http://a-brands.kz/

Ана - өмірдің шуағы

Тақырыбы: Ана - өмірдің шуағы.

Мақсаты.

1. Оқушыларға ана туралы ананың өмірде алатын ерекше орны туралы мағлумат беру.

2. Ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілік, ананы құрметтеп сыйлауға тәрбиелеу.

С/әдісі: Әңгімелеу, түсіндіру сұрақ-жауап.

С/көрнекілігі. Интерактивті тақта слайд, гүлдер, шаралар.

С/барысы: Ұйымдастыру.

Мұғалімнің сөзі:

Ана өмірдің қолдаушысы әлемнің.

Шаңырақтың шаттығы мен шуағы.
Сейілмесін жанарына ананың.
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы.
Аялайық аналарды  әрдайым.
Қуанышқа бөлейікші өздерін,
Әжелердің аналардың  қыздардың.
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін.

Ана – барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан,  ананың ақ сүтінен дариды. Ана – ұлы  адам. Ана құдіретті жан, ендеше бүгінгі біздің Ана – өмірдің шуағы атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

1. Жүргізуші:

Аяулы аналар! Арулар

Сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі 8-наурызбен шын журектен құттықтаймын!

2. Жүргізуші:

Алғашғы көктем мерекесі, Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналған қандай тамаша мереке.

1. Жүргізуші:

Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан-ақ бірінші сөзін ана деп атайды. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің.

2. Жүргізіуші:

Адамды дүниеге әкелетін, өмір сыйлайтын құдіретті ана емес пе?

Сол құдіретті иесінің алдында бәріміз де бас июге тиіспіз.         

Ақ сүтінен жаралған,
Ақ сүтінен нәр алған,
Анаға бас иеміз!

1. Жүргізуші:

Бүгінгі күн, жер бетіндегі барлық аналардың қуаныш, шаттық мерекесі Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар. Ана қарызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды. Ана баласының ер жетіп, адам болуын қалайды.

2. Жүргізуші:

Ана баласының қорғаушысы емес, ол бүкіл адамзат атаулының амандығын тілейді.

Хор. Ана туралы жыр.

1 Оқушы:
Құтты болсын аналардың мейрамы!
Жарқыраңдар жаз күніндей жайдары!
Мерекесі бұл көктемнің алғашқы,
Бақыт берсін әр көктемнің айлары!
2 Оқушы:
Ана десем – алғыс алам халқымнан!
Ана десем – теңіз балам шалқыған.
Ана десем – ашылады қабағым,
Ана десем – әділдікті ұғамын.
3 Оқушы:
Сіздер – күнсіз аспанда жарқыраған,
Сіздер – өзен, тау суы сарқыраған.
Сіздер – ана, сіздер – жар, сіздер – қыздар,
Сіздер – жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.
4 Оқушы:
Дүниеде ең кемеңгер дананы,
Ана табады, аялайды бағады.
Сол үшінде құдіретіңе бас иіп,
Құрметтейік қасиетті – ананы.
5 Оқушы:
Көктем келіп, гүлге толы дала бар,
Мерекеңіз құтты болсын аналар.
Сіздерсіздер тіршіліктің тұтқасы,
Жас ұрпаққа ақыл берген даналар.
6 Оқушы:
Анасыздар, кең байтақ даласыздар,
Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Көлеңке жоқ көңілінде, қылау жоқ,
Үлбіреген жауқазын баласыздар.

1 Жүргізуші:

Әйел – ана, әйел – өмір, әйел – тіршілік өзегі.

Өмір бесігінде бала тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлап ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі сөз – өсиет, тұғыры биік.

2 Жүргізуші.

Алтын құрсағынан адамзаттың алабы жаратылған асыл ананың жүрегі, үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды жан.

1 Жүргізуші

Бойыңа бар сұлулық жиылған,
Мүсінің ақ мәрмәрдан құйылғандай.
Жарқ етіп шыға келген ел алдында.
Биші қыздар ғажап еді биің қандай.

Қазақша би. Қыздар тобы.

7 Оқушы:
Қызық болсын әрбір күнің әр күннен,
Еңбектерің жансын ерен қарқынмен.
Құшақтарың гүлге толсын әрдайым,
Құттықтаймыз сегізінші наурызбен.

8 Оқушы:
Қуанышты жүз көреміз әркімнен,
Болашаққа бастайтын жол жарғын кең.
Қызғалдақтай құлпырыңдар бәрің де,
Құттықтаймыз сегізінші наурызбен.

9 Оқушы:
Мерейлі сәт мерекеге ұласып,
Сегізінші наурыз келді қыр асып.
Қыз – келіншекке, нәзік жандар мейрамы,
Көктемнің шапағатын тұр шашын.

10 Оқушы:
Құттықтаймыз аналарды, қыздарды,
Мерекеден шуақты бір із қалды.
Болсын әркез көтеріңкі көңілдер,
Нұрын шашсын мерекеге өңірлер.

11 Оқушы:
Тал бесікке тірлікті ілмектеген,
Мадақтауға ананы тіл жетпеген.
Алатаудың шыңына ту тігеді,
Анасына той жасап құрметтеген.

12 Оқушы:
Ана – өмірдің қуанышы жүрегі,
Бала оның жұбанышы жүрегі.
Ана алдында ел жауы да бас иген.
Олар дәйім тыныштықты тілейді.

2 жүргізуші
Ана деген адамға Атамекен
Әр адам анаменен адам екен
Ән: Анашым. Орындайтын:  Бекжан Мәулен.
Ана. Айгерім (мәнерлеп  оқу.).

13 Оқушы:
Ана дейміз бәрімізде анқылдап,
Ана дейді сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірді.
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
Ана деген – асыл жандар бұлақтай
О, адамдар  қадірлей біл ананы
Жат қылық  ақыл – ойды танытпай.

14 Оқушы:
Ана десем сезім білер тым ыстық,
Жарасымды адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірін
Орнар еді бар әлемге тыныштық.

15 Оқушы:
Ана - деген асыл сөз,
Құрметтей біл, сен оны.
Анадай адам табылмас,
Араласаң әлемді.
Ардақтай біл сен оны,
Баға жетпес адамды.
Қадірлеймін әрқашан,
Ақ жаулықты анамды.

16 Оқушы:
Анам менің – сарқылмайтын бұлағы,
Анам – менің таусылмайтын жыр – әнім.
Анам сенің  күлімдеген бейнеңді,
Түсімде де жиі көріп тұрамын

17 Оқушы:
Құрметтейк, о адамдар аналарды
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі ана деген асыл жан ғой
Ойлауменен істелік әр қадамды.

2 Жүргізуші:                                                                                                                       

Үкілі кәмшат бүрмелі көйлек,
Тұрғандай өзі қимылсыз билеп.
Иықтан шашын төгіліп жерге,
Күмістей шашпау жарасып белге.

Келесі кезек. Аққу  биі.

1. Жүргізуші.

Ана – өмірдің жыры тіпті айта берсең сөз жетпейді. Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді деген екен бір ғұлама.

2 Жүргізуші:

Расында да бар әйел қауымынсыз мына әлемді елестету мүмкін емес. Бүгінгі қоғам өмірінің әйелдер араласпайтын саласы жоқ десе де болады. Бір ғалым, бірі саясаткер, енді бірі дәрігер, кәсіпкер, тізе берсең жалғаса береді. Солардың бірі осы отырған аяулы ұстаздар:

18 Оқушы:
Адамзат қуат алар ақ сүтінен
Мәпелеп әлдилеген пейілің кең .
Аналық махаббатың – кәусар бұлақ
Сөнбейтін ақ жүрегің – мәңгі шырақ.

19 Оқушы:
Өмір иесі сен, ғазиз Ана,
Келтірегн дүниеде нелер дана.
Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,
Өмірдің алтын кілті сонда ғана.

20 Оқушы:
Алтын анам жасымнан аялаған,
Мен үшін игілікті аямаған.
Сабақтан шаршап үйге келгенімде.
Бал сөзі жаным деген сая маған.

21 Оқушы:
Өзіңсің  сүйікті анам, құдіретім,
Жанымды жадыратып күлдіретін.
Сендей маған деген мол мейіріді,
Нұр толы қос жанарың білдіретін.

22 Оқушы:
Өзіңсің өмірдегі асылым да, ардағым
Бір өзіңе ақтарып сыр, жыр арандым.
Анашым айтарым көп тіл жетпейді.
Бір сендей асыл адам таба алмадым.

1 Жүргізуші:
Дүниенің жарық күні – анамыз,
Дана болсақ анамменен данамыз.
Тыңдаңыздар көңіл қойып аналар,
Сіздерге аранп тағы бір ән саламыз.

Ән: Ақ мамам. орындайтын Бекжан.

1 Жүргізуші:

Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын куш, тіршіліктің қайнар бұлағы. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады.             

2 Жүргізуші:

Ана адамзат мекен еткен жер шарының әр түп жерінде, әр үйде мейірім, мерейдің достықтың пен туысқандықтың туын тіккен адам.

Көрініс: Ата мен бала.

Ассалаумағалейкум ата.

Уагалйкмассалам балам.

Кел отыр балам.

Балам өзің бір тәуір – ақ бал екенсің.

Мен саған бірнеше сұрақ тастайын.

Ата: Балам үйдегі алтын қазық кім?

Бала: Үйдегі алтын қазық бала.

Ата: Жоқ балам. Үйдегі алтын қазық ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі – қызға үлгі. Ананы сыйламағанның ақылы кем, ананың мейірімі көзінде, ақылы сөзінде.

Ата: Жоқты бар ашты тоқ ететін кім?

Бала:Жоқты бар, ашты тоқ ететін мейірімді әке.

Ата: Жоқ балам! Әке қанша мейрімді болса да ананың жөні бөлек.

Жоқты бар ашты тоқ ететін ол Ана. Анасыз бала ұйықтамайды.қатықсыз айран ұйымайды. Үйдің бақ берекесін келтіретін ол ана.

Сондықтан балам анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаңда ананың қарызын өтей алмайсың. Жұмақ – ананың аяғының астында осыны есіңнен шығарма балам!

23 Оқушы:
Бар ана туған елдің гүлі дер ем,
Анажан қайғың болса күңіренем.
Таусылмас тау суындай ақылың бар,
Сен барда менің әр – бір күнім өлең.

24 Оқушы:
Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөлеп талай түн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтің.
Кең құшағың – аясындай гүл бақтың.
Мен өзіңмен қайда болсам біргемін,
Махаббатың жүрегімде жүр менің.
Күн нұрындай – жадырай бір күлгенің.
Қандай  жақсы  ортамызда  жүргенің.

25 Оқушы:
Ана – өмір, қолдаушысы әлемнің,
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы.
Сейілмесін жанарынан ананың,
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы.

26 Оқушы:
Аялайық аналарды әрдайым
Қуанышқа бөлейікші өздерін
Әжелердің аналардың қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздері

27 Оқушы:
Жылылықтан жаралған,
Құшағы оның таң ба екен?
Менің айдай анамнан.
Асқан сұлу бар ма екен?

28 Оқушы:
Жердегі бар тағамнан
Ана сүті нәрлі екен
Бұл жалғанда анамнан
Сүйкті адам бар ма екен.

29 Оқушы:
Жер бетінің ғұмыры
Күн нұрымен арайлы
Біздің үйдің жылуы
Анамыздан тарайды.

1 Жүргізуші:
Аналардың анасы
Бабалрдың панасы
Әжелерді сүйеміз
Әдеппен бас иеміз

Ән: Асыл әже:

Мололог: Ана.

1 Жүргізуші:

Ана есімін ауызға алмайтын адам баласы жоққа тән.

Бұл есімді жер шарындағы күллі адамзатқа тиесілі. Жердің өзіне де жер – Ана деп теңеу айтып жүрген жоқ па?

Ана халықына ғұлама атаулының бәрі де жүректерінен жарып шыққан асыл сөздерін қалдыруы сондықтан.

Ендігі кезек.

Нақыл сөздер мен мақал – мәтелдер:

Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ.

Оның алдында адамды нәрсе жоқ. Оның алдында адамдыынтымақтырушы өзге дүниелер әлсіз келеді.

                                                                    В.Г.Белинский

 

Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны, сондықтан да ол сәби үшін ең жылы ұя.   В. Тюго.

 

Әлемдегі өзгермейтін үш – ақ зат бар, ол ананың ақ сүті, күннің нұры, сәбидің күлкісі.     М. Горьский.

 

1. Ананың сүті – бал,
    Баланың тілі – бал.

2. Жәннаттың кілті-ананың табанының астында.

3. Ана алақанның аясы,
    Ақ шатырдың саясы.

4. Анасыз  өмір – сөнген  көмір.

5. Баланың  білегі  ауырса,
   Ананың  жүрегі  ауырады.

6. Ана  сүтін  ақтамағанды,  ешкім  мақтамайды.

7. Аналы  баланың  өзі  тоқ,
    Анасыз  баланың  көзі  тоқ.

8. Ана – барлық  көркемдіктің үлгісі.

9. Ағайын – алтау.
    Ана – біреу.

10. Ана  алдында – құрмет,
      Ата  алдында – қызымет.

11. Анаңа  ауыр  сөз  айтпа,
      Атаңа  ауыр  жүк  артпа.

12. Күннің  шуағы – жылы,
      Ананың  құшағы – жылы.

2 Жүргізуші:
Күй барма ана үшін тартылмаған,
Ән бар ма ана үшін айтылмаған.
Ешқашан ананы аңсат тұла бойы,
Балалық тәті сезім сырламаған.
Жарқылы көңілімнің, пейілімін,
Ол ананың ақ сүті – мейірімінің.

Кеңес күйі:

1 Жүргізуші: Ойын Жылы сөздер

Ойын шарты: Аналар қолдарына әріптер таңдайды. Таңдаған әріптерден басталатын жылы сөздер айтады.

(А, Б, Қ, К, Ж, Е, Т, С).

2 Жүргізуші: Ойын Аялы алақан.

Ойын шарты: аналардың көзін байлап, оқушылардың ішінен өз балаларын тапқызу. (Аналарды сөйлету)

2 Жүргізуші:
Сен жалықпай жетектен,
Мен жаттыға жетермін.
Айтқаныңды екі етпей,
Ақ сүтіңді ақтармын.
 
Келесі: Лезгин биі.

2 Жүргізуші:
Ана – сенен қуат алдым нәр алдым,
Ана – сенен күлімдеген ән алдым.
Ана – сен деп соққан жүрекпен
Осы кеште тек сендерге арнадық.

1. Жүргізуші:

Аналар қалқап бағыт аралында лайым мұң қонбасын жанарыңа осымен сабағымызды аяқтаймыз.

Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа дей отырып бүгінгі Ана – өмірдің шуағы атты тәрбие сағатымыз аяқталды.

Хор: Ардықты аналар мерекелеріңіз құтты болсын!               

1. Жүргізуші.
Анам менің  - аялаған ақ гүлім.
Анам  менің –бақытым мен шаттығым,
Анашым – деп балаң жыр арнаған
Неге ғана естімеген тәтті үнін – деп ортаға бір ана шақырамын.
2. Жүргізуші
Анам менің  - өмірдегі тірегім
Анам менің – кеудемдегі жүрегім.
Егер менің қасымда сенболмасаң,
Бұл өмірде қалай ғана жүремін – ортаға әжемді шақырамын.
1. Жүргізуші.
Адамзат қуат алар ақ сүтінен,
Мәпелеп әлдилеген пейілің кең.
Аналық махаббатың кәусар бұлақ.
Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ –деп ортаға құттықтау сөз кезегі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)