Мектеп жасына дейінгі балаларды мемлекеттік тілге оқыту

ГККП "№ 4 Ветерок балабақшасы"
Әдіскер: Самболат Лиза Жұмақалыққызы

Тіл - аса маңызды қатынас құралы. Әрбір ұлттың мәдениетін, дінін, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін құрметтей отырып, мемлекеттік тілді де зерделеу қажет.

Ғалымдар мектепке дейінгі кезеңде баланың дүниеге көзқарасының, санасы, сөйлеуі, жады, сөздік қорының молаюы, тілге деген қызығушылығының қарқынды қалыптасатынын дәлелдеген.

Мақсаты мемлекеттік тілдің негізгі құндылықтарын менгеру, көптілді, әлеуметтік, мәдени өзара қатынастарға дайын және билингвалды құзіретті жеке тұлғаны қалыптастыру мен дамыту.

Міндеттері:

-  Қажетті сөздік қорын,құрдастарымен,ересектермен қарым-қатынаста сөйлеу үлгілерін меңгеру;
-  Балаларды қазақ тіліндегі қысқа тақпақтардың, өлеңдердің, жаңылтпаштардың мағынасын түсінуге, мазмұнын қайта айтып беруге, педагогтің қарапайым нұсқауларын орындауға үйрету;
-  Тілге үйретудің тиімділігін есепке алу (сөздік қоры, сөздің дыбыстық құрамы, грамматикалық құрылысы, сөйлемдер құру, мазмүнды қайта баяндау;
-  Балалардың дүниеге көзқарасы мен зияткерлігін кеңейту;
-  Мемлекеттік тілді меңгеру қажеттілігін түсіндіру,алған білімді қолдануға жағдайлар жасау;
-  Қазақ тілінде сұхбаттасуға ынталандыру, әртүрлі ұлттар балаларының өзара құрметі.

Қазақ тілін оқытудағы пәндік – дамытушы орта

-  баланы ынталандыруды, өздігінен, тәжірибелік, демократиялық білім берудің мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері мен әрекеттеріне сәйкестігін есепке алады;
-  ортаның жайлылығы мен қолайлығын көздейді;
-  пәндік-дамытушы орта мазмунының мәдени-тарихи құндылықтарға: ұлттық дәстүрлерге, табиғатқа, климатқа, жергілікті жердің ерекшеліктеріне сәйкестігін қарастырады;
-  дидактикалық және техникалық құралдармен жабдықтауға көңіл бөлінеді.

Қазақ ертегілері балалардың тілді зерделеуге қызығушылығын арттырады,тіл мәдениетін жетілдіруге көмектеседі. Кейіпкерлерді тыңдай отырып, балалар мазмұнды баяндау, сөздік қорын молайту дағдыларына ие болады.

Баланы қазақ тіліне оқыту кезінде мынадай талаптарға ерекше мән берген жөн:
-  әрбір жаңа сөзді есте сақтау;
-  сөздер балаларға таныс заттармен байланысты болуы тиіс;
-  сөздік қорын үнемі молайта беру;
-  барлық сөздерді қолдануға және қайталауға тырысу;
-  қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету.

Тілдің дамуы баланың ойлауымен тығыз байланысты,сондықтан бұл дағдыларды  дамыту және кеңейту қажет.Тіл ұстарту сабақтарында мынадай әдістерді қолдануға болады:

-  сөздік жұмыс (әңгімелесу, салыстыру, қайталау, сұрақтар мен жауаптар, суреттермен жұмыс)
-  көрнекті құралдарды (сурет. ойыншықтар, муляжді және т.б.) пайдалану.
-  дамытушыойындар (дидактикалық, бойжазулар, жарыстар, сюжеттік, логикалық және т.б.)

Қазақ тілі сабақтарындағы дамытушы ойындардың нәтижесі баланың білімді меңгеруі,ақыл-ой қызметінің дамуы болып табылады. Тіл дамытуда: «Дұрыс ата», «Реті бойынша ата», «Кім жылдам», «Төлдерін атаңдар», «Қайсысы артық?» т.б.ойын түрлері пайдаланылады.

Қазақ тілінің 9 әрібінде дыбыстық ерекшелік бар екеніне, әрбір сабақта балалардың бұл дыбыстарды дұрыс айтуына қол жеткізуге көңіл бөлу керек. Сипатты дыбыстарды меңгергеннең кейін оларды бекіту мақсатымен көбінесе жұмбақтар, жаңылтпаштар пайдаланылады. Бұл жұмыстарды жүйелі сапалы орындай отырып, мынадай нәтижелерге қол жеткізуге болады:

-  сөздерді дұрыс қолдану мен дыбыстарды ажырату;
-  оларды әңгімелесу барысында қолдана отырып, антонимдерді, синонимдер мен астарлы сөздерді түсіну.

Балабақшада қазақ тілін үйрену - балалар болашағының кепілі.
Қазақ тілі — ғажап тіл. Оның болашағы да ғажап.
Тек оны насихаттай білуіміз керек, оқыта білуіміз керек!


Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)