Эссе және өлең-жыр байқауы

Масштабтар. Өлшемдер салу

Маңғыстау облысы
Жаңаөзен мұнай және газ колледжінің
Инженерлік графика пәні оқытушысы
Биманова Марфуға Есбосыновна

 

Жалпы тақырып: Масштабтар. Өлшемдер салу                                                 

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Студенттерге мөлшеріне жəне орындалатын пішіміне байланысты сызылатын сызбаны үлкейтіп немесе кішірейтіп сызу жолдары және сызбада берілген нəрсені сызбасына қарап жасау керектігі туралы түсінік беру.

2. Тәрбиелік: Студенттердің ғылыми дүниетанымын, тұлғаның адамгершілік қасиетін қалыптастыру.

3. Дамытушылық: Студенттердің ой өрісін дамыта отырып сауатты сыза білуге, саналы да сапалы шешім қабылдауға, мамандыққа деген көзқарастарын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Тәжірибелік сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру (ауызша және слайд арқылы), бейне материалдар көрсету, арнайы AutoCAD автоматты өлшемдер салу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, AutoCAD бағдарламасы, дәрістер және жинақ сызбалармен бөлшек сызбасын орындауға арналған альбомдар, тапсырмалар сызбасы.

Пәнаралық байланыс: «Металдар технологиясы және конструкциялық материалдар», «Техникалық өлшеу және стандарттау негізі», «Техникалық механика негізі».

Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру кезеңі: (2 мин.)

Студенттердің құрал – жабдықтарын, сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: (11 мин.)

Өткен тақырыпты пысықтау үшін сұрақтар

1. Пішім дегеніміз не? Пішім қай елдің тілінен алынған, қазақша баламасы.
2. Пішімдердің өлшемдері қандай?
А1;А2;А3; А4.
3.Сызба сызықтары нешеге бөлінеді? Нешеуі тұтас?
4. Неше тұтас емес?

IІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру (45 мин.)

Масштабтар

Мөлшеріне жəне орындалатын пішіміне байланысты сызылатын сызбаны үлкейтіп немесе кішірейтіп сызуға болады. Ол үшін стандарттардағы сызбаларды орындаудың жалпы ережелері тобының екінші түрі «Масштабтарды» қолданамыз.

Нəрсенің сызбада сызылған өлшемі мен оның нақты қолданыстағы өлшеміне қатынасын масштаб дейді. Масштабтар стандарттардың белгіленуіне жəне қолданылуына байланысты үлкейтілген, кішірейтілген жəне нақты болып үшке бөлінеді. Сызбада масштаб сөзі жазылмайды, оның орнына масштаб сөзінің бас əрпі  М ғана жазылады.

Мемлекеттік стандарт бойынша белгіленген масштаб түрлері:

- кішірейту масштабы:

М. 1:2; 1:2,5; 1:4; 1:5; 1:10; 1:15; 1:20; 1:25; 1:40; 1:50; 1:75; 1:100; 1:200;

1:400; 1:500; 1:800; 1:1000;

- үлкейту масштабтары:

М. 2:1; 2,5:1; 4:1; 5:1; 10:1; 20:1; 40:1; 50:1; 100:1;

- нақты масштаб: М 1:1 қолданылады.

Бұл масштабтар барлық өндірістер мен құрылыс сызбаларын дайындағанда міндетті түрде қолданылады. Кей жағдайларда ірі өндірістерді жобалау кезінде мынандай масштабтар қолдануға болады: М 1:2000; 1:5000; 1:10000; 1:25000; 1:50000.

Айтып кететін бір жайт, егер сызба пішімде бірдей масштабпен сызылған болса, онда масштаб белгісі негізгі жазу ішіндегі масштаб графасына жазылады.

Ал, егер сызба пішімде əртүрлі масштабпен сызылған болса, онда масштаб белгісі əр сызбаның үстіне масштабын жазып қояды.

Егер сызбада əртүрлі масштабтар болса, онда өзінің өлшемін миллиметр арқылы көрсетіп қояды. Кейде құрылыс сызбаларын орындағанда метрмен белгілеуге рұқсат етіледі.

Сызба өлшемдерді түсіру

Сызбада берілген нəрсені сызбасына қарап жасау үшін арнайы өлшемдері болу қажет. Ал, өлшемдерді дұрыс қоюға арналған оларды түсіру ережелері мемлекеттік стандартта белгіленген.

Сызбада берілген сызбаның өлшемдерін қою үшін, алдымен сызбаның контурына шығару сызықтарын сызамыз. Шығару сызығы нұсқамадан стандарт бойынша 1-5 мм шығып тұруы керек, дегенмен бұл ұзындық 2-3 мм болғаны дұрыс. Осы шығару сызықтарына перпендикуляр болатын өлшем сызығын сызамыз. Нəрсенің күрделілігіне байланысты өлшем сызықтырының бір немесе бірнеше параллель сызықтары болады. Стандарт бойынша өлшем сызықтарының аралары 6-10 мм болуға тиіс (6-сурет). Алайда бірінші өлшем сызығын контурдан 10 мм, ал келесі өлшем сызықтарын осы сызықтан 8 мм арақашықтықта сызған дұрыс.

Өлшем сызықтарының шетін нұсқамамен шектеп қояды. Нұсқама міндетті түрде сызғышт ың көмегімен ұзындығы (6-10) s мм болатын сызықпен сызылады (7-сурет). Кей жағдайларда нұсқа ма сызықтары өлшем сызықт арына сыймай қалса, онда өл шем сандары шығару сызығының сыртына сызылады. Айта кету керек, құрылыс сызбаларында өлшем сызықтарының шеттерін оңнан солға қарай 45ْ болатын ұзындығы  2-4 мм болатын  көлбеу сызықпен шектеп қояды (8-сурет). Өлшем сызығының үстіне биіктігі 3,5-5 мм болатын өлшем санын сызып қояды.

Нұсқама міндетті түрде сызғышт ың көмегімен ұзындығы (6-10) s мм болатын сызықпен сызылады (7-сурет). Кей жағдайларда нұсқа ма сызықтары өлшем сызықт арына сыймай қалса, онда өлшем сандары шығару сызығының сыртына сызылады. Айта кету керек, құрылыс сызбаларында өлшем сызықтарының шеттерін оңнан солға қарай 45ْ болатын ұзындығы

 2-4 мм  болатын  көлбеу сызықпен шектеп қояды (8-сурет). Өлшем сызығының үстіне биіктігі    3,5-5 мм болатын өлшем санын сызып қояды. Өлшем сандары миллиметр (мм) бірлігімен көрсетіледі, миллиметр сөзі мен белгісі сызбада жазылмайды. Бірақ сəулет-құрылыс сызбаларындағы ғимараттың қасбеті мен тілігінде биіктіктерін жəне жоспарда (планда) бөлмелердің аудандарын метрмен белгілеп, шартты белгілерін жазбайды. Биіктік өлшемдерін қою үшін, оңнан солға жəне солдан оңға қарай 45ْْ болатын, ұзындығы 2-4 мм көлбеу сызықтармен шектеп, үстіне метр белгісінен кейін міндетті түрде үш сан жазылады (8-сурет). Бұл өлшем саны мен өлшем сызығының арасы 1 мм шамасында болады.

Егер бір ғана өлшем сызығы болса, онда өлшем саны өлшем сызығының ортасына сызылады (6-сурет). Ал егер бірнеше өлшем сызықтары болса, онда өлшем саны шахмат тəріздес болып сызылады. Бұл жағдайда кіші өлшем саны бірінші контур сызығына жақын орналасады. Осыдан кейін одан үлкен өлшем сызығы, сөйтіп жалғасып кете береді. Айта кету керек, контурлық шығару, осьтік жəне центрлік (орталықтық) сызықтарын өлшем сызығы ретінде қолданып, өлшем санын сызуға болмайды.

Сызбада бұрыштық өлшемдер градуспен, минутпен жəне секундпен белгіленеді.  Бірақ бұл өлшемдер сызбада жазылмайды. Бұрыштың өлшемін өлшем санымен өлшем сызығының ортасына төбесіне шеңбер доғасы арқылы көрсетіп қояды. Шығару сызықтарын ось бойымен тарамдап жүргізеді.

Сызбада шеңбердің радиусын латынның бас əрпі R-мен белгілеп, қасына өлшем саны жазылады (9-сурет). Радиустың белгісі мен саны бірдей биіктікте сызылуы тиіс. Сызбада радиус өлшем сызығы шеңбердің ортасынан (центрінен) басталады, бұл сызық шеңбер доғасына дейін созылып, бір нұсқама сызығымен аяқталады.

Шеңбердің диаметрі өлшем санының алдына v таңбасын қою арқылы көрсетіледі (10-сурет). Сызбада диаметрдің өлшем сызығын шеңбердің

 

ортасынан (центрінен) өтіп, екі шетіне дейін созылатын, екі нұсқама сызығымен аяқталатын өлшем сызығымен белгілеп қояды. Айта кету керек, диаметр белгісіндегі қиғаш сызықша биіктігі өлшем санының биіктігіне тең болуы тиіс.

11-суретте шеңбердің радиусы мен диаметрінің көрсетілу мысалдары қарастырылған.

 

Сызбада квадрат жəне квадратты мəтіндер өлшемінің шамасын көрсету үшін, өлшем санының алдына Ш белгісі қойылады (12-сурет). Егер квадратпен квадратты мəтіндер мəнімен берілген болса, онда квадрат белгісінен басқа квадраттың диагональ сызығымен көрсетіледі (12-сурет). Егер квадрат басқа жағдайда орналасса, онда квадрат белгісі көрсетілмейді, керісінше қабырғаларының өлшемдері көрсетіледі.

Сызбаларда, оның ішінде машина жасау мен құрылыс сызбасында конустық жəне еңістік сызықтар кездесіп отырады (12-сурет).

Егер сызбадағы нəрсенің беті немесе жағы конус тəріздес болып келсе, онда конус осіне параллель жүргізілген шығару сызығына конустылық белгісін z мен сан арқылы жазып қояды. Конустылық конус бетінің үстіңгі жəне төменгі табандарының диаметр айырмасы осы табандардың арақашықтығының қатынасына тең болады. Мына формуламен анықталады:

(k=(D-d)/l).

Егер нəрсенің беті еңістеу болып келсе, онда сызбаның еңістік болып келген жеріне шығару сызығын сызып, осы сызықтың сөресіне еңістеу  белгісін жəне еңістеу сызығының биіктігін еңістеу сызығының ұзындығына бөлгенге тең болатын санды жазып қояды (i=h/l болады) (12-сурет)

ІV. Тәжірибелік жұмыс (18 мин.):

Карточка бойынша өлшемдер салу; АutoCAD, автоматтты проекциялау бағдарламасымен өлшемдерді салу

V. Жаңа тақырыпты бекіту (12 мин.)

1. Масштабтар дегеніміз не?
2. Кішірейтілген масштаб дегеніміз не?
3. Нақты масштаб дегеніміз не?
4. Үлкейтілген масштаб дегеніміз не?
5. Сызба өлшемдерін сызбада қалай түсіреді?
6. Сызба шығару сызықтары дегеніміз не?
7. Сызбада бұрыштық өлшем қалай қойылады?
8. Сызбада шеңбер өлшем қалай қойылады?
9. Сызбада квадрат өлшем қалай қойылады?
10. Сызбада конус қалай қойылады?

Қорытынды.  

VІ. Бағалау. (2 мин.):

VІІ. Үйге тапсырма:

VІІІ.  Әдебиеттер және оқыту құралдары

Негiзгi

1. Боголюбов С.К., Войнов А.В. Черчение. - М.: 1981.
2. Боголюбов С.К. Задания по курсу черчения. - М.: 1983.
3. Боголюбов С.К. Задания по деталированию. - М.: 1973.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз