Өлең, жыр, ақындар

Симуляторлық ойындарды сабақта пайдалану технологиясы

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
Маңғыстау энергетикалық колледжі
ІІ санатты арнайы пән оқытушысы
Джанбозова Жанна Аргиновна

Тақырыбы: Симуляторлық ойындарды сабақта пайдалану технологиясы  тақырыбындағы шебер-сыныптың жүзеге асуы

Шебер-сыныптың ұзақтығы: 20 минут

Шебер-сыныптың мақсаты: Техникалық пәндерді, соның ішінде  «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығында заманауи смартфон/компьютер симулятор ойындары арқылы оқыту арқылы студенттердің тәжірибелік біліктілігін, технологиялық білімдерін арттыру, қызығушылықтарын дамыту.

Міндеттері:

- білімділік: симулятор-ойындарды білім көзі ретінде пайдалану, ақпараттық құралдарды барынша жиі әрі еркін пайдалануға үйрету;
- дамытушылық: материалды жан-жақты, толық әрі практикалық түрде меңгеруге итеремелеу;
- тәрбиелік: компьютерлік ойындардың тек уақыт өлтіретін атыс-шабыс ойындары емес, білімге, кәсіби біліктілікке баулитын құрал ретінде оқушылардың санасында қалыптастыру, жаңа жолдарды ашуға итермелеу.

Жабдықтар: смартфондар, компьютер, интерактивті тақта

Таратылатын материалдар: ақпараттық үлестірме-парақтар, планшеттер (2-3)

Шебер-сынып құрылымы

1. Кіріспе бөлім: Электр қозғалтқыштары туралы қысқаша теориялық түсінік беру

2. Негізгі бөлім:

- Электр қозғалытқыштарын онлайн симулятор арқылы құрылымымен танысу
- Смартфондық ойындар арқылы электр қозғалытқышын жөндеу жолдарымен таныстыру

3. Қорытынды бөлім: Мамандыққа байланысты біліктілікті арттыратын басқа да симуляторлық ойындарды іздеуге шақыру. Үйде жасайтын инновациялық тапсырмалар беру және оны орындау жолдарын көрсету.

Қойылған міндеттерді жүзеге асыру және мақсаттарға жетуді тексеру төмендегілермен жүзеге асады:

1. Кіріспе бөлім: Тақырып бойынша сұрақтар қою
2. Негізгі бөлім: Симуляторлық ойындары ойнату. Нәтижелерін салыстыру
3. Қорытынды бөлім: Басқа да симуляторлық ойындарды таныстыру

ШЕБЕР-СЫНЫП ЖҮРІСІ

Құрметті әріптестер! Біздер компьютер не телефон ойындары десек, студенттердің не өзіміздің уақытымыз бен миымызды улайтын зат деп түсінеміз. Алайда бүгінгі менің шебер сыныбымнан кейін сіздер сол ойындар арқылы оқытатын пәнімізді студенттерге қызықтырып, тәжірибелік детальдарын терең түсінуге жол ашатын керемет құрал екендігіне көздеріңіз жететін болады. Олай болса, симуляторлық ойын дегеніміз не деген сұраққа жауап бере отырып, оны мен оқытатын «Электр қозғалтқыштары және оны жөндеу» атты сабағымда  пайдаланған тәжірибеммен бөлісейін.

Ең әуелі, симулятор ойындар дегеніміз не? Алдарыңызға үлестірген ақпараттық парақшаларда ол туралы біршама толығырақ жазылған. Симулятор дегеніміз  - шын өмірдегі қандай да бір құрал не техниканы, технологияны дәлме-дәл тек виртуал деңгейде қайталайтын ойын немесе жабдықты айтамыз. Көбінесе қайталанатын құралдар қымбат немесе өте сирек жасалатын заттар болып табылады. Мысалы, зымырандар,  ұшақтар, су асты кемелері, хирургиялық жабдықтар және т.б. Ғарышкерлер ғарышқа ұшуды үйрену үшін бірнеше рет ғарышқа ұша алмайды. Олар ғарышқа ұшпастан бұрын бірнеше жылдар бойы симулятор кабиналарда дайындалады. Ол симулятор кабиналар ғарыштағы жағдайларды қайталайды. Шарттар мен жағдайлар компьютерлік бағдарламалар арқылы беріліп отырады. Мысалы температура, қысым жағармай көлемі және т.б.

Симуляторларда дайындалу маманның кәсіби шеберлігін дамытады, өз-өзіне деген сенімділігін арттырады, ақша үнемдейтіні сірә да белгілі.

Сол сияқты кейде біз студентеріміздің барлығын тәжірибеде жұмыс жасауы тиіс құралдармен қамтамасыз ете алмай жатамыз. Әсіресе, техникалық мамандықтардың көптеген құралдар оқу орнында тек 1-2 дана болуы, кейде тіпті болмауы да мүмкін.

«Электр қозғалтқышының құрылымы және оны жөндеу» тақырыбын өткенде студенттердің әрқайсысы электр қозғалтқышының құрылымын көріп, жұмыс жасауын ұққаны жөн. Олай болса сабақтың теориялық бөлімін түсіндіріп болғаннан соң, мен оқушыларға компьютерлік сыныпта төмендегі сайттағы өз қолымен виртуал электр қозғалтқыш жинайтын ойынды ойнауға шақырамын. «Смартфон заманының» жастарының көңілінен бұл ойынның шығатыны анық. 

Сайт «Ең мықты электр қозғалтқышыңды жина!» деп мақсат тастайды.

Ең әуелі біз теориялық бөлімде танысқан электр қозғалтқышынң құрылымымен орыс тілінде танысамыз. Бұл өз кезегінде ойынға кіріспестен бұрын, теорияны қайталауға, ұғуға шақырады.

Қозғалтқыштың бөлімін таңдаған сайын ойын бізге сол жерді сары түспен белгілеп,ол  туралы қысқаша ақпарат береді. Оған 5-10 минут арнай отырып біз ең қызықты ойынға кірісеміз.

Ойынды бастайық! Алғашында бізде 2000 ұпай болады. Біз сол ұпайдың шегінде электр қозғалтқышын жинап шығуымыз керек.

Бірінші қозғалтқыш түрін таңдаймыз. 6 цилиндрлі түрін таңдасақ, бізден 400 ұпай алынады. Сәйкесінше қуаты да жолғары болады. Одан соң поршеньді топты, газ таратушы механизмді, таратушы валдарды,  үрлеу жүйесін, шығу жүйесін, кіру жүйесін, қоректендіру жүйесін таңдаймыз.

Ал құрметті әріптестер, сіздер де өздеріңіздің ұпайларыңызды пайдалана отырып, өз электр қозғалтқыштарыңызды құрастырыңыздар! Нәтижесінде кімде қандай қуатты электр қозғалтқышы жиналғанын салыстырайық!

 

Ал енді ақаулар және оны жөндеу туралы айтар болсақ, ол тақырыптың да теориялық түсіндірмеден соң, «Engine repair» яғни «Қозғалтқышты жөндеуші» ойынын студенттерге смартфондарына немесе үйлеріндегі планшеттеріне жүктеп алып, танысуға кеңес беремін. «Car mechanic Simulator»ойыны тек компьютерге арналған өте керемет симулятор ойынын жүктеп алып, электр қозғалтықын жөндеуге тапсырма беремін.

Әрине, құрметті әріптестер, бұл симуляторлық ойындар дәстүрлі оқыту жүйесіндегі макетпен жұмыс, теориялық білімді тексеру сынды әдістердің орнын баса алмайды. Алайда оларды толықтырып, «компьютермен, телефонмен дос» жастардың материалды толық меңгеруіне, қызығушылық танытып,тіпті бос уақытында материалмен тікелей не жанама байланыста болуына көмектесетіні сөзсіз.

Сөз соңында ізденіп қарасақ, мұндай симулятор ойындардың  физика, химия және биология салаларына қатысты сабақтарға қатысты түрлерінің көптігін айтқым келеді. Бұл ойындардың әзірше тек орыс, ағылшын тілінде болуы тіпті техникалық атаулардың үш тілдегі аудармаларын біліп, оқушылардың кругозорларын дамытуға да үлес қосатыны анық.

Белсене қатысқандарыңызға рахмет!

Әдебиеттер тізімі:

1. Ж.Жәнібеков, Б.Дурманов, Б.Тобжанова «Электромонтер»,  «Фолиант»  баспасы, 2010
2. Хожин Г.Х. «Электрстанция жабдықтарын пайдалану, пайдалану  және реттеу» Алматы, АЭЖБИ,2005
3. http://mobil1.motor.ru/
4. Симулятор ойындар


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз