http://a-brands.kz/

Ана тілім - айбыным

Маңғыстау обылысы, Мұнайлы ауданы
Маңғыстау-5 елді мекені
№9 «Бәйтерек» балабақшасы
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі: Пирниязова Жұлдыз Базарбаевна
        

Ана тілі - ең басты байлығымыз. Менің ана тілім - қазақ тілі. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Бұл - ауыр тіл, бірақ әрбір құрметті азаматқа оны білуі керек. «Ана тілі - халық болып жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі»  -деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Тіл - ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы - оның ана тілі. Тіл - халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі-оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «Мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген  болатын.

Тіл тағдыры - ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әл танитын ел болу үшін тіліміздің мәртебесін биіктетуіміз қажет.

Ата-бабаларымыздың тарихы мен шежіресі, түрлі әдеби мұралары бүгінгі ұрпаққа өзіміздің ана тіліміз арқылы жетіп отыр. Қазақстанда мемлекеттік тіл - қазақ тілі.

Біздің еліміздің әрбір азаматы қарым-қатынас жасайтын тілін өзі таңдай алады. Себебі Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. Елімізде тұратын өзге ұлттың азаматтарыда мемлекеттік тілімізге деген сый құрметі орасан зор болуы керек деп ойлаймын

Мұнайлы ауданында, Маңғыстау-5 елді мекенінде 280 орындық «Бәйтерек» балабақшасында балалардың қазақ тілінде және ағылшын тілінде тілдік дамуларына көп көңіл бөлінеді. Балабақшаның барлық оқу-ұйымдастыру жұмысы, құжаттарды безендіруі мемлекеттік тілде жүреді. 22-қыркүйек тіл мерекесіне орай біздің балабақшада мемлекеттік тілімізге деген құрметпен мектепалды даярлық топтар арасында  «Ана тілім - айбыным» атты мерекелік  шара өткізілді. Мерекелік шарамызда балалар ана тіліне арналған өлең шумақтарын оқыды, мақал-мәтелдерін айтты. Мерекелік шара қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілінде өткізілді. 25-қыркүйек күні тәрбиешілер және пән мұғалімдер арасында «Білгенге маржан» атты сайыс болып өтті. Қазіргі кезде тілдерді үйрену бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда, балалармен тілдер әлеміне саяхат жасауға талпынамыз. Балалар бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасай алады. Әрқашан Ана тіліміздің мәртебесі биіктеп абыройы арта берсін. Біздің ендігі мақсатымыз бүлдіршіндеріміз қазақи тәрбиелі азамат және азаматшалар болатынына сенемін.


Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)