Өлең, жыр, ақындар

Үндінің сұлу сазды рагасы

Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Құмсай ауылы
Құмсай негізі мектебі
Жалғасова Ақниет Сағинбайқызы

Сыныбы: 5

Пәні: музыка

Сабақтың тақырыбы: Үндінің сұлу сазды рагасы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың үндінің сұлу сазды рагасы туралы білім мен білік  дағдыларын жетілдіру;

Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, жылдамдыққа, тез ойлауға тәрбиелеу;

Дамытушылық: Оқыған материалды қорытындылай, саралай алуға үйрету. Өз ойын ашық жеткізе білу дағдысын дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі кеспелер, білім пирамидасы, сөзжұмбақ, ребус, слайд,

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық «Махараджа» ертегісі

Үнді елінде Махараджа өзіне министр таңдайды. Ол былай деп жарлық салады. Кімде-кім қала қабырғасына дейін толы сүті бар құмыраны төбесіне қойып, төкпей толық әкелу керек дейді. Көптеген адам жүріп өтеді, бірақ жолда әр нәрсеге қарап, сүтті төгіп алады. Ал енді біреуі төкпей әкеледі. Жан-жақтағылар оған айқайлап қорқытып, әр нәрсеге алдандырады. Сонда да ол төкпей әкеледі. Сол кезде Махараджа:  мен саған айқайлап, қорқытқандарды көрдім сен қалай төкпей әкелдің деп сұрайды? Жоқ мен тек сүтке қарадым, бар назарымды сүтке аудардым,-дейді әлгі адам. Ендеше барлығымыз бар ойымызды тек қана сабағымызға назар аударайық.

2. Топқа бөлу (Нота тобы. Скрипка тобы)

ІІ. «Білім пирамдасын»  тұрғызу (балалар біз бүгін «Білім пирамидасын» тұрғызамыз, яғни құрылысшы рөлінде боламыз. Пирамиданы тұрғызбас бұрын алдымен құрылыс орнын тазалап алайық. Тазалық-денсаулық кепілі дегендей )

Құрылыс орнын тазалау. (Тақтаның бір бөлігін құрылыс алаңы деп алып, оған шашылып жатқан қоқыс ретінде түрлі-түсті қима қағаздар жапсырылады. Әр қағаздың астында сұрақтар жазылған. Сұрақтарға жауап беру арқылы құрылыс орнын тазалап алады.)  7 минут

•    Үндінің би өнері қалай пайда болған?
•    Бхаратнатьям қандай би?
•    Катхакали қандай би?
•    Катхак қандай би?
•    Манипури  қандай би?
•    Үндіде қол мен  саусақтың  қимылдарын қалай атайды?
•    Дене қимылы қалай аталады?
•    Көз бен қас биі деген не?

2. Іргетасын тұрғызу (жаңа тақырыпты ашу) РАГА сөзіне сөзжұмбақ.
1. Үнді актерінің Айшвария - РАЙ
2. «Келін» фильмінің басты кейіпкері – Ананди
3. «Зита мен......» флильмі – Гита
4. Анандидің өз есімі – Авика. Осы есімдердің басты әріптерін қосып жасырынған сөзді тап.
5. Жасырынған сөздердің бас әріптерін сөзжұмбақтың басқы әрпі етіп шешіп көр. Жауабы – РАГА. Бұл біздің сабағымыздың тақырыбы.

3. Бірінші қабатты тұрғызу. (мұнда жаңа сабақ түсіндіріледі.) (7 минут)

Джигсо әдісі бойынша жаңа тақырыпты өздері оқып, фишбоунға салып қорғайды.

Раганы тыңдату.

4. Екінші қабатты тұрғызу. Музыкалық сауаттылық. (Алдыңғы сабақта үйренген «Көзімнің қарасы» әнін үйренуді жалғастыру)

5. Сергіту сәтін жасаймыз (5 минут)

6. Ең жоғарғы қабатты тұрғызу. Жұптық жұмыс (5 минут)

Кім көп біледі деп аталады? Мұнда до, ре, ми, фа, си, до нотасын қоса отырып сөз құрау.  (сиыр, такси, сипау, төре, ребус, резенке, т.с.с. )

7.  Ребус. Мына ребусты шешсеңіздер тақырыпқа байланысты сөйлемді оқуға болады.

IІІ.  Үйге тапсырма.

Тақырыпты оқу. «Үндінің рагасы» Мәнжазба жазу.

ІV. Кері байланыс.

Бүгін сабақ қызықты әрі түсінікті болды.

Әлі де түсінбеген сұрақтарым бар.

Сабақ қиын болды, ештене түсінбедім.

V.  Оқушылар білімін бағалау. Бағалау парағы

Оқушылардың аты-жөні

Өзін-өзі бағалау

Көршісінің бағасы

Мұғалімнің бағасы

Қорытынды баға

 

 

 

 

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз