Сөз таптары. Зат есімді қайталау.

Сынып: 4

Пән: Қазақ тілі

Тақырыбы: Сөз таптары. Зат есімді қайталау.

Мақсаты: Сөз таптарын еске түсіре отырып, зат есімді қайталау. Зат есімнің жалғауларын пысықтауға арналған жаттығуларды орындау, алған білімдерін іске асыру, іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру, жұппен, топпен жұмыс барысында белсенділік, тапқырлық танытуға баулу.

Сабақ түрі: қайталау сабағы

Сабақтың әдісі: жеке-жұппен-топпен, кластер,талдау

Көрнекілігі: кеспе сөздер, қалташалар, Б.Момышұлы портреті, мәңгілік алау(кластер)

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Талаптанып,

Қанаттанып,

Өмір сырын ұғамыз.

Білім алып,

Тұлғаланып,

Азамат боп шығамыз.

  Оқушылар екі алманың түсін, қызыл және жасыл,таңдау бойынша топқа бөлінеді.

 

2. Үй жұмысын тексеру.

29 жаттығу. Берілген күрделі сөздерге сөйлем құрау.

Топтардан оқушылар сөйлемдерін оқиды, күрделі сөздің түрін анықтайды.

Жауаптары бойынша топтарды жұлдызшамен бағалау.

 

3. Қайталау сабағы.

Сөз таптарын атайық: зат есім, сын есім, сан есім, етістік, есімдік, үстеу, шылау, одағай.

30 жаттығу. Жеке-жұппен-топпен жұмыс.

Жеке- топтардағы әр оқушы «Таутеке» мәтінін оқиды.

Жұппен-қасындағы оқушымен мәтіннің мазмұнын ашады, білетін басқа да қосымша мәліметтерімен бөліседі.

Топпен-берілген кеспе сөздерден мәтін құрамындағы сөйлемді құрау, тапсырмасын орындау. Тапсырма: құраған сөйлемдегі сөздерді сөз табына талда. Бұл жерде оқулықты жауып қою ұсынылады.

1 топ. Таутеке таудың биік жартасты жерлерін мекендейді.

2 топ. Ол 30 метр биіктен емін-еркін секіріп түседі.

   Топтар тапсырманы орындаған соң жұлдызшамен бағаланады.

 

33 жаттығу. Өлең жолдарындағы жоғалған жалғауларды орнына қой.

1 топ. Күн... сүйген күріш...,               2 топ.  Тау мүлгі.. жаңғырған,

Күллі жұртқа ырыс....                                      Қорыққандай жаңбыр...

Алсын деп ел мол өнім,                                   Аспан... жүр қара бұлт,

Ала жаз... су іштім.                                          Жер...  моншақ тамдырған.

Тапсырма: жіктік жалғаулы                      Тапсырма: септік жалғаулы

зат есімді тап.                                               зат есімді тап.

Топтардың жауабы бағаланады.

 

Мәтінмен жұмыс.

-Балалар алдыда қандай мереке келе жатыр?

9 мамыр- Жеңіс күні.

-Ұлы Отан соғысына қатысқан қандай батырларды білесіңдер?

Ендеше сондай батырларымыздың шығармасынан берілген үзіндіні оқиық. Оқушыларға кезекпен оқыту, мәнін ашу.

-Бұл сөздердің авторы кім?

Бауыржан Момышұлы.

Тақтаға батырдың суреті ілінеді.

-Бауыржан Момышұлы кім?

Оқушылар жауабынан мәңгілік алау бейнесінде кластер құрастырады.

Топтарға тапсырма:

1 топ. Мәтіннен септік жалғаулы зат есімдерді тап.

2 топ. Мәтіннен жіктік жалғаулы зат есімдерді тап.

Топтарды құрастырған кластер мен орындаған тапсырмаларына қарай бағалау.

 

4. Сабақты қорытындылау.

Зат есімнің жалғаулары

Көптік         Септік       Жіктік     Тәуелдік 

 

Топтар берілген жалғаулы зат есімді сөздерді сәйкес қалташаға салады.

Топтардың жауабы бағаланады.

 

Рефлексия. «Бағдаршам»

Оқушылар сабақты қаншалықты меңгергендігін смайликтерін сәйкес түске жабыстыру арқылы көрсетеді.

      Жасыл-толық меңгердім; сары- орташа; қызыл- мүлдем түсінбедім.

 

5. Үйге тапсырма: 32 жаттығу. 186 бет.

6. Бағалау. Алдымен топтарды алған жұлдызшаларын санау арқылы бағалау, топтың әр мүшесін сабақтағы белсенділігін, көрсеткен білімін бағалау.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)