Х дыбысы мен әрпі

Шет ауданы, Мұхтар негізгі мектебінің
Мектепалды даярлық сыныбының
жетекшісі Сетерхан Меруерт

Сынып: Мектепалды даярлық

Пәні: Сауат ашу дыбысы мен әрпін таныстыру

Сабақтың мақсаттары:

Білімдік: Х дыбысы мен әрпін таныстыру. Сөз, сөйлем жайында түсініктерін бекіту. Сөзге дыбыстық талдау жасату. Х әрпі қатысқан сөзді оқу дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық: Ойын арқылы ойлауын қабілетін дамыту. Сөздік қорын байыту.

Тәрбиелік:  Әділеттілікке тәрбиелеу

Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақ түрі: Сайыс

Оқытудың формасы: даралап оқыту

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, ойын.

Көрнекілік: суреттер, плакат

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі:

а)  Сәлемдесу.

ә)  Психологиялық дайындық:

Айналаға алақанмен
Жылулықты шашайық
Сәттілікті біз тілеп,
Сабағымызды бастайық.

Балалар, біздің сабағымызды бақылау үшін бүгін қонаққа «Саяхатшы Дара» келіпті. Біздің орындаған тапсырмаларымыз Дараның көңілінен шықса, бізге смайликтер береді. Смайликтерді әр баланың аты жызылған тұсқа жабыстырамыз.

2. Өткенді қайталау:

Өткен сабағымызды еске түсіру үшін Ю дыбысына байланысты берілген бағандағы сөздерді оқимыз және дұрыс оқыған оқушыға Дара смайликтер береді.

Аю, ою, ұю, баю жаю, қию, қою.

3. Жаңа сабақ:

Мұғалім: Сәлем алып алыстан
Туысынан таныстан,
Келетұғын хат, хабар
Қай әріптен басталар?  (Х)

Осындағы хат, хабар сөздері қай дыбыстан басталып айтылып тұр.

4. Көрнекілікті қолдану:

а)  Х  әрпімен таныстыру.

а)  Х әрпін тақтада емлеге сай жазып көрсету

ә)  ауада жаздыру көрсету.

5. Дәптермен жұмыс:

Дәптерімізді ашамыз,
Қолға қалам аламыз,
Көлбеу қойып дәптерді,
Әдемілеп жазамыз.

6. Тақтамен жұмыс: (Оқушыларға смайликтер беру.)

Хамит шахмат ойнады.        (Дильназ)

Нұрхат емханаға барды.      (Әлижан)

Райхан жақсы хабар айтты. (Кәусар)

Түсінік беру: Жоғарыдағы айтылған ойдың сөйлем екенін дәлелдету.

Тапсырма:

1. Сөйлемнің құрамында неше сөз бр?

2. Қай сөздің құрамында Х әрпі бар?

3. Сөздерге дыбыстық талдау жаса?

7. Сергіту сәті:

Жел соғады, соғады.
Құстар жерге қонады,
Көбелекте қонады
Дір-дір етіп тоңады.
Жел кенеттен тынады,
Құстар самғап ұшады.

8. Көрнекілікті қолдану: Плакаттағы сөздерді оқыту.

хан                   ха лат                       Халел

хор                  са я хат                     Хамит

9. Ойын:   Әр түрлі түсті асықты таңдап алып, түстес қағаздағы сөзді оқыту және буынға бөлу.

ха лық, хат шы, хан ша

10. Сабақты қорытындылау:

- Балалар, бүгін барлыңғың да сабаққа жақсы қатыстыңдар

- Оқушылардың жинаған смайликтерін жекелеп есепке алу.

11. Үйге тапсырма: Оқулықта  -беттегі бағандағы сөздерді оқу.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сайттан іздеу

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)