Жігіт сұлтаны

Атырау облысы, Исатай ауданы
Жанбай селосы
Жалпы білім беретін Хамидолла Наубетов атындағы орта мектеп

 

Фанфар ойналады

Жүргізушілер ортаға шығады

Нұртілеу: Қайырлы күн,құрметті ұстаздар мен ата-аналар, оқушылар!

Парасат: Бүгінгі «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы мен «Ұлағат» ұлдар ұйымының ұйымдастыруымен өткелі отырған «Жігіт сұлтаны» байқауына қош келдіңіздер!

Нұртілеу:

Асыл тастан, өнер жастан шығады деп дарынды,
Халық айтса, халық сөзі, әрқашанда нанымды.
Сол өнердің жолын қуған «Жігіт сұлтаны» сайысына қатысатын жігіттердің жолы ақ болсын, жүлделі орынға ие болсын деп «Жігіт Сұлтаны» байқауын ашық деп жариялаймыз.

Парасат: Қадірлі ағайын, бүгінгі сайысымызға төрелік ететін әділ қазылар мүшелерімен таныс болайық

1. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-Қайреденова Гүлфара апай
2. «Жас Ұлан» ББЖҰ жетекшісі-Шұханова Эльмира апай
3. «Ұлағат» ұлдар ұйымының жетекшісі-Сапабеков Бақтыбай ағай
4. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-Есмұханова Гаухар апай
5. Ата-аналар комитетінің төрайымы-Қапсихова Құралай апай
6. Мектеп инспекторы-Даржанова Әсел апай

Нұртілеу:

Қайсысы әнші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық! – деп, өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың кезеңдерімен таныс болайық

І кезең «МЕН ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫМЫН» - Өзін-өзі таныстыруы
ІІ кезең «СЕГІЗ ҚЫРЛЫ БІР СЫРЛЫ» - Өнер сайысы
ІІІ кезең «БІЛГЕНГЕ МАРЖАН»-қазақтың ұлттық әдет-ғұрыптар аясында танымдық сұрақтар
IV кезең «КҮШ АТАСЫН ТАНЫМАС» - күш сынасу
V кезең «ШЕБЕРДІҢ ҚОЛЫ ОРТАҚ» - Үй тапсырмасы

Нұртілеу:

Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық!
Ата жолын жалғамақ
Ел дәстүрін қолдамақ
Ел намысын қорғамақ.
Ұлдар шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ! – дей отырып, ортаға «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайыпқырандарымызды қошеметпен қарсы алыңыздар!

№1 Мұқан Нұрдаулет     8«а» сыныбы
№2 Қыдырғалиев Диас   8«ә» сыныбы
№3 Меллатұлы Дарын    9«а» сыныбы
№4 Әмидолла Нұрхан    9«ә» сыныбы
№5 Ибрагим Ермахан    10«а» сыныбы
№6 Рахымжан Ықылас  10«ә» сыныбы
№7 Құзайыр Дамир        11 «а» сыныбы
№8 Саменов Райымбек  11 «ә» сыныбы

Парасат: Қол соғып қошеметтеп отырайық. Жігіттерімізге сәттілік тілейміз!

Нұртілеу:

Жігіттер келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дамытуға
Қорықпастан сахнаға келіп жетті
Әдеппен сіздерменен танысуға-дей келе сайысымыздың «Мен қазақтың ұлымын» атты бірінші кезеңін бастаймыз.

Парасат: Бұл кезең ережесі бойынша сайыскер 3 мин ішінде өлеңдетіп таныстырады. Жоғары балл-5

(Жүргізушілер сайыскерлерді кезек пен кезек шақырып,бірінші кезеңді аяқтайды)

Нұртілеу:

Әділ-қазылар бағаларыңызды берсеңіздер

№1 Мұқан Нұрдаулет     8«а» сыныбы
№2 Қыдырғалиев Диас   8«ә» сыныбы
№3 Меллатұлы Дарын    9«а» сыныбы
№4 Әмидолла Нұрхан     9«ә» сыныбы
№5 Ибрагим Ермахан     10«а» сыныбы
№6 Рахымжан Ықылас   10«ә» сыныбы
№7 Құзайыр Дамир         11 «а» сыныбы
№8 Саменов Райымбек   11 «ә» сыныбы

Парасат: Рахмет, әділ-қазылар! Сайыскерлеріміз келесі кезеңге дайындығы үшін сахна сыртына шығарып салайық!

Ән: Қазағым-ай

Орындайтын: 7 сынып оқушысы Ерғалиқызы Дильназ

Парасат:

«Еңбек ердің – санаты, білім елдің қанаты» демекші адам ақыл - парасатымен сұлу, ақылды жігіт ата-анасының жанып тұрған шырағы емес пе?
Қазақта жігіттерді былай деп атаған!
«Көсем жігіт» - ел басқаратын жігіт,
«Шешен жігіт» - дау шешетін жігіт,
«Батыр жігіт» - еліне қамқор жігіт,
«Сері жігіт» - аттың жүйрігін мініп, иттің алғырын ертіп, мың құбылтып ән салып, күмбірлете күй тартатын өнерлі жігіт.

Нұртілеу: Олай болса келесі кезеңіміз «СЕГІЗ ҚЫРЛЫ БІР СЫРЛЫ». Бұл кезеңде жігіттеріміз бойға дарыған өз өнерлерін көрсетеді. Жоғары балл-5. Ортаға Мұқан Нұрдаулетті шақырамыз

(Жүргізушілер кезектері бойынша шақырып отырады)

Парасат: Екінші «Сегіз қырлы бір сырлы» кезеңі бойынша әділ-қазылардың бағаларымен таныс болайық

1. Нұрдаулеттің бағасы
2. Диастың бағасы
3. Дарынның бағасы
4. Нұрханның бағасы
5. Ермаханның бағасы
6. Ықыластың бағасы
7. Дамирдың бағасы
8. Райымбектің бағасы

Парасат: Бағаларыңызға рахмет!

Нұртілеу:

Ер өнері білінбес,
Қоян қолтық алыспай.
Күш өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай - дегендей сайысымыздың келесі кезеңі «Күш атасын танымас». Бұл кезеңде жігіттеріміз біздің нұсқауымыз бойынша білек күшін сынасады. Ұпай жеңіске жеткен сайыскерге ғана қосылады. Әр күш сынасудың жоғары балы-2 ұпай

Парасат:

Қай сайыскерлеріміз бәсекеге түсетінін хабарлайын:

Райымбек-Дарын
Дамир- Нұрхан
Ермахан- Диас
Ықылас-Нұрдаулет

Нұртілеу: Ортаға Райымбек пен Дарынды шақырамыз

Парасат: Дамир мен Нұрханды шақырамыз

Нұртілеу: Ермахан мен Диасты шақырамыз

Парасат: Ықылас пен Нұрдаулетті шақырамыз

Нұртілеу: Ширек финалға кезек берсек

..................-...............................

..................-..............................

..................-...............................

..................-..............................

Парасат: Сайыс қыза түсуде, ендігі жартылай финалға кезек берсек

.....................-...............................

......................-............................

Нұртілеу:

Ақтық мәре де келіп жетті

Ортада, .......................-........................................

Парасат:

 «Күш атасын танымас» кезеңін аяқтаймыз, әділ-қазылар бағаларыңызбен таныс болсақ

1. Нұрдаулеттің бағасы
2. Диастың бағасы
3. Дарынның бағасы
4. Нұрханның бағасы
5. Ермаханның бағасы
6. Ықыластың бағасы
7. Дамирдың бағасы
8. Райымбектің бағасы

Нұртілеу:

Ей, Жігіттер!
Сендерге биік ата - салтын құрметтеп,
Ақтай білсең ата-баба үмітін,
Әрбір сөзі – тәлімі мол бір мектеп.

Жігіттеріміздің өнерлерін, білек күштерін сынадық. Енді ақыл-ой тереңдігін, ой ұшқырлығын , ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды меңгеруін сарапқа салатын да кез келген сияқты. Олай болса келесі кезең «БІЛГЕНГЕ МАРЖАН». Бұл кезеңде жігіттеріміз қазақы ұлттық салт-сана жоралғылар бойынша қойылған 2 сұраққа  жауап береді. Ендеше бастаймыз!

Парасат: Ортаға алғашқы төрттікті шақырамыз! Олар Мұқан Нұрдаулет, Қыдырғалиев Диас, Меллатұлы Дарын, Әмидолла Нұрхан.

Нұртілеу: Жігіттер дайын болса бастаймыз.Алғашқы сұрақ

Нұрдаулетке:

Сұрақ: Жеті қазынаны атаңыз.

Жауап: 1. Ер жігіт 2. Сұлу әйел 3. Ақыл, білім 4. Жүйрік ат 5. Қыран бүркіт 6. Берен мылтық 7. Жүйрік тазы.

Диасқа: Ер қаруы бес қаруды атаңыз.

Жауап: 1.Айбалта 2.Садақ 3.Қылыш 4.Найза 5.Шоқпар

Дарынға: Бес асыл іс пен бес дұшпанға нелер жатады?

Жауап: Бес асыл іс-талап,еңбек терең ой,қанағат,рахым

Бес дұшпан-өсек,өтірік,мақтаншақ,еріншек,қанағатсыздық (яғни бекер мал шашпақ)

Нұрханға: Үш бәйтеректі атаңыз.
Жауап: Бейімбет Майлин,Сәкен Сейфуллин,Ілияс Жансүгіров

Нұрдаулетке: Қазақтың қандай ұлтық ойындарын білесің?        

Жауап: күрес,ат жарыс,аударыспақ,жамбы ату т.с.с

Диасқа: Қазақтың қандай ырым мен тыйымдарын білесің?

Жауап: Бос бесікті тербетпе!,Табалдырыққа тұрма!,Үйге кірген жыланды өлтірмейді!т.б

Дарынға: Бата деген не?

Жауап: Бата адамдарға ізгі жақсылықтар тілейді.Жас үлкен адам береді.Әумин сөзімен аяқталады.

Нұрханға: Халқымыздың ұлы мерекесі туралы айтып берсең?!

Жауап: Наурыз мерекесі.22 наурыз күні күн мен теңеледі.Көктемде өтеді.Көріседі т.с.с

Парасат: Рахмет, тұщымды жауап алдық деп ойлаймын. Ортаға екінші төрттікті шақырамыз! Ибраим Ермахан, Рахымжан Ықылас, Құзайыр Дамир, Қуандықұлы Райымбек.

Нұртілеу: Жігіттер дайын болса бастаймыз.Алғашқы сұрақ

Ермаханға:

Сұрақ: Айдар деген не?

Жауап: Ер баланы тіл - көзден сақтау үшін қойылатын шаш

Ықыласқа:  Байғазы деген  қандай дәстүр?

Жауап: «Байғазы» деп балалардың, жастардың жаңа киімі, заты үшін ақшалай, заттай берілетін сыйды айтады.

Дамирге: Ерулік деген қандай дәстүр?

Жауап: Жаңадан көшіп келген көршілерге бұрыннан тұратын көршілердің үйіне қонаққа шақырып ас беруі.

Райымбекке: Енші деген не?

Жауап: Ер жеткен балаларын дүние - мүлкін беріп ата-анасының бөлек шығаруы

Ермаханға: Сүйінші қандай дәстүр?

Жауап: Қуанышты хабар әкелушіге берілетін сыйлық

Ықыласқа: Он екі мүшеге нелер жатады?

Жауап: Бас, омыртқа, екі жамбас, екі жауырын, екі тоқпан жілік, екі асық жілік, екі кәрі жілік

Дамирге: Ауыл-үйдің қарттары жол жүрерде, сөйтіп жастар жағы бірыңғай болып ауылда қаларда немесе жас бала тұңғыш рет ажа мінерде қандай тағам пісіріледі?

Жауап: Тоқымқағар

Райымбекке: Бір отбасындағы туыстық атаулар?

Жауап: Ата, әже, әке, ана, апа, аға, іні, сіңлі, қарындас, әпке, бауыр.

Парасат:

Өте жақсы жауаптар. Олай болса танымдық сұрақтар кезеңін аяқтаймыз! Әділ-қазылар бағаларыңызды берсеңіздер?!

1. Нұрдаулеттің бағасы
2. Диастың бағасы
3. Дарынның бағасы
4. Нұрханның бағасы
5. Ермаханның бағасы
6. Ықыластың бағасы
7. Дамирдың бағасы
8. Райымбектің бағасы

Нұртілеу:

Рахмет! Сайысымыздың соңғы кезеңі «Шебердің қолы ортақ». Бұл кезеңде сайыскерүй тапсырмасы бойынша өзі айналысатын сүйікті ісінің туындысын көрмеге қойып таныстыру. Баға туындының жасалу шеберлігіне қойылады. Жоғарғы балл-5

Парасат: Сайыскерлерді жасаған бұйымдарымен бірге ортаға шақырамыз. (Өз туындыларын кезекпен таныстырып өтеді)

Нұртілеу: Жігіттеріміздің шеберлігінде сөз жоқ керемет!Әділ-қазылар бағаларымен таныс болсақ!

Парасат:

Достарым, түсініңдер сөздің нарқын,
Әр кезде бола берсін жүздер жарқын.
Мәңгілік жоғарылап жұлдыздарың,
Бақытқа бөлеңдерші қазақ халқын.
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші бүгінгі сайысымызда аяқталып келеді.
Енді сөз кезегін әділ-қазыларға берейік. (Әділ-қазылар марапаттайды)

Нұртілеу:

Құрметті сайыскерлер,оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі ұйымдастырылған «Жігіт сұлтаны» байқауына келіп қатысып, тамашалағандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!

Жүлделі орынға ие болған жгіттерімізді құттықтаймыз! Сау саламатта болыңыздар!

Парасат:

Көріскенше! Қош сау болыңыздар!



Пікірлер (1)

Хамидоллаева Асель

Мен Хамидолла Наубетовтың ең кіші немересімін ол менын туган атам менын əкем Музафар ен кенже улы

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)