Өлең, жыр, ақындар

Емтихан үстіндегі стресті жеңу жолдары

ШҚО, Көкпекті ауданы, Үлкенбөкен ауылы
"Үлкенбөкен мектеп-балабақша кешені" КММ
педагог-психолог: Конопьянова Асем Калымбековна


Мақсаты: Оқушылардың өзін тану арқылы, өзіндік бағалауын қалыптастыру, стресті жеңуге жол көрсету.
Міндеті:
♦ Өзіндік сенімін болуға баулу.
♦ Өзіндік бағалауын анықтау.
♦ Стресті жеңуге жол көрсету
♦ Оқушыларға ҰБТ - ні сенімді тапсыруға дайындау.
Сабақтың түрі: тренинг сабақ
Құралдар: плакаттар, шарлар, ақ қағаз, қалам.

Тренингтің барысы:
Психолог: Құрметті мектеп түлектері, сіздер Қазақстанның болашағысыздар, болашақ бүгіннен басталады! Сіздер кеше ғана бүлдірішін бала, қызыл шақа балапан болсаңдар, міне бүгін дүбірлі додаға қатысуға дайын, жарауы жеткен сайгүліктей ауыздықпен алысып тұрсыңдар. Алдарыңда үлкен болашақ, ұлы мақсат, міндет күтіп тұр. Асар белестерің, шығар биіктерің көп болсын. Кім еңбектенсе, соның бағы жанады. Халқымыз айтпақшы «Талаптыға нұр жауар!» деген емес пе? Бақтарың жансын.
Тренингтің кезеңдері.
I. Психологиялық дайындық, ұйымдастыру

«Сәлемдесу» ойыны.  Қазір біз сіздермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір –бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адамман әртүрлі амандасасыздар. Сонымен, көзбен.... қолмен... иықпен....  құлақпен.... тіземен.... иекпен.......өкшемен.... арқамен....;

Топқа бөлу (жағымды сөздер)

1. «Менің бүгінгі  көңіл-күйім неге ұқсайды» ойыны

Оқушылардың өзінің бүгінгі көңіл-күйлерін алдарындағы дайындалған қағазды бастарына қойып көрмей қаламсаппен суретін салып, сол сурет бойынша өздерінің көңіл-күйлерімен бөліседі.

2.  Постер қорғау «Жаңа форматтағы емтиханды» қалай түсінесіздер
        Қосымша: Барлық емтихан оқу орнында – мектептерде өтеді.

- Ұлттық тестілеу орталығы барлық тестілеу тапсырталарын әзірлейді.
- Жазбаша және ауызша емтихандар, сонымен қатар, тесттің жауап парақтары мектептердегі пән бойынша емтихан комиссиясы дұрыс жауаптар кодтары арқылы тексеріліп, бағалайды.
- Қорытынды аттестаттаудың материалдары (жауап парақтары, сұрақ кітапшалары және т.б.) мектептерде үш оқу жылы бойы сақталатын болады.

3. «Сұрақтар жолы» әдістемесі . Оқушылардың  жол торабында «Ата-ана....», «Ұстаздар...», «Құрдастарым....»; «Өте жаман баға....», «Мен....», «Бақыттымын......» деген сөздер жазылған дайын плакаттарболады, сол плакаттарды ұстаған оқушылар бойымен 1 оқушыдан сұрақтар жолынан өтеді. Плакаттардағы сөздерді өз ойларымен жалғастыру ұсынылады. Бұндағы менің мақсатым баланың   болашшаққа  көзқарасын анықтау.
Алдыға 12 оқушы шығып жұптасып жол болып тұрады,  бір шетінен бастап әр оқушы өзінің сәттілікке апарар жоспарын ортаға салады. Психолог жеткізе алмаған оқушыларға жетелейді, бәрі айтып біткен соң олардың айтқан сөздеріне қортынды жасайды.

Сергіту сәті. «Дирижор» Үш топқа психолог өзі дерижор болып 1 топқа«Пия, пия пияно»; 2 топқа «гита, гита, гитара», 3 топқа «симбо, симбо, симбола»
 

4. «Стрессті қалай жеңуге болады?»

Ойын барысы: Ортаға 12 оқушы шығады. 1. Оқушыларға шар үлестіріледі, психолог, оқушылардың бір шетінен «Сендердің қандай жағдайда ашуланасыздар?» деген сұрақ қояды. Оқушылар сол сәттерімен бөлісіп шарды үрлейді, әр бір оқушының айтқан сөзінен кейін шар үрлене береді, шар үлкейе береді, үйге барсам ата - анам ұрсады, мектепке келсем сынып жетекшім оқушылар алдында сынайды, осы сөздердің бәрі айтылады, оқушылар үлкен болып шыққан шарды жарады. Сосын оқушыларға екінші шар үлестіріліп, психологтың алдынғы сөзді қайталануы бойынша үрленіп, үлкейеді, «Ата - анам мені үнемі жақсы болсын дейді сол үшін, ұрсады, мұғалімім мені болашақта жақсы азамат болсын дейді, сол үшін сынайды»деген сөздерден кейін оқушылар шардың желін ақырындап шығара бастайды. Шардың ішінде желі қалмайды.
Релексация: «Бұл ойыннан қандай ой түйдіңдер?» оқушылар өз ойын айтады.

ІІІ. Ойынды аяқтау «Рахмет әдіс»
Ортаға барлық оқушы шығып, шеңбер құрып тұрады.

Психолог. Мінеки оқушылар стресс осылай жиналады, ол жинала берсе сенің денсаулығыңа, алда болатын емтиханға дайындығыңа, психологиялық дұрыс қалыптасуыңа өте зиянды, сол үшін бойларыңдағы жағымсыздық қасиет тудыратын сөздерді дұрыс қабылдап, стреске ұшырамауларыңа тілектеспін.
Енді мына бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді сол алақандарынды жайып тұрып өз ойларынды айтасыздар ал оң алақанға келешекте неге қол жеткізгілеріңіз келеді соны айтамыз да барлығымыз бірлесіп хормен «РАХМЕТ» дейміз.

Психолог. Құрметті мектеп түлектері алдарыңда үлкен сын, намысты дода сол сынға әрқашан сеніммен барыңдар. Бақытты ғұмыр болмайды, ол бақытты секунд, бақытты минут, бақытты сәттерден тұрады, біз сол бақытты сәтті сезіне білу арқылы бақытты боламыз. Бір - бірінің қолдарыңды ұстап жоғары көтеріңдер, біркелкі хор дауыспен «Біз ҰБТ-ке сеніммен барамыз!» деп айқайлаңдар.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз