Өлең, жыр, ақындар

Бәрін жақсы көремін

Қарағанды облысы
Қазыбек би ауданы
«№81 ЖББ орта мектебі» КММ
Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі
Абильдина Рымкеш Мырзахметовна

 

Білім беру саласы: Таным

Бөлімдері: ­­­Өзін–өзі тану.

Тақырыбы: Бәрін жақсы көремін

Мақсаты: «Жақсылық» ұғымы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: Жағымды қасиеттерге тәрбиелеу. Жақсылық жасауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: түрлі-түсті қарындаштар, әліппе дәптер.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің  іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-оятушылық

Шаттық шеңбері

   Балалар шеңберге тұрып, қолдарынан ұстап бір-біріне ізгі тілектерін білдіреді.

   Мен саған бақыт тілеймін!

   Мен саған қуаныш тілеймін!

   Сен мейірімдісің! Т.б.

Балалар жалғастырады

 

Ұйымдастырушылық-ізденушілік

   Көрнекіліктерді пайдалана отырып, тақырыпты түсіндіреді.

   Шаттық шеңбері

   Біздің топта балалар

   Тату тәтті ойнайды.

   Дос көңілі әрқашан

   Тек жақсылық ойлайды.

«Ақтиін мен қасқыр» мысал

    Ақтиін бұтақтан –бұтаққа қарғып жүріп, ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне құлайды. Қасқыр қарғып тұрып, оны жегісі келеді.

   Ақтиін жалынып: -Мені жеме, жібер!-дейді.

   - Жарайды, жіберейін, бірақ сен маған айт: неліктен сендер әр уақытта шат болып, қуанып жүресіңдер?

   - Мені жіберіңіз,сонан соң айтайын, әйтпесе жүрегім дірілдеп сөйлей алатын емеспін,-депті. Қасқыр ақтиінді босатады. Ақтиін ағаш басына шығып алып: Сен қасқыр, ешкімге жақсылық жасамайсың, жамандық ойлап, өзгелерді ренжітіп жүресің. Сондықтан әрқашан көңілсіз жүресің.

   - Біз жақсылық жасаймыз, сол үшін әр уақытта шат, көңілді жүреміз-депті.

   - Балалар, ақтиін не себепті көңілді жүреді?

   - Ал, қасқыр ше?

Дәйек сөз: «Жақсылық жасау да-бақыт»

   Сергіту сәті:

   Көтеріліп шаңырақ,
   Керегелер керіліп,
   Өрімдей боп өріліп,
   Уықтар боп иіліп,
   Шаңыраққа киіліп,
   Бәріміз жүрсек айналып,
   Киіз үй боп көрінер.

   Дәптермен жұмыс: «жақсылық, қамқорлық, көмек» сөздерін қатыстырып, әңгіме құрау.

   Тыныштық сәті: денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, көздерін жұмып, ауаны терең жұтып, еркін тыныс алады.

«Жүректен жүрекке»

   Балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап, шеңбер құрып тұрады. «Мен сені жақсы көремін» деп көршісінің атын айтып, қолынан қысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Тыңдайды

 

 

 

 

Қайталайды

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалардың жауабы

 

 

 

Қайталайды

 

 

Әңгіме құрайды

 

Рефлексиялық-түзетушілік

«Жақсылық жасай білеміз» ойыны арқылы оқу іс-әрекетін қорытындылайды.

Ойын арқылы оқу іс- әрекетін қорытындылайды

 

Күтілетін нәтиже: Жұмсақ ойыншықты жүректі бір-біріне сыйлай отырып, жақсы тілектер білдіреді.

Білу: Адал достар жайы, әдепті бала туралы білді.

Түсінуге тиіс:  Еңбексүйгіштікке, ерінбеуге, сабақтан қалмауға, әдепті бала болу жайында меңгерді.

Істей білу керек: Әрқашан осындай жылы сөздермен бір-бірімізді қуанта берейік!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз