Өлең, жыр, ақындар

1920-1930 жылдардағы қоғамдық-саяси өмір

Шығыс Қазақстан облысы, Курчатов қаласы
«Курчатов қаласы № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Тарих және қоғамдық білім негіздері пәні мұғалімі
Нуржауова Гульжанат Какимжановна

 

9-сынып.  Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы:  §20-21. 1920-1930 жылдардағы қоғамдық-саяси өмір.

Сабақтың мақсаты:

- 1929 -1931 жылдардағы жүргізілген ұжымдастыру саясатының зардаптары мен нәтижелерін, шаруалардың жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылығын түсіндіру;
- Белсенділігін арттырып, тарихқа қызықтыру, білімдерін жетілдіру;
- Тарихи санасы қалыптасқан, дүниежүзілік мәдениетпен сусындаған, ұлттық рухы жоғары, шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба.

Сабақтың жоспары         

І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
III. Жаңа сабақтың жоспары
IV. Сабақты бекіту
V.  Бағалау
VI. Үй тапсырмасы

Сабақтың барысы І.Ұйымдастыру кезеңі

- Оқу құралын тексеріп түгелдеу.
- Әнұран орындау, «Хабар».
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

- Қазақстандағы күштеп ұжымдастырудың салдары қандай болады?
- 1930 -1932  жылдарындағы жазалау шаралары мен аштық салдары Қазақстандағы демографиялық жағдайға қалай әсер етті?
- Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру саясатына шаруалар қарсылығының ауқымы мен сипаты қандай болады?
- Қазақ шаруаларының көшпелі, жартылай көшпелі тұрмыс салты сақталған жағдайда өркениетті кооператорлар қоғамын құру мүмкін бе еді?

Өткен сабақтарды пысықтау үшін төмендегі кестені толтырамыз:

 

Қамтыған уақыттары

Мақсаты

Нәтижесі

          Кемшіліктері

Жаңа экономикалық саясат

1921-1925

РКП(б)-ның Х съезі

Елді азамат соғысынан кейінгі бүлінген шаруашылық жағдайынан шығару үшін ауыл шаруашылығын жетілдіру 

Ақша тұрақтанды. Ауыл шаруашылығында табыстарға жетті. Сауда дамыды. Өнеркәсіпті қалпына келтірді.

Ауыр өнеркәсіп нашар дамыды. Одақтық маңыздағы экономика қалыптасты. Басқарудың әміршілдік әдісі енгізілді.

Қазақстандағы индустрияландыру

1926-1941

Ірі өнеркәсіпті , ең алдымен ауыр өнеркәсіпті құру, ірі өнеркәсіптік өндіріс негізінде бүкіл халық шаруашылығын қайта құру.

Қазақстан Одақ бойынша өндірістің жалпы өнімінің көлемі жөнінен 7-ші, электр қуатын өндіруде 6-шы, тас көмір және мұнай өндіруде 3-ші, қорғасын өндіруде 1-ші орынға шықты.

Ауылдағы өндірістік күштердің күйреуі. Қазақстан өнеркәсібінің шикізаттық бағыты. Кәсіби мамандардың басқа аймақтардан келуі

Қазақстандағы ауыл шаруашылыған ұжымдастыру

1927ж желтоқсанда БК(б)П ХV съезі

1929-1938

Халықты күштеп ұжымдастыру, Ұжымдық шаруашылық- тың әр түрлі типтерін енгізу.

 

Аштықтан 2 млн 100 мың қазақ қырылды.

Ауыл шаруашылығының құлдырауы. Жеке шаруаны жою. Шаруалар көтерілістері. Халықтың жаппай қоныс аударуы.

 Кестедегі даталар мен түсініктерді сәйкестендір

1926-1941 жылдар

ЖЭС

1927-1938 жылдар

Шаруаларкөтерілісі

1921-1925  жылдар

Ұжымдастыру

1929-1931 жылдар

Ашаршылық

1931-1933 жылдар

Индустрияландыру

III. Жаңа сабақтың жоспары

1. 1931-1933 жылдардағы аштық.
2. Шаруалардың жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылығы.
3. Созақ көтерілісі.
4. Жетісудағы көтеріліс.
5. Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда округтеріндегі көтерілістер.
6. Маңғыстаудағы көтеріліс.

1. 1929-1930 жылдардың қысында жұт болды. 1931 жылы көктемде Алматыға жер-жерден аштық жөнінде мәліметтер келіп түсе бастады. Алайда өкмет оларды жоққа шығарып, әкімшілік қысымды қатайтты. Аштық пен қуғын- сүргіннің қысымымен қазақстар бүкіл ауыл болып шектес облыстарға, республикаларға көше бастады. Бірнеше жүз мың қазақ Қытай, Моңғолия, Иран, Ауғаныстанға қоныс аударды. Нәтижесінде 1931-1933 жылдары аштықтан, суықтан, аурулардан 2,1 млн-дай қазақтар мен 200-250 мыңдай басқа ұлттардың өкілдері қаза тапты.

2. Қазақстандағы өкімет орындарының саясатына деген наразылық 1928 жылы жүргізілген тәркілеу кезінде пайда болды.

Шаруалар көтерілістері:

Көтеріліс болған уақыты

Көтеріліс қамтыған аумақ

Көтерілістің барысы

Нәтижесі

1929 жылы 27 қыркүйек

Сырдария округі, Бостандық ауданы.

Көтеріліс бүкіл ауданға тез тарап, 500-ге тарта мүшелері бар көтерілісшілер отряды құрылды. Оларға Қырғызстандағы  көтерілісшілер отряды қосылды.

Нашар қаруланған көтерілісшілер  жеңіліске ұшырады. 70-тен астамы өліп, көпшілігі тұтқынға түсті.

1929 жылы күзде

Қостанай округінде

1 қарашада басталып, Батпаққара ауданының орталығын басып алды. Кеңес және партия, милиция мекемелерін  талқандады, түрмедегі-лерді босатты. Қысқа мерзім ішінде 500-ге жуық отряд жиналғаны-мен он көтерілісшінің біреуін-де ғана ату құралы болды.

ОГПУ-дің қарулы отрядтары көтерілісшілерді талқандап, көтеріліс басып жанышталды. 200-дей адам тұтқындалды.

1930 жылы 12 ақпан

Қазақстанның оңтүстігіндегі Созақ ауданында

Ірі бой көтеру болды. Көтеріліске 5000-дай адам қатысты. Сол уақыттағы деректер бойынша бұл оқиғалар «Кеңес өкіметіне қарсы контрреволюциялық қарулы көтеріліс» ретінде сипатталады. Көтерілісті басу үшін Ташкенттен 225 адамнан тұратын әскери топ жіберілді.

Көтеріліс сол жылы көктемде талқандалды. Көтеріліске қатысқандарды қуғындау 1938 жылға дейін жалғасты.

1930 жыл 27 наурыз

Жетісудағы Ақсу ауданында

200 көтерілісші Абакумовканы басып алды. Оларға Кеңес өкіметінің саясатына наразы жергілікті халықтың бір бөлігі қосылды. Келесі күні 40 адамдық қарулы отряд құрған Арасан елді мекенінің тұрғындары  көтерілісшілер жағына өтті. Орыстардан 40 адамнан тұратын көтерілісші-лердің жеке отряды құрылды..

ОГПУ отрядымен алғашқы шайқас 28 наурыз күні өтті. ОГПУ отряды жеңіліске ұшырады. Бірнеше күннен кейін арнайы жіберілген қызыл гвардияшылар отряды  көтерілісші-лерді Лепсі түбінде талқандады.

1930 жыл наурыз

Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда

Неғұрлым табанды әрі ұзаққа созылған көтеріліс болды. Көтеріліс басталған-нан партизан соғысының сипатында болып, жазалау-шылардың шешуші соққы жасауына мүмкіндік берме-ді. Халық қозғалысын басу үшін 8 атты әскер дивизиясы, ОГПУ отрядтары, милиция, комунистік отрядтар жіберілді. Өкімет қарусыз сарбаздарға қарсы 700 қылыш, 30 пулемет, зеңбірек, ұшақ, бронды техниканы пайдаланды.  Сондада көтерілісшілерді талқандай алмады.

Сәуірдің соңында бейбіт келіссөздер басталды. Көтерілісшілер мынандай талаптар ұсынды: Заңсыз тәркі-ленген малды қайтару Ұждан бостандығы; мешіттерді қайтару және дінге сенушілер-дің істеріне өкіметтің араласпауы. Тәркілеуге тиым сала-тын декрет жариялау; күштеп ұжымдасты-руды тоқтату; салық мөлшерін малдың санына қарай белгі-леу; малшылардан астық салығын алуды тоқтату.  Өкімет орындауға уәде берді, бірақ уәделерінде тұрмады. Барлық көтерілісшілер қаруларын тастаған соң  тұтқындай бастады.

1931 жылы көктем- жазда

Маңғыстауда

Табын мен адай руларының қазақтары ұжымдастырудан қашып Түркіменстанға, Қарақалпақстанға жаппай көше бастады. Қазақтарды тоқтату  қарулы көтеріліске әкеп соқты. Маңғыстау облысының көтеріліс көлемінің артуына алаңдаған Голощекин Мәскеуден көмек сұрады.  Маңғыстауға Әзербайжан ОГПУ-нің күштерімоторлы және механикаландырылған күштер жіберді

Екі айдың ішінде адайлықтар мен табындардың негізгі күштері талқандалып, ұйымдастырушылары сотқа тартылды. ОГПУ жендеттерінен қашып шыққандар Түркіменстан арқылы Иран мен Ауғаныстанға қоныс аударды.

 

ОГПУ-дің деректері бойынша 1929 жылы Қазақстанда жалпы саны 350 адамнан тұратын 31 көтерілісшілер отряды болды. 1930-1932 жылдары көтерілісшілер 2 мыңға, 1932-1933 жылдары 3,2 мың адамға жеткен. Голощекиннің  Сталинге 1931 жылы желтоқсанда жазған хатында Қазақстан аумағында 15 ең ірі көтеріліс туралы айтылады. Республикада 80 мыңдай адам қатысқан шаруалардың 400 –дей бой көрсетулері болып өтті. 5 мыңнан астам көтерілісшілер Кеңес өкіметіне қарсы шыққаны үшін сотталып, ГУлаг лагерлеріне қамалды, олардың 883-і атылды.

IV. Сабақты бекіту:

- 1929-1933 жылдары қанша шаруалар көтерілісі болып өтті?
- Шаруалар толқулары қандай аймақтарда болып өтті?
- Қазақстандағы шаруалар көтерілістерінің тарихи маңызы неде?

V. Бағалау:

VI. Үй тапсырмасы: §20-21.
Шығармашылық тапсырма: Төмендегі тақырыптарға реферат жазу

1. Созақ көтерілісі: себебі мен салдары
2. Қазақстандағы 1930 жылдардағы аштық.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз