Өлең, жыр, ақындар

Менің кітабым

Қарағанды қаласы
№3 гимназияның
қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі
Мустояпова Алия Жумабековна

Сабақ   № Тақырып:

 

Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Менің кітабым

Күні  03.02.2017

Мұғалімнің аты-жөні: Мустояпова А.Ж.

Сынып  2а

Қатысып отырғандары:

Келмегендер саны:

Осы сабаққа арналған оқу мақсаты

2.1.5.1 тыңдау-көру материалындағы оқиғаларды түсіну, сұрақтар қою және сипаттау

2.4.2.1 мұғалімнің көмегімен оқыған немесе тыңдаған/ тыңдау-көру материалдары бойынша сөз тіркестерін жазу

2.5.1.2 сөйлеу барысында көптік/тәуелдік/ жіктік /септік жалғауларын қолдану

 

Жетістік критерийі

Барлық оқушылар істей алады:

Тыңдау-көру материалындағы оқиғаларды  түсінеді, мұғалім көмегімен сұрақтар қояды және сипаттайды,  мұғалімнің көмегімен оқыған немесе тыңдаған/ тыңдау-көру материалдары бойынша сөз тіркестерін жазады, мұғалім көмегімен сөйлеу барысында көптік/тәуелдік/ жіктік /септік жалғауларын қолданады

Оқушылардың көпшілігі істей алады:

Тыңдау-көру материалындағы оқиғаларды  түсінеді, сұрақтар қояды және сипаттайды,  оқыған немесе тыңдаған/ тыңдау-көру материалдары бойынша сөз тіркестерін жазады, сөйлеу барысында көптік/тәуелдік/ жіктік /септік жалғауларын қолданады

Кейбір оқушылар істей алады:

Тыңдау-көру материалындағы оқиғаларды  түсінеді, диалогқа түседі және сипаттайды,  оқыған немесе тыңдаған/ тыңдау-көру материалдары бойынша сөз тіркестерін жазады, сөйлеу барысында көптік/тәуелдік/ жіктік /септік жалғауларын қолданады

 

Негізгі сөздер мен фразалар:

Кітап, әріптер, қалай,  деп аталады,  қызықты, оқимын, туралы 

Сұхбатқа арналған пайдалы фразалар:

спортпен айналысамын, жүгірумен айналысамын, секірумен айналысамын, жүзумен айналысамын

Талқылауға арналған сұрақтар:

Сен не істейсің? Кітап қалай аталады? Кім туралы? Не туралы?

Тілдік нормалар

Тәуелдік, септік, көптік, жіктік жалғауларын пайдаланады.

Осының алдындағы оқу

Спорт

Жоспар

Жоспарланған мерзімдер

               Жоспарланған шаралар

Ресурстар

Басы

3 мин

Ми шабуылы арқылы психологиялық ахуал қалыптастыру.  

Бейнебаян не туралы?

Сен кітап оқисың ба?

Саған қандай кітап ұнайды?

«Мәңгілік ел» идеясымен байланыс

Жетістік критерийлерімен таныстыру.

Мәтінді тыңдаймын,

Сұрақ құрастырамын,

Кітап  туралы айтамын

Кітап туралы жазамын

https://kaztube.kz/video/221078 «Әли мен Айя кітап туралы»   бейнебаян

Ортасы

 

 

 

5 мин

 

 

 

 

 

 

 

7 мин

 

 

 

 

 

 

 

10 мин

 

 

 

 

 

 

3 мин

2 мин

 

5 мин

Жаңа сөздерді меңгерту.

деп аталады,  қызықты, туралы 

Тапсырма:

Сурет арқылы жаңа сөздермен таныстыру

Жаңа сөздерді хормен қайталайды.

Жұпта бір-біріне суретті көрсетеді және сол суретке сәйкес сөздерді атап, бірін бірі тексереді.

Тақтаға шығарып, суретті көрсетіп, жаңа сөздің жаттағанын тексеру.

2-тапсырма.

Тыңда. Оқы. Үлгі бойынша сөйлес.

Қандай әдемі кітап!

  • Кітап қалай аталады?
  • Кітап «әріптер» деп аталады.

Енді 1тапсырмаға қарап, әріптерді еске түсірейік. С.Ж.

Тапсырма.

Слайд арқылы «Кітап қалай аталады?» «Кітап не/ кім туралы?» «Кітап қызық па?» сұрағына жауап беруді үйретемін. Ж.Ж.

3-тапсырма. Суретке қара. Толықтырып жаз. (Дәптермен жұмыс) Ж.

 

Сергіту сәті

 

4-тапсырма.

Тыңда. Оқы. Үлгі бойынша сөйлес.

Диалог

  • Сен не істейсің?
  • Мен кітап оқимын.
  • Кітап қалай аталады?
  • Кітап «Алдар көсе мен бай» деп аталады.
  • Ол әңгіме ме?
  • Жоқ, ол- ертегі.
  • Ертегі кім туралы?
  • Ертегі Алдар көсе мен бай туралы.
  • Ертегі қызық па?
  • Иә, ертегі қызық. Ж.Ж.

Слайд

 

 

 

Жаңа сөздер жазылған кеспе қағаз және суреттер

 

 

 

 

 

оқулық

 

 

 

 

 

бағдаршам арқылы бағалау

 

  слайд

 

 

жұмыс дәптері

 

 

Бейнеролик «Аяулы мектебім»

Көркем шығармалы кітаптар

Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау

Соңы

Кері байланыс

3 мин

 

 

2 мин рефлексия

Жетістік критерийлері

Жауаптар 1-3

1

3 сөйлем дұрыс жаздым

1       2       3        

2

3 сұрақ дұрыс  құрастырдым

1       2       3        

3

3 сөйлем айта алдым

1       2       3        

 

Барлығы

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз