Өлең, жыр, ақындар

“XXI ғасырдың жас физигі”


“XXI-ғасырдың жас физигі”атты сайыс.

 

Мақсаты: Ойынды өткізу арқылы оқушыларға  молекула-кинетикалық  теориясының формулаларын және тақырыптарын қаншалықты деңгейде менгерді  соны анықтау жане есте сақтау.

 

Тәрбиелік мақсаты: Молекула-кинетикалық теориясын түсіну оны күнделікті өмірде қолдануға және оның есептерін шығартуға үйрету.

 

I-тур. “Бәйге”.

II- тур. “Тіл-өнер”.

III- тур. “Жеті керемет”.

IV- тур. “Жоспар”.

V- тур. “Логикалық ойын есептері”.

VI- тур. “Физикалық лото”.

 

I-тур.              “Бәйге”

1)Үдеудің өлшем бірлігі?

2)Вольтметр тізбегі қалай жасалған?

3)Денеге әсер ететін күш масса мен үдеу көбейтіндісіне тең. Бұл қандай заң?

4)Термодинамикалық парометрлер қандай?

5)Белгілі бір уақыт ішінде жылдамдықтың өзгеруін көрсететін шама?

6)Атмосфералық қысымды қандай аспаппен өлшейді?

7)Термометр нені өлшейтін құрал?

8)1 килоджоульда неше Джоуль бар?

9)Энергияның, газдың немесе сұйықтың ағын арқылы тасмалдануы?

10)Судың тағыздығы?

11)Денені құрайтын бөлшектің қозғалысы?

12)Температураның өлшем бірлігі?

13)Ньютон  ұлы туындысын салыстырмалық теориясы немесе басқа теория жоққа шығарады деп ешкім ойламасын. Ньютонның айқын әрі ауқымды идеялары қазіргі заманғы физикалық түсініктердің іргетасы болуын мәнгілік сақтайды деп кім айтқан? Осы ғалымның аты жөнін айт.

14)Бірінші ғарыштық жылдамдық?

15)Ғарышты игеру үшін заңдарды пайдалану идеясые XX ғасырдың басында орыс ғалымы кім ұсынды?

16)Қуатты зымыран техникасын жамаған әйгілі ғалым-конструктор?

 

ІІ тур  Тіл - өнер.

 

1)  Өзі затты құрайды,

     Теңесуге таразыны сұрайды.    (масса)

2) Тіршіліктің қолы үшін

     Жоқшылықты түзейді.

     Егер іскер жан үшін

    Жоқшылықты тежейді.   (жұмыс)

3) Жоғалмайды ешқашан

    Түсіндірсең егерде

    Басқа күйге ауысады

   Жұмыс істейді әрқашан.    (энергия)

4) Қозғалысқа келтіріп

    Жылдамдығын береді.

    Өлшемдерін қарасаң

    Ньютонға келеді.   (күш)

5) Түнеріп келіп

    Бұлт егіп кетеді.  (жаңбыр)

6) Жүрісі бар, түрі жоқ,

    Үні бар, тірі жоқ.

    Ұстатпайтын қашаған

    Жермен бірге жасаған.  (жел)

7) Аспандағы алып доп,

    Жарқырайды жарық боп. (күн)

8) Үстінде шөлдің

    Шалқыған көлгін. (сағым)

 

III- тур.   “Жеті керемет”

 

1)1876 жылы Париж көшелерінде жаңа ток көздері пайда болды. Аппақ орамдарға енгізілген ток көздері ашық түсті жарық береді. Осы жарқты неге «орыстың күні» немесе «орыстың жарығы»  деп атады?

2)Орыс өнертапқышы, ең бірінші электр қыздырғыш шамын кім ойлап тапты?

3)Эбонит таяқшаны қолмен ұстап тұрып-ақ үйкеу арқылы электрлеуге болады, ал металл таяқшасы олай электрлеуге болмады, неге?

4)Сұйық отын түрлерін таситын автоцистернаны  машиналардың корпусына темір шынжырлары орнатылады, олардың  ұшы жерге  тиіп жүреді. Осының себебі неде?

5) «Мен енді білмеймін, атомның қандай екенін» осы сөздерді айтқан кім?

 

IV- тур.     “Кім жылдам”

 

1)Бес әріптен тұратын ғалымды табу керек;  бірінші әріп электрод атауының бірінші әріпі?

Екінші әріпі кедергінің өлшем бірлігінің екінші әріпі? Үшіншісі ток күшін өлшем бірлігінің төртінші әріпі? Бесінші кернеудің өлшеуге арналған прибордың соңғы әріпі?

 

Қорытынды: женімпазды анықтап, марапаттау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз