Эрстед тәжірибесі  мен анықталған  жылдарды, химиктерді  біледі.   

Қолданылуы мен алыну  әдісін және алюминий  кендерін бар жерлерді  атай алады.

Реакцияны аяқтау,  есептер шығара білуі

Реакцияны аяқтады,

Реакцияны теңестіреді.

Массалық үлесті есептей  алады.

Кері байланыс:

Бұрыннан білемін---

Бүгін білдім---


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз