Өлең, жыр, ақындар

Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы» кітабы

«№121 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі   
Ақшаева Ақтоты Дуйсембекқызы   

Сабақтың тақырыбы: Ыбырай  Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы» кітабы

Мақсаты:

1. Оқушылардың Ыбырай өмірі мен шығармашылығын қалай меңгергендігін пысықтау; әңгімелерінің тақырыбын ашу.

2. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, ойын ашық айта білуге және өз пікірін қорғай білуге баулу.

3. Оқушыларды адалдыққа, еңбексүйгіштікке, жақсы жолдас бола білуге тәрбиелеу.

Түрі: Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдер: «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы

Көрнекілігі: интерактивті тақта.окулық,хрестоматия

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі.

Күтілетін нәтиже:  «Қазақ хрестоматиясына» енген әңгімелермен таныс бола отырып, өзіндік ой қорытып, ненің жақсы,ненің жаман екенін айыра алады.  Тіршіліктің тұтқасы еңбек,білім,өнер екенін түсінеді.

Сабақтың барысы:

Қызығушылықты ояту

Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру,дайындығын бақылау

Сабақтың мақсатын айту.

— ХІХ ғасырдың 2-жартысы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген әдебиет өкілі

Ы. Алтынсариннің шығармалары бойынша алған білімдеріңді сарапқа салу мақсатында өткізіліп отырған бүгінгі ашық сабағымызда әңгімелерін талдау барысында өз ойларыңды ашық айта біліңдер, қойылған сұрақтарға толып жауап беру талап етіледі.

Үй жұмысын тексеру

1.«Ыбырай» тобына
  1.«Деректер сөйлейді» тапсырмасы.(Рет-ретімен тұрған сандар арқылы Ыбырайдың өмірбаяны мен шығармашылығын  өмірбаяндық график арқылы  айтып беріңдер)
1841 – Ыбырайдың туған жылы. Қостанай обл. Затобол ауданында туды.
1850  Орынборда ашылған қазақ-орыс мектебіне түседі.
1857 Мектепті үздік бітіріп шыққан жылы
1859 Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болып орналасқан жылы.
1860 – Орал сыртындағы қазақтарға арналып 4 сыныптық бастауыш мектеп
ашу туралы шыққанда (Тройцк, Торғай, Ырғыз, Қазалы) өзі сұранып,
Торғай мектебіне мұғалім болады. Торғай қаласында бірден мектеп
ашу мүмкін болмай, іс көпке созылады, жиналған балаларды өз үйінде
оқытқан жылы.
1864 –  Мектептің қаңтар айында ашылған жылы
14  — Сол мектепке қабылданған бала саны.
1876 – Петербург, Қазан қалаларына барған жылы
1876 – Н.Н.Ильминскийге жазған хатында «Татар тілінде жазылған
кітаптардан құтылу үшін, қазақ тілінде оқуға арналған бастауыш
кітабымды кеше ғана бастадым,» — деп жазған жылы
1876 – «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріскен жылы
1879 – Орынборда хрестоматияның басылған жылы

1889 – қайтыс болған жылы.

2.«Шоқан» тобына          Топтастыру стратегиясы

3. «Абай» тобына Ы.Алтынсариннің өлеңін құрылысына қарай талдау

Атаңды сағындым деп асығарсың,              (11 буынды,3 бунақты)

Оқуға көңіл бөлсең,басыларсың.                (10 буынды,3 бунақты)

Ата-анаңды өнер  білсең асырарсың,         (13 буынды,,3 бунақты)

Надан боп,білмей қалсаң,аһ ұрарсың.    (11 буынды,5бунақты)

 

Шырағым,мұнда жүрсең,не етер едің?        (12 буынды,5 бунақты)

Қолыңа құрық алып кетер едің.                   (11 буынды,4 бунақты)

Тентіреп екі ауылдың арасында                 ( 12буынды,3 бунақты)

Жүргенмен не мұратқа жетер едің?-          ( 11 буынды,4 бунақты)

2 шумақты, 8 тармақты

Үй тапсырмасын бекіту                                               

Ыбырай Алтынсарин кім?

Ыбырай Алтынсариннің шын есімін  ата

Ыбырайдың болашағынан үміт күтіп, оны оқуға жетелеген кім?

«Ыбырай Алтынсарин туралы есте қалғандардан»атты кітапты кім бастырып шығарды?

Ыбырай туралы кімдер зерттеді?

Ы.Алтынсарин туралы жазылған «Дала қоңырауы» атты поэманың авторын ата.

Жаңа сабақ

Ы. Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы. Бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнаған. Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, оқулық жазған. Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын хрестоматияның алғы сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім…» деп тұжырымдаған. Өйткені хрестоматияға Ыбырай өзінің педагогтық мақсатына лайықтай жазған тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелерін, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, сондай – ақ, орыс педагогтері мен айтулы орыс қаламгерлерінен аударған шығармаларды енгізген болатын. Бұл шығармалардың тақырыптық – идеялық мазмұнынан біз Ыбырайды ұстаз-тәрбиеші ретінде алдына мақсат етіп қойған адамгершілік мәселелерін көреміз.

«Қазақ хрестоматиясына» енген шығармалары.

Ыбырай лирикасы: табиғат бейнесін суреттеген «Өзен», «Жаз»  өлеңдері,жастарды ізгілікке, қайырымдылыққа,ата-ананы,досты сыйлауға шақыратын «Бұл кім?», «Әй,достарым!», «Әй,жігіттер!», «Ананың сүюі» өлеңдері бар. 

Әлеуметтік теңсіздік:«Залым төреге», «Азған елдің хандары», «Азған елдің билері».

Шағын әңгімелері.

Адамгершілік тәрбиесіне арнаған «Әке мен бала», «Асыл шөп», «Бақша ағаштары», «Алтын шекілдеуік», «Қарға мен құрт», «Сауысқан мен қарға», «Әдеп», «Тәкаппарлық», «Байұлы» т.б.

Ыбырайдың жастарды,ізгілікке, бауырмалдыққа, мейірімділікке, достық, жылы жүректілік қасиеттерге баулитын «Бір уыс мақта», «Аурудан аяған күштірек», «Мейірімді бала», «Полкан деген ит», «Таза бұлақ», «Әділдік» т.б. әңгімелері бар. 

Жастарды еңбекті сүюге,оқуға, өнерге ұмтылуға жігерлі,төзімді болуға үндеген «Өрмекші,құмырсқа, қарлығаш», «Жан-жануарлар айтысы», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейітқұл», «Мұңсыз адам» т.б. әңгімелері.

 Өнер мен білімді үлгі еткен «Лұқпан әкім», «Зеректік», «Силинші ханым», «Білгеннің пайдасы», «Талаптың  пайдасы», «Атымтай жомарт» әңгімелері.

Орыс жазушыларынан аудармалары:

И.Б.Паульсонның «Книга для чтения и практических упражнений в русском языке», К.Д.Ушинский «Родное слово», Л.Н. Толстой, Крылов.

Оқулықпен жұмыс

Әр  топқа  жеке тапсырма беру

«Ыбырай» тобы  оқу-білімге шақырған өлеңдерін тауып   жатқа   айту

«Шоқан» тобы  суретке қарап қай әңгімесі екенін  тауып тірек сызба сызу

«Абай»  тобы  қай орыс ақын-жазушысының аудармасы екенін тауып, өлеңді жатқа айту

Жаңа білімді  меңгергенін  тексеру

Ы.Алтынсариннің  Ильминскийге жазған  жазған хаты жайлы сұрау.

Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» кітабын жазудағы мақсаты не?

Ыбырай атаға хат (оқушылар өздері үйде жазып келген хаттарын оқиды)

Үй  тапсырма

«Еркін жазу» стратегиясы бойынша ой-толғаныс

«Ыбырай –әңгіме шебері» тақырыбында эссе жазу

Оқушыларды бағалау

Рефлексия кезеңі

Өз-өзіме хат: «Бүгінгі сабақтан өзіме не алдым?»


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз