Өлең, жыр, ақындар

Астың асқазанда қорытылуы

Қысқа мерзімді жоспар

  Пән: биология

  Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

  Күні: 28.02.2017ж

  Сынып:  8 «А,Ә»

  Мектеп: «№121  ЖОМ»

  Мұғалімнің аты-жөні:  Г. Мырзалиева

  Қатысқандар саны:

  Қатыспағандар саны:

  Сабақ тақырыбы

Астың асқазанда қорытылуы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

 Астың асқазанда қорытылуы туралы түсіндіру, меңгерту, өмірмен ұштастыру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Ауыз қуысында ас қандай өзгерістерге ұшырайтынын  біледі.

Көптеген оқушылар:

Астың толық қорытылуы қай мүшеде аяқталатынын талдай алады.

Кейбір оқушылар:

Астың толық қорытылуы қай мүшеде аяқталатынын талдай алады.

Жетістік критерийлері

Асқазанның адам өміріндегі маңызын біледі, күнделікті өмірмен ұштастырады.

 Астың асқазанда қорытылуы туралы мәлімет алады, бүрлер қандай мүшелерде болады және олар қандай қызмет атқаратынын  біледі.

Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология: асқазан сөлі, пепсин, химозин, тұз қышқылы, гастрин…..

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Асқазанның құрылысы мен асқазанда қандай процестер жүретіндігінің биологиялық маңызын талқылау.

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік ел» Оқушылар асқазанның  құрылысын  зерттеп, адам өміріндегі маңызын біледі

Пәнаралық байланыстар

География,  математика

АКТ қолдану дағдылары

Астың асқазанда қорытылуы туралы бейне ролик көрсету, интернеттен мәлімет алу.

Бастапқы білім

Астың ауыз қуысында қорытылуы жайлы түсінігі қалыптасқан, мәліметтер айта алады

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

 

Оқушылармен сәлемдесу. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді «Раушан», «Қызғалдақ», «Жауқазын» (2 мин)

1.Үй тапсырмасын пысықтау «Миға шабуыл»  Тестпен жұмыс
1. Әрбір жақ сүйектерінде қанша тіс бар:
А) 16
Ә) 18
Б) 12

2. Адамға тәулігіне қанша нәруыз қажет?
А) 100гр.
Ә) 200гр.
Б) 300гр.

3. Тілдің ұшы нені сезеді:
А) ащыны
Ә) тәттіні
Б) қышқылды

4. Бауырдан бөлінетін сөл:
А) өт
Ә) сілекей
Б) фермент

5. Дәм сезу рецепторлары қайда орналасқан?
А) жұмсақ таңдайда
Ә) ұрттың сілемейлі қабығында
Б) тілде

6. Асқорыту жолында асқазаннан  кейін  орналасады?
А) ашішек
Ә) тоқішек
Б) ұлтабар

7. Дентин өте тығыз ұлпадан түзілген:
А) сүйек ұлпасынан
Ә) жүйке ұлпасынан
Б) борпылдақ ұлпадан

8.Ересек адамда тұрақты тістер саны:
А)  22-26
Ә) 28 - 32
Б) 34 - 36

(8 мин)

Әрбір дұрыс сұраққа 1 ұпай

Үй тапсырмасы бойынша өздерін тексеріп шығады

Сабақтың ортасы

 

Жаңа сабақ  (10 мин)

Жаңа тақырып «Ой қозғау» Балалар ас қорыту мүшелерінің бірі - асқазан туралы не айтуға болады? Сипаттама беріп көрейік!

Астың асқазанда қорытылуы туралы не айтуға болады?

Асқазанға түскен ас қанша сағатқа дейін болады деп ойлайсыңдар?

Астың асқазанда қорытылуы жайлы  электронды оқулықтан  мағлұмат алады.

Сабақ мақсатын тұжырымдау үшін сұрақтар қойылады. «Бүгінгі сабақта қандай мақсатпен жұмыс жасайсыңдар?», «Бүгін біз не үйренуіміз керек?», «Нені орындай алуымыз керек?» мұғаліммен бірлесіп сабақ мақсатын тұжырымдау.

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты - астың асқазанда қорытылуы туралы түсіндіру, меңгерту, өмірмен ұштастыру.

Олай болса, ас қорыту мүшелерінің бірі – асқазан туралы еске түсірейік.

ІІ.Жаңа сабақты түсіндіру

Ас қорыту мүшелеріне – ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, аш ішек, тоқ ішек, тік ішек, бауыр, ұйқы безі жатады.

Ауыз қуысының құрылысы: шықшыт безі, сілекей безі, алқымдағы сілекей безі, жұмсақ және қатты таңдай, тілшік, тіл, ұрт, ерін, тіс

Қызметі: қоректік затты ұсақтап, бактерияларға залалсыздандырады. Ауыз қуысы тәулігіне 1 литр сөл бөледі

Ауыз қуысына түскен тағам шайналып ұсақталып, сілекеймен шыланады. Сілекей тағамның бөлшектерін жібітіп, оңай жұтылатын түйіртектерге айналдырады. Сілекейдің құрамындағы ферменттен сілтілі ортада көмірсуларға әсер етіп, тағам химиялық өзгерістерге ұшырайды. Ауыз қуысындағы тағам тіл мен жұтқыншақтың бұлшықеттерінің жиырылуы арқылы жұтылады. Тамақ жұтылған соң алдымен жұтқыншаққа одан өңеш арқылы асқазанға өтеді.

2- тапсырма: Топпен жұмыс жасаймыз

1-топ: Ауыз қуысында астың өзгеруі

2-топ: Күрделі рефлекстік сөл бөліну

3-топ: Нейрогуморальдық сөл бөліну

1.Түйінді идея – 5 ұпай

2.Тақырыптың ашылуы – 5 ұпай

3. Тақырыпқа мысал келтіру  -  5 ұпай

12-13 ұпайдан жоғары «5» баға

8-11 ұпай      «4» баға

4-7  ұпай   «3» баға

3- тен кіші ұпай   «2» баға

3 – тапсырма: Кім жылдам? «Раушан» тобына (5 – минут)

«Құпия сан» кестесі сегіз сұрақтан тұрады.

1.Ауыз қуысындағы сілекей тәулігіне қанша бөлінеді? (1 литр)
2.Аш ішектің ұзындығы (5-6 метр)
3.Асқазан сөлі тәулігіне қанша бөлінеді? (2-2,5 л)
4.Сілекей бездері  (3 жұп)
5.Асқазанның сыйымдылығы (1,5-2 л)
6.Адамда тістер пішіні мен атқаратын қызметіне қарай бөлінеді  (4 топ)
7.Жұтқыншақтың ұзындығы (11-13 см)
8.Асқазанда ас болады (4-11 сағат)

Осы құпия сан кестесін тапқанда Н.Ә.Назарбаевтың «Дені сау бала әр отбасының қуанышы, бақыты, ал денсаулығы мықты бала халықтың болашағы» деген сөзі шығады.

Сөзжұмбақ шешу. «Қызғалдақ» тобына    

1. Сөл бөлінуін зерттеген ғалым? (Павлов)
2. Ас қорыту жолын зерттеуде қолданылады? (эндоскопия)
3. Сілекей бездірінің ең ірісі (шықшыт)
4. Адам ағзасындағы ең үлкен без (бауыр)
5. Асқазанда сүтті ірітеді (химозин)
6. Сілекей ыдырататын фермент (крахмал)
7. Тістің көп бөлігін құрайтын зат (дентин)

Мақал-мәтелдер  «Жауқазын» тобына

      1. Ас адамның ............(арқауы)
      2. Ас атасы – нан, ............(нан атасы – дән)
      3. Адам адамға қонақ  ....... (жан –денеге қонақ)
      4. Алтын-күміс тас екен, .... (арпа – бидай ас екен)
      5. Ағайын тату болса ат көп, ........(абысын тату болса ас көп)
      6. Тұзсыз ас –............. (доссыз өмір)
      7. Ағы бардың ........... (бағы бар)

4-тапсырма:  Бекіту сұрағы  (5 - минут)

1.   Ас қорыту мүшесі қай қуыста орналасқан?
2.   Сілекей безі қай жерде орналасқан?
3.   Өт қабының орналасқан жері?
4.   Бауыр не бөледі?
5.   Қорытылғын ас қай жерде сіңіріледі?
6.   Нәруыз қай жерде ыдырай бастайды?
7.   Май ненің әсерінен ыдыратады?
8.   Ұйқы безі тәулігіне қанша ?
9.   Қарынның сиымдылығы қанша?
10. Тістер пішініне қарай неше топқа бөлінеді?

 

Оқушылар асқорыту мүшесі - асқазан туралы өз ойларын айтады

 

Электронды оқулық,

 

оқулық, тақта, бор, плакат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыптың негізгі ерекшеліктерін кластер арқылы түсіндіреді

Тапсырмаларды орындайды

 

 

 

 

 

 

 

 

«Құпия сан» кестесін орындайды

 

 

 

 

 

Биологиялық сөзжұмбақ шешеді

Мақал-мәтелдердің жалғасын табады 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

Үйге тапсырма: Астың асқазанда қорытылуы

 «Тамақты шын көңілмен, сүйсініп ішудің маңызы» тақырыбында эссе жазу

(2 мин)

 Кері байланыс (2 мин)

1) Мен мынаны білдім..........................

2) Маған қызық болғаны......................

3) Мен мына нәрсені білгім келеді ....................

Балықтар туралы мәліметтер жинақтау

Оқушы бағасын күнделіктеріне түсіру

Бағалау: Жоғарыда көрсетілген критерийлер арқылы бағалау. (5 мин)

Бағаларын күнделіктеріне қойғызып, үй тапсырмасын алады

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
 

  А. Нақты мысалдар арқылы дәлелдей алады.

  В. Астың толық қорытылуы қай мүшеде аяқталатынын талдай алады.

  С. Ауыз қуысында ас қандай өзгерістерге        ұшырайтынын  біледі.

Тапсырмаларға  критерий

1. Әрбір дұрыс жауапқа  1 ұпай

2. Мағынасын толық түсіндіргенге 2 ұпай

   

 

Денсаулықты сақтау мақсатында кем дегенде төрт рет тамақтануға кеңес беру.

  Сабақ бойынша рефлексия

  Сабақ мақсаттары/оқумақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?

  Жеткізбесе, неліктен?

  Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

  Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

  Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

 

 

 

 

   Жалпы баға

   Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

   1:

   2:

   Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

   1:

   2:

   Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлуқажет?

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз