сайыс
ozgetil.kz

Алтын Орданың құрылуы

Оңтүстік Қазақстан облысы
Шардара ауданы
Ұзын Ата жалпы орта мектебі
Тарих пәні мұғалімі: Азаматова Раушан

Сабақтың тақырыбы: Алтын Орданың құрылуы.

Білімділік: Алтын Орда – Жошы ұлысының орнына құрылған алғашқы ірі мемлекеттердің бірі екенін және Алтын Орданың құрылу тарихы, жүргізген ішкі-сыртқы саясаты мен саяси экономикалық даму ерекшеліктерін,қоғамдық құрылысы мен оның әлсіреуі туралы білу.

Дамытушылық: Алтын Орда мемлекетінің тарихын басқа мемлекеттермен салыстыра отырып, оқушыларды өз бетінше қорытынды жасауға үйрету, ізденіске баулу.

Тәрбиелік: Оқушыларды өз Отанына деген патриоттық сезімде тәрбиелеу. Тарих пәніне деген қызығушылығын арттырып, оқушылардың белсенділігін көтеріп, өз бетінше сараптама жасауға, өз ойын дұрыс қорытындылап, жеткізе білуге тәрбилеу

Пәнаралық байланыс: география, әдебиет.

Сабақтың көрнекілік: карта, слайд, тапсырмалар.

Сабақтың әдісі: «Қызыл, сары, көк ауылдар», «Жүзден жүйрік», «Үш тұғырлы тіл», «Зерделі сұрақ, жүйелі жауап», эссе жазу,
Терминдер: білікшілер, мәлік, даругалар, беклер бек, басқақтар.
Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру бөлімі: 

Ынтымақтастық атмосферасын құру.
«Қызыл, сары, көк ауыл» ойынымен топқа бірігу.

Жер енді ғана жаратылған, адамдар бір-бірімен дос, бауыр болыпты, бір-бірінен еш нәрсені аямапты. Бір күні аспаннан түрлі-түсті қағаздар түсіпті де адамдар үлгергенінше бірі қызылын, бірі көгін, бірі сарысын алыпты. Күндердің күнінде қатты жел тұрыпты да қызыл түс алғандар қызыл, көк түс алғандар көк ауыл болып болініпті. Әр ауыл бөлек-бөлек қорған тұрғызыпты. Біраз уақыттан соң әр ауыл достықты ұмытады. Көк ауылда су бар, азық жоқ, қызыл ауылда азық бар, су жоқ, сары ауылда азық та бар, суда бар, от жоқ. Енді қалай өмір сүруге болады.

Оқушылар хормен: «Болашағымыз бірлікте!»

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.     

І тапсырма «Жүзден жүйрік» ойыны:

1. Монгол империясы қай жылы құрылды? (1206 жылы)
2. Шыңғысханның бала кезіндегі аты қандай еді? (Темүжін)
3. Шыңғысханның жеке басын қорғайтын жасақ қалай аталды? (Кешіктен)
4. Мемлекеттің басты заңы қалай аталды? (Жасақ (Яса))
5. Шыңғысхан монғол империясының ханы болып сайланған жер? (Онон мен Керулен өзенінің жағасы)
6. Жошы Шыңғысханның нешінші баласы? (үлкен баласы)
7. Отырар қаласы монғолдарға қарсы қанша ай қарсыласқан? (6 ай)
8. Сыр бойы қалалары монғолдар иелігіне толығымен қай жылдары көшті? (1219-1220 жылдар)
9. Монғол өкіметінің жоғарғы органы қалай аталды? (Құрылтай)
10. Төле қай жерлерге билік жүргізді? (Монғолия жеріне)
11. Керей хандығы мен монғол тайпаларының арасындағы қарым-қатынас қай еңбекте айтылды? (Манғолдың құпия шежіресі)
12. 1207-1208 ж. Енисей қырғыздарын басып алған Шыңғыс хан баласы? (Жошы)
13. 1211-1215 ж. Шыңғыс хан Қытайға жорығында нені қолға түсірді? (Соғыс техникасын)
14. Отырар апаты – деген «1218 ж.Шыңғысхан жіберген саудагерлердің өлтірілуі
15. 1219 жылы Шағатай мен Үгедей қоршауга алған қала? (Отырар)
16. Шыңғыс хан тұсындағы Монғол империясының астанасы? (Қарақорым)
17. Шыңғыс хан жаулап алған жерлерін балаларына бөліп берген үлкен ұлы Жошыға тиісті ұлыс қай жерлерді қамтыды? (Ертіс өзенінен батысы Еуропаға дейін)
18. Шыңғысханның балаларына бөліп берген жерлердің атауы? (Інжу)

