Өлең, жыр, ақындар

Дақтық графиканы салу әдістері

"СҚӨ және дизайн" бөлімінің
"Жобалау графикасы" пәнінің оқытушысы:
Тулепова Молдир Максутовна

 

Пән: Жобалау графикасы

Курс: ІІ курс, 9-сынып.

Мамандығы: Дизайн (интерьер)

Уақыты:   28.04.2016ж. сағ.: 09.00-09.45

Сабақ түрі: Практикалық.

Пән аралық байланыс: сызу, сурет

Тақырыбы: "Дақтық графиканы салу әдістері"

Дидактикалық міндеттері:

   - Білім берушілік: Оқушыларға дақтық графика туралы түсінік қалыптастырып, оның салыну әдістерімен таныстыру.

   - Тәрбиелік:. Кәсіби шығармашылық жұмыстарға бағыттап сауатты жұмыс жасауға тәрбиелеу. Дақтық графиканы салу кезінде әсемдікке және шеберлікке, жұмыс барасында таза жұмыстануға баулу.

   -Дамытушылық: Жасаған жұмыстарын безендіру және оларды шығармашылық бағытпен өздерінің ойлау қабілеттерін әрі қарай дамыту, қиялдарын кеңейту.

Сабақтың барысы:

- Ұйымдастыру кезеңі:

Кезекшінің көмегімен жоқ оқушыларды тексеру. Оқушы назарын жаңа тақырыпқа аудару, қызықтыру.

- Сабақтың мақсаты мен міндеті:

Оқушыларға дақтық графика туралы түсінік беру. Оның негізгі салыну әдістерімен таныстыру. Оқушыларды әдемілікке, тазалыққа, сәндікке және әсемдікке баулу.

- Сабақтың көрнекілігі:            дақтық графика әдісімен салынған суреттер.

- Қажетті құрал-жабдықтар:           А3 форматы, тушь, қылқалам.

- Жаңа білімді хабарлау.

Бейнелеу өнеріндегі графикалық тілде қарапайым сөзбен нүкте, сызық, дақты айтуға болады.

Нүкте (мәтiндiк немесе бейнелеу) әртүрлi мағыналы ақпаратты жазықтықта, сонымен бiрге пiшiннiң (сәндiк ) таза көркем әзiрлеу, тапсыру құралы ретiнде пайдаланады. 

Нүкте жазықтықтағы график түрiнде акцент сияқты ерекшелейдi. Өзіне қатысты аз өлшемдер болғанмен, композицияның құрылысында әбден кең мүмкiндiктерге ие болады. Оның өзi өз алдына сала болып көрiнедi.

Қаралатын композициялық жағынан сапада, нүкте көрушінің өзінің назарына шоғырлануы мүмкін. Барлығы композициялық қасиеттеріне байланысты: жазықтық, салыстырмалы өлшем, сұлба, толтырудың тығыздығы, жарықтықта орналастыру тағы басқалар. Бұл мағынасында басқа композициялық құрылымдардың графикалық құралдармен оның ішінде, әдеби қасиеттермен тығыз байланысты. 

Егер нүкте негізгі қасиетінен қанық көрінсе, онда композицияда анығырақ көрінеді.

Жалғыз жапырақтағы бір нүкте де бір мағынаны білдіреді.

Мысалы, композициядағы  ұшқалақтық, орнықсыздық. Осыдан ұшқалақтық, сенiмсiздiктiң түйсiгi шығады.

Көптеген нүктелерден құралса белгілі бір мағынасы бар сюжет құрады.

Сызық. Өз алдына бір ғана жай сызық нақты композициялық немесе нәрсенің мағынасын беруі мүмкін.

Дақ.  Дақ белгілі реңнің (ақшыл-қара) мінездемесіне сай келеді және соған байланысты "масса" сезімімен анық байланысты. Әрине, дақта үлкен айқын мүмкіндіктер бар, олар басқа графикалық және түстік композициялардың құралдарымен байланысқанда күшейе түседі.

Практикалық  жұмыс.

Қолданылатын құрал-жабдықтар: А3 форматы, тушь, қылқалам.

Практикалық жұмыс тапсырмасы:

А3 форматына тушьпен орамн ағаштарын: шырша, қарағайларды салу тапсырылады.

Сабақтың өту барысында әр оқушыға жеке барып, қателерін түзеп, дұрыс бағыт көрсету.

(демонстрациялық әдіс)

Бекіту.

Бүгінгі өткен тақырып бойынша жұмыстарын қортындылап, тексеріп, бағалау.

Үйге берілетін тапсырма.

Сабақ үстінде алған мәліметтерге сүйене отырып, осы жұмысқа ұқсас тағы екі жұмыс орындау.    


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз