Өлең, жыр, ақындар

7 саны және цифры

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы
"Балдәурен" жекеменшік балабақшасының
тәрбиешісі:
Узакбаева Валя Алдонгаровна

Білім беру саласы: «Таным»
Оқу қызметі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, құрастыру.
Тақырыбы: «7 саны және цифры».
Мақсаты: 1-7-ге дейінгі сандарды тура және кері санауға, геометриялық пішіндерді ажыратып білуге баулу. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін санамақтар, мақал - мәтелдер, ауызша есептер шығару арқылы дамыту.

Қамқорлыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері.

Біз әдепті баламыз
Алдыменен қонақпен.
Амандасып аламыз,
«Сәлем» дейік үлкенге.

Жылулық шеңбер.
- Қане, балалар барлығымыз бір-біріміздің қолымыздан ұстап күн жасайықшы.
- Балалар, мынау ненің суреті?
- Күн жарқырап шыққан кезде адамдарға шуағын шашады.
- Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі күніміз жақсы болсын деп орнымызға отырайық.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
(Қазір күз мезгілі.)
- Күз айларын кім атап береді?
(Қыркүйек, қазан, қараша. )
- Күз мезгілінің қай айы?
(Қазан айы. )
- Бүгін аптаның қай күні?
(Жұма күні. )
- Бір аптада неше күн бар және аттарын кім атап береді?
(Жеті күн бар. Апта аттарын атап береді.)
Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі ашық оқу іс - әрекеті қызықты болып өтпек, себебі үш топқа бөлініп, сайыс түрінде өтеді. Қазір мен сендерге 2 түрлі пішін таратамын, сол пішіндерге байланысты топқа бөлініп отырасыңдар.
(Балалар қолдарындағы пішіндерге байланысты үшбұрыш, төртбұрыш, болып екі топқа бөлініп отырады. )
- Балалар, бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы «7 саны».
Қызықтыру сәті: Қуыршақтар келеді.
(Балалар амандасады.)
Тәрбиеші: Балалар, бұл «Қуыршақтар» сендермен бірге санап үйренгісі келеді.
1 - тапсырма:1 - 7 - ге дейін тура және кері санап және сол сандардың ішінен бір санды көрсете отырып, сол санға байланысты санамақ айту.
(Балалар 1 - 7 - ге дейін тура және кері санап шығады.
Балалар өздерінің білетін санамақтарын айтады.)
2 - тапсырма:
- Балалар, ауызша есептер шығара аласыңдар ма?

Ендеше менімен «Ойлан тап»ойынын ойнаңдар.

1. Апам менің базардан
Төрт алма сатып әкелді
Үшеуін ағам жеп қойды
Сонда қалды нешеуі?
(1)

2. Сымда тұрған екі құсқа
Ұшып келді біреуі
Сонда болды нешеуі?
(3)

3. Оң жақ талда екі алма
Сол жақ талда бес алма
Қосып көрші барлығын
Болып шықты неше алма?
(7)

4. Алты қонжық көңілді
Шықты орманға асығып
Біреуі шаршап - шалдығып
Қалды достарынан ажырап
Келді орманға алдымен
Нешеуі екенін кім табады?
(5)

5. Үстел үстінде үш бәліш
Оған апам қосты тағы төрт бәліш.
Болып шықты сонда
Барлығы неше бәліш?
(7)

6. Оң жағымда үш ұлу
Сол жағымда алты ұлу
Қосып едік екеуін
Болып шықты неше ұлу?
(9)

3 - тапсырма. Сандарға байланысты мақал-мәтелдер айтып, жұмбақтар шеше аласыңдар ма?
Мақал - мәтелдер.

Жұмбақтар:

1. Кезікті бір жануар
Үстінде екі тауы бар.
(Түйе)

2. Төрт бұрышты қатты
Дәмі сондай тәтті.
(Қант)

3. Оң жағымда бес сарбаз.
Сол жағымда бес сарбаз.
(Он саусақ)

4. Төрт аяқты төрт таяқты.
Үстінде мен жатамын
Тәтті ұйқыға батамын.
(Кереует)

Тәрбиеші: Қане, балалар, енді бір серігіп алайық.
Сергіту сәті. «Он саусақ»

Дидактикалық ойын.

Шарты: Үлестірмелі карточкаларды тапсырмаларды орындау.

Қорытынды. Балаларды мақтау, мадақтау.

Қорытынды: 1-7-ге дейін тура және кері санап, ауызша есептер шығара білді.
Сұрақтарға толық жауап беріп, тапсырмаларды орындап, сандар жайлы мақал–мәтелдердерді үйрендік.

Олай болса, оқу қызметімізді былай аяқтайық:

Аспанымыз ашық болсын.
Күніміз сәтті болсын
Деніміз сау болсын.
Нанымыз көп болсын.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз