Білім беру жүйесіндегі оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақтастықтың ролі

Еліміздің ертеңгі тірегі болатын бүгінгі мектеп окушыларымен, ата-аналарымен қатар өмірді танып білуге, өсіп, жан-жақты дамытып, білім шыңына жетелейтін мұғалім арасындағы ынтымақтастықтың тиімді, нәтижелі болуы әрбір мұғалімді, ата-ананы толғандырар мәселе.

Педагогика ғылымында ынтымақтастық ұғымы оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың формасы ретінде қарастырылады. Жаңашыл педагогтар ынтымақтастықты педагогикалық үрдістегі оқу мен тәрбиенің маңызды категориясы ретінде қарастырылады. Олар ынтымақтастық, гуманизм, сыйластық‚ түсіну, адамгершілік, сенім, шыдам, қолдау, қарым-қатынас, мұғалімнің қол ұшын беруі, ұжымда жұмыс жасау, серіктестік баланы оқыту және тәрбиелеу кезеңіндегі аса кажетті қасиеттер деп санайды. Оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақтастыққа тамаша нәтижелерге жеткізеді.

Өмір жолында мектеп табылдырығын аттап, білім жолының алғаш қадамын басқан бала ең бірініші алдынан мұғалімді кезектіреді. Бұл мұғалімнің қандай болары әр ата-ананы да ойландырары анық. Өйткені баланың мектеп, оқу, білім жайындағы Білім нәрімен сусындандыру кезінде мұғалім өзінің көздеген мақсаттарына жету үшін оқушылар мен түсінікте болып, мейрімді қарым-қатынас құра білуі тиіс. Оқушы жанын түсініп, көмек көрсеткен жағдайдағана оқушы жанында өзін-өзі бағалау сезімі туындайды. Мұғаліммен оқушы ғасырлар бойына қосарлана келе жатқан ажыратылмас ұғым. Бірлескен жұмыста мұғалім баланың өз-өзіне сенімділігіне‚ көзқарасына шыпайта алуына, сабаққа деген ынтасынып жандануына, білім жолындағы жетістіктерге жету ұмтылысына, өз мүмкіндіктерін тани отырып, оны жүзеге асыруға қол жеткізеді.

Мұғалім мен оқушының бірлескен жұмысында нәтижелі жетістіктерге жетудегі мұғалім бойындағы бірнеше қасиеттерді атап көрсеткім келіп тұр.

1. Баланың жан дүниесін түсіну.                     
В.А.Сухомлинскийдің «Тандаулы педагогикалық шығармалар» атты еңбегінде «Баланың рухани өміріне тереңдей қарай алмаған адам нағыз тәрбиелеуші бола алмайды» деген. Шынында да, әр бала қоршаған ортасын тани бастағаннан, оның отбасындағы, қатарластары арасындағы қарым-қатынастан оның жандүниесінде өзіндік бір қасиеттер қалыптасады. Қазақ халқымыз да ертеден қанатты сөздердің көмегімен баланың рухани дүниесіне, адамгершілік сезіміне, ерекше көңіл бөлген. Мұғалімнің әрдайым жақсы сөздермен баланы қуантуы, көңілін көтеруі, сезімін оятуы оның іске деген белсенділігін арттырады.

2. Оқушының қызығушылығын, қандай да бір іске икемділігін, бейімділігін бақылау.
Бұл орайда мен В.А.Сухомлинскийдің «Баланың ақыл-ой дамуын, қызығушылығын, қабілетін, бейімін білмей оны тәрбиелеуге болмайды» деген сөзіне сүйенемін. Оқушының бейімділігіне сай бағытын таңдауына мумкіндік берілсе, оқушының ойлау, өз дегенін қорғай білу, өз ойын жеткізе білу қабілеттілігі қалыптасып дамиды. Мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық арқылы оқушының еркін сөйлеу дағдысы қалыптасады.                                                                                                                                                                          

3. Оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақтастықтың негізі әрине қарым-қатынасы. Әр мұғалім жеке тұлға ретінде оқушылармен жұмысын көздеген мақсатына жету үшін өзінің жеке қасиеттеріне, біліміне және жинақтаган тәжірибесіне сай ұйымдастырады. Мұғалімнің оқушылар мен қарым-қатынасының ең басты құралы сөз болып табылады. Сөз мәнерін шебер ұйымдастыруы арқылы мұғалім балалар сеніміне ие болады.  Оқушының жасырып жүрген сырын немесе жан дүниесіндегі пікірін бөлісе білгенде, мұқият тыңдап, кеңес бере отырып, баланың жүрегіне жол таба алады. Оқушы мен мұғалім арасындағы ашық әңгіме өзара түсіністікке әкеледі. Баланың көңілін таба білу оның сенімін туғызады. Мұғалім баланың жас ерекшелігін, мінез-құлқын ішкі сезімін ескере отырып, балалар мен олардың өз тілінде сөйлесуі керек.

4. Оқушыларға қиыншылық туындаған кезде көмек көрсете отырып,  олармен сырлас, дос болу керек. Оқушы оқуда да, достары арасындағы қиыншылықтарға кезігеді. Осы жағдайда оқушы үшін мұғалім көмегінің маңызы зор.

5. Баланың жетістігі үшін қолдау жасау, мадақтау. Оқушының белгілі бір жасаған жетістіктері үшін оны сыныптастары алдында мадақтаса, оны басқаларға үлгі тұтса, оқушы бойында өз күшіне сену сезімі туады.

М.Жұмабаевтың «Баланы өзі күшіне сендіріп үйрету керек» дегеніндей, баланың болашағына сенім артып, өз күшіне сендіру онын келесі басар қадамдарын батылырақ басуына түрткі болар еді. Баланың сабаққа деген құлшынысын, ой-пікірлерін, ұсыныстарын қолдау арқылы жүзеге асыруға болады.

6. Ұстаз мәдениеті. Мұғалім оқушы алдында өзін-өзі ұстауға, ашуын оқушыдан алмауға, сөйлеу мәнері мен ұғымдарды түсінікті етіп жеткізуге, оқушы құқығьна қол сұқпауға міндетті. Мұғалім неғұрлым оқушы алдында өзінің беделін көрсете білсе, ол жайында оқушы санасында жақсы пікір қалыптасады.

Аталмыш қасиеттерді өзінің кәсіби өмірінде қолдана білген мұғалімнің өз шәкірттерінің биік шьңдардан көрініп, еліміздің беделді азаматтары болуына зор ықпалы тиері анық. Оқушылармен ынтымақтаса жұмыс жасау барысында, мұғалім мұнымен қатар бала тәрбиесінде орны бар мүшелермен де бірлесе жұмыс жасауы тиіс.

Біріншіден баласының болашағы үшін отқа да, суғада түсер ата-аналарымен бірлесе отырып, жұмыс жасау. Әрбір ата-ана өз баласы үшін қымбат адам. Баласының басты тәрбиешісі болғандықтан да ата-ана баласыньң мінез-құлқын, оның қабілеттерін, қызығушылықтарын білуге міндетті. Сондықтан да тәрбие үрдісінде мұғалім оқушы ата-анасымен серіктес болуы тиіс. Мұғалім мен ата-ана арасындағы бірлесіп жұмыс жасау жеке тұлғанын дамуындағы ең маңызды қадам больп табылады. Жазушы С.Л.Соловейчик баланың тәрбиесінде ересектердін үлгі болуы, мұғалімдер және ата-аналар ынтымақтасуы маңызды рөл атқарады деген пікірде.

Екіншіден, өзіне қатысты сыныпта оқу-тәбие жұмысын пен мұгалімдері, ата-ана, басқа да тәрбие үрдісінде ыкпалы бар тұлғалармен біріге жұмыс жасай отырып, сынып ұжымын ұйымдастыратын сынып жетекшісімен бірлесе жұмыс жасау.

Мектеп психологы мен әлеуметтік педагог оқушылармен іштей сырын бөлісе отырып, оларды сырттай бақылай отырып, олардың қызығушылықтарын зерттей отырып, анықтайтын мамандар болғандықтан да, мұғалімдердін бұл мамандармен кеңесуі олардынң жұмыстарын едәуір жеңілдетеді.

Оқушылармен, ата-аналармен, мұғалімдермен ынтымақтаса жұмыс жасауда мұғапім алдына қойған мақсаттарын ойдағыдай іске асырып, өзінің кәсіби жұмысының жемісіне жете біледі. Қазақ халқының тұңғыш педагогы Ы.Алтынсарин «Мен үшін - мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі», деген мектеп беделін көтеріп, шәкірттерін болашағымыздың азаматы етіп тәрбиелейтін, өмір жолында өз бағытын тандауға жол көрсететін - мұғалім. Сондықтан да бүгінгі таңда мұғалімнің кәсіби шеберлігінің мәні зор.

О.Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Жумагалиева Алмагул Жумагалиқызы


Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)