Еңбек - бәрін жеңбек

Салтанмуратова Эльмира Хамитовна
№ 42 ЖББМ өзін-өзі тану сабағының мұғалімі

                             

Тақырып: Еңбек - бәрін жеңбек

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: Еңбекқорлық, табандылық

Сабақтың мақсаты: «Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:
-  Еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру;
-  Еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту;
-  Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

(оқулық, дәптер, слайд, үнтаспа, бейнетаспа)

Сабақ барысы:

   1. Ұйымдастыру кезеңi.

Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте- бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға,таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге,тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір- түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын »Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет!

Қандай сезімде болдыңыздар? Ойларыңызбен бөлісіңіздер

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Б.Әділовтың «Еңбексіз өмір-сүрсеңіз» әңгімесін талдау.

   - Қара пышақ қандай адамға ұқсайды?
   - Сары пышақтың қандай ісі сендерге ұнады?
   - «Еңбексіз өмір-сүреңсіз» дегенді қалай түсінесіңдер?

Сабақ барысын талдау:

3.Әңгiмелеу

Арыстанның өз күшіне сенгендігі туралы...

Бір күні Арыстан қалың бұтақтың арасында жата-жата әбден зерігіп кетті. «Қой, орманаралапқайтайын. Басқааңдар не істепжатырекен?» деген оймен Арыстан жолға шықты. Арыстанға алдымен Аю жолықты. Ол өзеннің жағасында жайбарақат қармақпен балық аулап отыр екен.
– Әй, Аю! Сен не істеп отырсың? – депгүжететүстіАрыстан.

– Ә? Балықаулапотырмын. Үйдегіқонжықтарымжесіндеп...– Әкелберіқармағыңды, мағанбер. Мен аулаймын, – дедіАрыстан.

– Ой, Арыстан, о не дегеніңіз. Әринеберемін, мінекейқармақ, алыңыз!Әшейінде көзге салмақты, байсалды көрінетін Аюдың қорбаңдап орнынан ұшып түрегеліп, жүгіре басып, қармақты әкеліп бергеніне таңырқаған Арыстан:

– Аю, сен осы менің айтқанымды қалайша тез орындай қойдың, ә? – деді.

– Ой, Арыстан-еке, ормандағы ең үлкен, ең әлді аң сен емессің бе. Мен қармағымды бермесем, сен бәрібір әлімжеттік жасап, тартып аласың ғой.

– Солай ма? Оны біліп жүргенің дұрыс екен, – деп Арыстан маңғаздана түсті.

Арыстанға Аюдың айтқан сөздері ұнап кетті. Бұл енді өзінің мықтылығын тағы бір сынап көрмек болады. Қармақты тастай салып, Арыстан жолдың үстімен жортып келе жатқан Қасқырдың алдынан шыға келді.

– Әй, Қасқыр, қайда жортып барасың?Тосыннан шыққан Арыстанның зор дауысынан қорқып кеткен Қасқыр, аузындағы олжасын түсіріп алды.

– Астағфирулла! Сіз екенсіз ғой, Арыстанаға! Сәлембердік.

– Әй, сәлеміңді қоя тұр! Қайда бара жатырсың деймін мен саған? – деп Арыстан дауысын күшейте түсті.

– Арыстан аға, үйге бара жатырмын, үйге...

Арыстанның көзі Қасқырдың аузынан түсіп кеткен олжаға түсті. Сеп-семіз бөдене екен.

– Анау семіз бөденені кімге апара жатырсың?

– Бөлтірігіме апара жатыр едім. Жарайды, Сіздің қанжығаңызға байладым, Сіз жеңіз, Арыстан аға! – деп құрақ ұшты Қасқыр.Қасқырдың өзінен қорқып тұрғанын көріп, Арыстан бұрынғыдан бетер асқақтады. Қасқырды көзіне ілместен, тұрған жерінде бөденені жеп алды. Сөйтті де оласықпайаяңдап, ағаштың көлеңкесіне келіп жайғасты. Тап осы кезде оның көзіне бұлаңдап бара жатқанТүлкіт үсті.

– Әй, Түлкі, бері кел!

– Ой, Арыстан ағатай, амансыз ба? – деп, Түлкі Арыстанның жанына жетіп келді.

– Шөлдеп жатырмын. Маған су жеткіз! – деп бұйырды Арыстан.

– Ә-ә-ә, ағатайым шөлдеген екен ғой. Суды қазір әп-сәтте жеткіземін. Қазір салқын су алып келейін, қазір, қазір...

– Әй, Түлкі, естуімше, сен әрдайым айлаңды асырып жүреді екенсің. Байқа, маған ондай қулығың жүре қоймас, – деді. Арыстанның мінезіне қанық сұңғыла Түлкі алды-артына қарамастан, көлге қарай жорғалай жөнелді. Арыстан болса өзінің осынша айбындылығына масаттанып, көзін бір ашып, бір жұмып жатты. «Қарап отырсам, ормандағы аңдардың бәріменен қорқады екен. Әмір берсем болғаны, сұрағаным алдымнан шығады екен.» Сөйтіп жатып алдынан жыбырлап өтіп бара жатқан Кірпіні көреді. «Мына тікенекке қандай әмір берсем екен? Бірақ Аю, Қасқыр, Түлкілердің жанында Кірпі дегенкім, тәйірі! Қойшы соны, Кірпіге сөз шығындап қайтемін» деп бір ойлады Арыстан. Бірақ, ол ойынан тез айнып, Түлкі су жеткізгенше ермек болсын деген Арыстан:

– Әй Тікенек, маған алма әкел! – деп бұйырды.

– Арыстан ағай, біріншіден менің Кірпі деген атым бар. Екіншіден, маған әмір беретін сіз кім едіңіз? деп, - шіңкілдей жөнелді Кірпі.

– Білмейтін бе едің? Осы орманның ең айбынды, ең күштісі мен боламын. Мен – орман патшасымын! – деп гүрілдеді Арыстан.

– Арыстан ағай, мен өзімнен үлкендерді әрдайым сыйлап жүремін. Бірақ маған өктем сөйлегендерді ұнатпаймын. Алманы әдеппен сұрасаңыз да әкеліп беремін ғой.

– Әй, мына титтей тікенек не дейді? Әбден ызасы келген Арыстан алдында тұрған кішкентай Кірпіні бас салды да, сол мезетте өкіріп жата кетті. Кірпі Арыстан ұмтылаб ергенде, жиырылып, тікенегін сыртына шығарып, домаланып қалған екен. Башпайларын Кірпінің тікенегіне жаралап алған алаңғасар Арыстан ыңырсып, өзімен-өзі әлекке түсті. Ал Кірпі болса, бойын жазып, Арыстанға қарап былай деді:

– Арыстан ағай, денем зорекендеп, өктемдікжүргізбекшісізбе? Мен кішкентайболсам да, өзімді өзім қорғайтын қауқарым бар. Үлкен деп сыйлағанды қорықты деп ойламау керек. Үнемі күш жеңе бермейді. Осы сәтте жаралы башпайын жалап отырған Арыстан кіп-кішкентай Кірпіден жеңілгеніне қорланып, жер бауырлап жата кетті.

   - Өздерің еңбектің қандай түрімен айналысқанды ұнатасыңдар?

 

 4. Дәйексөз.

Еңбегің қатты болса,
Татқаның тәтті болар.

Мақал

•  Бұл мақалды қалай түсінесіңдер?
•  Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

 5. Шығармашылық жұмыс   

Еңбек-бақыт бастауы тақырыбында шығарма жазу

 

6. Топпен ән айту.

«Балдәурен» әні

 

 7. Үй тапсырмасы.

Аңыз «Жақсылардың жақсысы» оқып келу

 

8. Соңғы тыныштық сәтi.

Ыңғайланып отырыңыздар, көздеріңізді жұмыңыздар.

Бүгінгі сабақта не үйренгендеріңізді іштеріңізден қайталаңыздар.

«Мен  сабырлымын, ұстамдымын. Мен үйде де, аулада да, мектепте де өзімді сабырлы ұстаймын, еш нәрсеге ренжімеймін. Маған сабырлы, ұстамды болған өте ұнайды» деп қайталаңыздар. Әуен дауысы бәсеңдегеннен кейін көздеріңізді ашуларыңызға болады. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)