Өлең, жыр, ақындар

Елтаңба. Дауыссыз дыбыстардың жуан және жіңішке айтылуы

Жамбыл ауданы
Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Нурманалиева Карлыгаш Жакановна

Сабақтың  мақсаты:   

Білімділік: Туған еліміз Қазақстан туралы мәліметпен таныстыру.    

Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен  сөйлеу мәдениетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың туған жерін, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Ел егемендігін, ұлттық рәміздерін қастарлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.

Әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, жарыс, ойын.                                                    

Көрнекілік: Қазақстан Республикасының картасы, Қазақстан Республикасының ұлттық рәміздері. Олардың авторларының суреттері. Буклет, слайдтар.

Сабақтың  барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.  

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен.
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық.                                 

Үй тапсырмасымен жұмыс: 

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Ережені сұрау.

«Біздің ту» өлеңді мәнерлеп оқыту.

Жаңа сабақ.

Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Тақырыппен жұмыс «Елтаңба» Т.Молдағалиев

Пікірлесу:

«Туған жер» деген сөзді қалай түсінесің? (Тақтамен жұмыс).

Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті

Оқулықпен жұмыс.

Ереже: Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, ондағы дауыссыз дыбыстар да жуан болып айтылады: дала, тазалық, домбыра.

78–жаттығу.

1. Өлеңді оқу.

2. Дауыссыз дыбыстары жуан айтылған сөздерді атау.

Арғымақ
Даладағы ат қайда!
Шалғын шөпке белшесінен батқандай.
Құғытсам бір,
Дала,
Қала
Болады –ау,
Көз алдымда аунап бара жатқандай.

О.Сүлейменов

Сергіту сәті:

 - Өлеңін мәнерлеп оқу. 

 - Мазмұнын түсіндіру.                                                                       

 - Өлеңді оқушыларға тізбектей оқыту 

«Адасқан сөздер» сөйлем құрап, жуан, жіңішке екенін тапқызу.

«Қызықты кесте» жуан, жіңішке дауысты дыбыстардан тұратын сөздерді аңғарту.

Жуан дауыстылар

Жуан айтылатын сөздер

Жіңішке дауыстылар

Жіңішке айтылатын сөздер

а

Адам, қала, бала, сабақ

ә

Әтеш, әке, әйнек

о

Орман, қоға, қораз

ө

Өрік, өріс, көрік

ы

Қымыз, қырман, сызғыш

І

Ілім, ілгіш, киім

ұ

Бұғы, құрлыс, құстар

ү

Үкі, үтік, күз

Сөздерге математикалық тәсілменен дыбыстық мінездеме беру.

Наурызек, тырна, қарлығаш

Сабақты қорыту: БҮҮ стратегиясы

Білетінім, үйренгенім, үйренгім келеді. Талқылау.

Үйге тапсырма: 79-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз