Өлең, жыр, ақындар

Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік!

Ақтөбе қаласы, Мәртөк ауданы, Қаратоғай селосы
"Еркемай" балабақшасы
тәрбиеші: Куванова Света Каналыевна

Ұстаздар күні мерекесіне арналған "Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік!" атты мерекелік тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Құрметті ұстаздар, аяулы аналар мен балалар!

Ұстаздарға арналған сағатымызды бастай отырып, сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге мол табыс, отбасыларыңызға бақыт тілейміз. 

Мектептің тірегі, әрі жүрегі - ұстаз. "Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға", - деп Абай атамыз айтқандай "Ұстаз" сөзі ұлағатты есім, шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан-теңіз. Алдымызда отырған балалардың бір-бір кірпіш болып қалануы, осы ұстаздардың арқасы. Сондықтан да осы сағатымызды ұстаздарға арнаймыз. Сіздердің шәкірт тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін!

Күндеріңіз толсын гүлге, желекке,
Отбасында болсын ырыс-береке.
Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді,
Өмір - думан, бақ әкелсін мереке!
Олай болса мерекелік сағатымызды ашу құрметін балабақша меңгерушісі ___________________ береміз.

Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар, жанды ұғып?!
Ұстаз деген ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иейік мәңгілік! - деп, келесі сөзді ата-ана ______________________ береміз.

Ұстаз деген жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген анасы ол адамның.
Бүкіл адам мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың!

Ендігі кезекте "Айгөлек" тобының билеп шығуымен, "Ұстазым" әнін қабыл алыңыздар. 

Бала тілі бал демекші, келесі балдай балаларымыздың ұстаз туралы тақпақтары мен нақыл сөздерін тарту етеміз.

Айым: Ақырын жүріп анық бас,
           Еңбегің кетпес далаға.

Ару: Ұстаз деген ұлағатты сөз.

Мирас: Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы.

"Ұстазым" әні орындалады.

Ұстаздар ұлттық тірегі,
Ұстаздар мектеп жүрегі.
Ұрпаққа жетер ұстазбен,
Халықтың ұлы тілегі.

***

Хан бол мейлі, қара бол,
Дарын бол мейлі, дара бол.
Өтетін бәрі алдынан,
Ұстаздар бейне сара жол.

Құрметті ұстаздар, балалар, ата-аналар! Ұстаздар күніне арналған "Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік!" атты мерекелік жиынымызды аяқтаймыз.

Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын!
Білімімен суарған шәкірттерін
Төл мерекең ұстаздар, құтты болсын!
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!


Пікірлер (4)

Ерке

өзімізге қажетті жақсы дүниелерді осы сайттан алып отырмыз. Рахмет.

Алина

Көптен көп рахмет

Алина

Көптен көп рахмет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз