Мазмұндама. Балапан мен мысық

Сабақтың тақырыбы:

Мазмұндама

Балапан мен мысық

Мұғалімнің аты-жөні: Қарамырзаева Қ

Күні:14.03.2017

Пәні: әдебиеттік оқу

СЫНЫП: 2 «Ә»

Қатысқан оқушылар саны: 13

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабаққа негізделген оқу мақсаты, міндеті (мақсаттары)

Оқушыларды дайын мәтін бойынша тілдік объектілерді сақтай отырып мазмұндама жазуға үйрету.
Міндеттері:

1. Жазбаша байланыстырып сөйлеуін және жазба тілінің қалай қалыптасқанын тексеру. Өз ойларын жүйелі, мазмұнды етіп жеткізе білуге дағдыландыру.

2. Ойлау қабілеттерін, зейінін, есте сақтауын дамыту. Сөздік қорларын, тіл байлығын арттыру, сауаттылыққа баулу.

3. Табиғатқа, құстарға қамқор болуға, қайырымдылыққа тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады.

Мәтінді түсініп, жауап жаза алады

Оқушылардың біразы мынаны орындай алады мағананы таниды.

Тілдік мақсат:

 

Ресурстар:

Оқулық, суреттер, жұлдызшалар, стикер

Пәнаралық байланыс:

Қазақ тілі, дүниетану

Сабақтың жоспары

Сабақ барысы жоспарланған уақыт:

 

Ұйымдастыру кезеңі, психологиялық ахуалды қалыптастыру

Психологиялық дайындық 

Үлкендерді тыңдаймыз
Кішілерді сыйлаймыз.
Жүректің жылуын
Бір–бірімізге сыйлаймыз

Үй тапсырмасын сұрау:

 

Жаңа сабақ:

 

 

Жазба жұмысына дайындық жұмыстарын жүргізу
1. Суретпен жұмыс. Берілген сурет бойынша көктем мезгілі жайлы әңгіме жүргізу.
- Бұл қай жыл мезгілі? Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Құстар қалай, қайдан ұшып келеді?
- Жыл құстары деп қандай құстарды айтамыз?
- Отырықшы құстар деген ше?
- Көктемде ең алғаш қандай құс ұшып келеді?
- Мынау қандай құс? (қараторғай) т. б. сұрақтар арқылы әңгімелесу.
Бүгінгі жазба жұмысымыз осы қараторғай туралы болады. Қараторғайды сипаттау.
2. Мазмұндаманы екі рет мәнерлеп оқу, мазмұнын талдау.
Балапан мен мысық
Наурыз айы келді. Балалар қараторғайға ұя жасады. Асан да құстарға ұя дайындады. Бір күні ұяда үш балапан пайда болды. Шешелері тамақ әкелуге кеткенде аш балапандардың біреуі жерге құлап түсті. Оны көріп ала мысық балапанға жақындай түсті. Қараторғайлар балапанын айнала шырылдай ұшып, Асаннан көмек сұрағандай болды. Ол қолына шыбық ала салып мысықты біраз жерге дейін қуып тастады. Жерде жатқан балапанды апарып ұясына салды. Қараторғайлар шат - шадыман болып әсем әуенге басты.
3. Мәтін мазмұнын 2 - 3 оқушыға айтқызу. Сөздік жұмысын жүргізу.
4. Сұрақтар қою, әңгімедегі негізгі ойды тапқызу.
- Көктемнің қай айы туды? Балалар не жасады?
- Кім құстарға ұя дайындады?
- Ұяда неше балапан пайда болды? Аш балапан қайтті?
- Не балапанға жақындай түсті?
- Қараторғайлар қайтті? Олар кімнен көмек сұрағандай болды?
- Асан не істеді?
5. Мәтінге жоспар құру
Жоспар:
1. Ұя жасау
2. Балапанға төнген қауіп
3. Араша түскен Асан
Тіректі сөздер мен сөз тіркестерін жазу: аш балапан, шыбық, шат - шадыман, әсем әуенге

  Сергіту сәті

Көңілді күн

Сабақты бекіту:

Сұрақ жауап

Үйге тапсырма

 

Шығармашылыққа,

бағытталған тапсырмалар:

 «Жалғасын тап» ойыны
1. Бірлік болмай,   ....    ....  .
2. Ырыс алды -   ....   .
3. ....   .... , ине ілікпейді.

Бағалау

«Басбармақ» әдісі арқылы оқушылардың бүгінгі сабақты қаншалықты меңгергенін білу. Сабаққа белсене қатысып отырған оқушыларды мақтап мадақтау

Кері байланыс

Кері байланыс парақшаларын таратамын

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен іс-әрекеттерінде не тиімді болды?

 

 

Сабақтың мақсаты мен іс-әрекеттерінде не тиімсіз болды?

 

 

Келесі сабаққа қандай өзгерістер енгізген болар едіңіз?

 

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)