ІІІ. Жаңа сабақ. Миға шабуыл

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 3-5 сөйлем құрау (үш тілде).

Жоспары

1. Алтын Орданың құрылуы
2. Алтын Орданың күшеюі
3. Алтын Орданың әлсіреуі
4. Алтын Орданың қоғамдық құрылысы.

Алтын Орданың құрылуы. Алтын Орда - Жошы ұлысының орнына құрылған алғашқы ірі мемлекеттердің бірі. Жошы ханның баласы Батый (Бату) ханның кезінде Орда Алтай тауынан Дунай өзеніне дейінгі ұлан-ғайыр жерді алып жатқан үлкен мемлекет болды.

Батый хан - Алтын Орданы құрушы монғол ханы. 1227-1255 жылдары Алтын Орданы билеген. 1235 жылғы бүкіл монғолдық құрылтайда Батысқа жорық жасауға шешім қабылдаған кезден бастап Батыйдың есімі тарихи деректерде айтыла бастайды. Батыс елдері жаулап алынып, Алтын Орданың шекарасы батысқа қарай кеңейіп, күшейе түскен. Алтын Орда саяси және экономикалық жағынан Берке (1257-1266 жж.) мен Өзбек (1312-1342 жж.) хандардың кезінде жақсы дамыған. Әсіресе Беркенің кезінде Алтын Орда мен Египет сұлтаны Бейбарыс арасындағы байланыс күшейе түседі.

Берке хан Алтын Орданы одан әрі күшейте түсу үшін мұсылман дінін қабылдайды. Меңгу-Темір (1266-1280 жж.) хан тағына отырады. Бұл кезде айтарлықтай саяси жаңалық бола қоймаған. Алтын Орданың саяси жағынан мемлекеттік беделінің көтерілуіне зор үлесін қосқан Тохты хан (1290-1312 жж.) болды. Әсіресе Алтын Орданың ерекше күшейіп, гүлденген кезі Өзбек хан (1312-1342жж.) мен оның баласы Жәнібек ханның (1342-1357жж.) билік еткен тұстары болды.

ІV. Топтық жұмыс:

1-тапсырма

1-топ. Алтын Орданың құрылуы.
2-топ. Алтын Орданың күшеюі.
3-топ. Сәйкестендіру.

2-тапсырма. Шығармашылық жұмыс.

«Мен болашаққа барамын» тақырыбында эссе жазу.

V. Сабақты қорытындылау.

1. Алтын Орданың негізін қалаушы.
2. Алтын Орданың астанасы.
3. Еуропаға жорықты бастаған монғол ханы.
4. Алтын Ордада исламды мемлекеттік дін-деп жариялаған хан.
5. Алтын Орда тағында билігін нығайту үшін Тоқтамыстың Мәскеуді өртеген жылы.
6. Алтын Ордада әскери билік кімнің қолында болған?

VI. Үйге тапсырма: «Алтын Орданың құрылуы» тақырыбын оқу, қосымша іздену. Тест тапсырмаларын орындап келу.

VII. Кері байланыс. «Бас бармақ» әдісі

VIII. Бағалау.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)