Споралы өсімдіктер (тест)

Утешова Гулдана Алимжановна
Саттар Ерубаев атындағы № 24 мектеп-лицей

ЖОҒАРЫ САТЫЛЫ СПОРАЛАР
Тест  1-нұсқа

1. Мүктердің спорасы бар қауашағы дегеніміз бұл —:
а - дербес өсімдік
ә - спорофит
б - ілкіөскін
в - гаметофит

2. Сфагнумнің көкек зығырынан айырмашылығы:
а - жапырақтары болмайды
ә - споражайы болмайды
б - сабағы болмайды
в - түтікшетамырлары болмайды

3. Қырықбуындар мен жылысқы өсетін топырақтар:
а - сілтілі және ғаныштауды қажет етеді
ә - қышқыл және әктеуді қажет етеді
б - бейтарап
в - әр түрлі

4. Жоғары сатылы өсімдіктердің зиготасынан не дамиды?
а - гаметангиялары бар жынысты ұрпақ
ә - споражайы бар жыныссыз ұрпақ
б - споралар
в- жыныс жасушалары.

5. Далалық қырықбуынның үлпектенген бүйір бұтақшалары қалай орналасқан?
а - кезектесіп
ә - қарама-қарсы
б - топтанып
в - жертағандап   

6. Споралы өсімдіктердің ұрықтануы - көмегімен өтеді:
а - желдің
ә - жәндіктердің
б - судың  
в - барлық жауаптар дұрыс

7. Шымтезек түзуге қатысады:
а - көкек зығыры
ә - сфагнум
б - далалық қырықбуын
в - қыналар

8. Қырықбуынның споралы өркендері көріне бастайды:
а - көктемде
ә - жазда
б - күзде
в - көктемдеде, жазда да

9. Көрсетілген қай белгілер бойынша мүктер жоғары сатыдағы өсімдіктерге жатады?
а - түкшетамырлары болғандықтан
ә - хлорофилі болғандықтан
б - мүшелері, ұлпа болғандықтан
в - құрлықта мекендейтіндіктен  

10. Сфагнум өлі жасушалардың арқасында:
а - фотосинтездейді
ә - қоректік заттарды өткізеді
б - су сіңіреді
в - өсімді көбейеді

ЖОҒАРЫ САТЫЛЫ СПОРАЛАР
Тест 2- нұсқа

1. Ұрықтанудан соң көкек зығырында не дамиды?
а - спора
ә - спорасы бар қауашақ
б - жасыл жіпше
в - жапырақсабақты өсімдік

2. Сфагнум өлі жасушалардың арқасында:
а - фотосинтездейді
ә - қоректік заттарды өткізеді
б - су сіңіреді
в - өсімді көбейеді

3. Мүктің қауашағы неден өсіп шығады?
а - споралардан
ә - зиготадан
б- қолтық бүршіктен
в- өсу конусынан

4. Көрсетілген қай белгілер бойынша мүктер жоғары сатыдағы  өсімдіктерге жатады?
а - түкшетамырлары болғандықтан
ә - хлорофилі болғандықтан
б - мүшелері, ұлпа болғандықтан
в - құрлықта мекендейтіндіктен    

5. Сфагнумның аталық жыныс жасушалары қайда піседі?
а - өскіншеде
ә - қауашақта
б - аталық жыныс мүшеде
в - аналық жыныс мүшеде

6. Шымтезек түзуге қатысады:
а - көкек зығыры
ә - сфагнум
б - далалық қырықбуын
в - қыналар

7. Көкек зығыры:
а - бірүйлі немесе екіүйлі өсімдік
ө - біржылдық екіүйлі
б - екі үйлі
в - көпжылдық ек іүйлі

8. Мыналарда гаметофиттің сатысы басым болады:
а - ашықтұқымдыларда
ә - қырыққұлақтарда
б - қырықбуындарда
в - мүктерде

9.  Жылысқының сабағы:
а - тік түрады, тармақталмайды
ә - өрмелегіш, тармақталмаған
б - жармасқан
в - тік көтерілетін айыр атпа бұтақтары бар жатаған
 
10. Жоғары сатылы өсімдіктердің зиготасынан не дамиды?
а - гаметангиялары бар жынысты ұрпақ
ә - споражайы бар жыныссыз ұрпақ
б - споралар
в - жыныс жасушалары

ЖОҒАРЫ САТЫЛЫ СПОРАЛАР
Тест  жауаптары

1 - нұсқа

1. ә
2. в
3. ә
4. ә
5. б
6. б
7. ә
8. а
9.б
10.б

 

2-нұсқа

1. ә
2. б
3. ә
4. б
5.а
6. ә
7. б
8. в
9. в
10. ә


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сайттан іздеу

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)